Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 7.12.2016
Главная » 2016 » Апрель » 19 » А дыбысы және әрпі
20:44
А дыбысы және әрпі

Сабақтың тақырыбы: А дыбысы және әрпі. 
Сабақтың мақсаты:
1. Балаларға өткен сабақты еске түсіре отырып, А дыбысымен таныстыру.
2. Дидактикалық материалдар арқылы балалардың есте сақтау, ойлау, сөйлеу дағдыларын дамыту.
3. Балаларға "А" дыбысы бар сөз сөйлем, ойлап табуына назар аудара отырып, сөздік қорларын байыту, байланыстыра сөйлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: А дыбысының баспа түрі, ребустар, текшелер. 
Сабақтың түрі: 
Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, көрнекілік, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:
Психологиялық сәт:
Күндей жадырап,айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап
Судай мөлдір таза көңілмен,
Бүгінгі күнімізді бастаймыз.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
-Балалар, казір жылдың қай мезгілі?
- Қай ай?
- Аптаның қай күні?
-Балалар, біз сауат ашу сабағында өткен сабақтарда не туралы өттік еске түсіріп көрейікші.
-Сөз дегеніміз не?
-Сөйлем дегеніміз не?
- Дыбыс дегеніміз не?
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Дауысты, дауыссыз дыбыстарды қандай текшелермен белгілейміз?
- Ал әріп дегеніміз не?
- Әріп дегеніміз дыбыстарды таңбалау.
- Әріпті көреміз, жазамыз, оқи аламыз.
Жұмбақ.
Менің үшін жақсы адам
Артық көрем басқадан
Апа,ата сөздері 
Қайсы әріптен бастаған? (А)
— "А" дыбысы дауысты дыбыс па, дауыссыз дыбыс па?
— Неліктен дауысты?
— Ал осы алма сөзін қандай текшелермен жазуға болады?
"А" дыбысының баспа және жазба түрін көрсетіп таныстыру. "А дыбысын ауада жазып көрсету.
Қане, балалар, бәріміз бірігіп "А" дыбысын ауада жазып көрейікші "Сөз ойла,тез ойла" ойынын ойнату.
— "А" дыбысынан келетін сөздерді маған кім жылдам, көбірек тауып айтады. Алма, ағаш, адам, ай, ақку. Өте жақсы, балалар. Осы тапқан сөздерінді буынға бөліп айтып көрейікші.
Шапалақ арқылы буынға бөлгізу.
Сергіту жаттығуын жасату.
Орманда жоғары 
Ағашқа қонады
Орнымыздан тұрайық
Шеңбер жасап алайық
Иілеміз оңға бір
Иілеміз солға бір
Алға қарай бір қадам,
Артқа қарай бір қадам
Жоғары төмен қарайық
Орнымызды табайық.
Шаршадың ба отыра ғой демінді ал 
Енді менің әңгімеме құлақ сал.
— Ал, балалар, қазір дәптерлеріңді алып, үлгіге қарап сызықтарді қосып "А" әрпінің баспа түрін жазамыз.
Балалар түгел жазып болған соң, "А" дыбысын есте сақтау үшін, осы дыбыстан басталатын нәрселердің суреттерін көрсетіп, қай дыбыстап басталатынын өздеріне айтқызу.
 
Балаларға ребусты шешкізіп, онда шыққан сөздерді буынға бөлгізу. 
Қорытынды бөлім.
— Балалар, біз бүгін қандай дыбыспен таныстық?
— "А" дыбысы қандай дыбыс екен?
— Осы "А" дыбысына байланысты тез-тез сөздер ойлап айтып жіберейік.
Балаларды мадақтап мақтай отырып, сабақты аяқтау.

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы ашық сабақтар | Просмотров: 410 | Добавил: Admin | Теги: балабақшадағы ашық сабақтар, А дыбысы және әрпі | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]