Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 15.11.2018

Алгебра 10 сынып дайын үй жұмыстары А.Әбілқасымова

 

Алгебра 10 - сынып

Авторлары:  А.Е. Әбілқасымова, З.А. Жұмағұлова, К.Д. Шойынбеков, В.Е. Корчевский

(Жаратылыстану -математика бағыты)

       

Құрметті оқушылар!

Қолдарыңа алып отырған оқулық алдыңғы сыныптардан таныс алгебра курсының жалғасы және математикалық анализ элементтерін оқып – үйренудің бастамасы болып табылады. Мектеп бағдарламасына алгебра және анализ бастамалары пәні элементар және жоғарғы математика арасындағы сабақтастықты сақтау мақсатында енгізілген.

Оқулықта функция туралы ұғым, оның қасиеттері, түрлері, берілу тәсілдері, графиктері кеңінен қарастырылған. Қарапайым түрлендірулерді қолданып функцияның графиктерін, оның ішінде тригонометриялық функциялардың графиктерін салуды үйренесіңдер.

Тригонометрия формулаларымен, кері тригонометриялық функциялар ұғымымен және олардың графиктерімен танысып, тригонометриялық теңдеулер мен олардың жүйелердің және тригонометриялық теңсіздіктерді шешу дағдысын меңгересіңдер.

Сонымен қатар, функцияның нүктедегі шегін, функцияның нүктедегі және кесіндідегі үзіліссіздігін, оның қасиеттерін, функцияның туындысы ұғымын меңгеріп, туындыны функцияларды зерттеуде қолдануды үйренесіңдер; ықтималдар теоремасы элементтері бойынша білімдеріңді комбинаторика элементтері мен Ньютон биномын қарастырумен толықтырасыңдар.

Осы жаңа тақырыптарды игеру барысында туындайтын қиындықтарды шешуге дайын үй жұмыстары (ДҮЖ) оқу құралы көмекке келеді. Онда есептердің қалай шешу керектігі және мысалдар мен формулалар көрсетіледі. Сондықтан жаңа оқу жылынынан еш қорықпай, жаңа тақырыптарды қызыға меңгеріңдер!

 

Жалғасы күн сайын шығарылып отырады ...