Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 28.10.2020
Главная » 2016 » Декабрь » 4 » Жолда жүру ережесін сақтаймыз балабақшадағы ережелер
14:07
Жолда жүру ережесін сақтаймыз балабақшадағы ережелер
загрузка...

Жолда жүру ережесін сақтаймыз

 

Сабақтың мақсаты: 
1.Балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру 
2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің
белгілерімен таныстыру
3.Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.
 
 Көрнекілігі: Бағдаршам , жол белгілері салынған суреттер , интерактивті тақта, жол ережесіне арналған кітаптар.
 
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі :
Кіріспе : «Жол травматизмінің алдын алу» атты тәрбие сағатын бастағалы отырмыз.
Жол заңы дұрыс жүріп , абай  болуды  талап етеді. Жол тәртібін  бұзба ол  қатер  тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп  қуалайтыны , шаңғы  тебетіні , жүріп  бара жатқан машинаға  жабысатыны ,қалтарыстан жолға  шығып  келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан  кейбіреулер машина  дөңгелегіне ілініп қаза тауып , кейбіреулері  жарақат алады . Ал кейбіреулері өмірлік  мүгедек болып қалады.
Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын » Жолда жүру ережесі » тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті .Үлгілі , тәртіпті оқушы көшеде, жолда  жүру ережесін заңын бұзбайды.
 
Сонымен қандай бала  жол ережесін бұзбайды ?
Балалар : Үлгілі , тәртіпті бала .
Тәрбиеші : Ал енді  » Жолда жүру ережесін сақтаймыз! » атты тәрбие сағатымызды  ашық деп  жариялаймын .
 
ІІ. Негізгі бөлім:
Тақтадағы жұмбақтарды шешу:
Жұмбақтар
1. Ала таяқ ұстаған,                                                       
Жол тәртібін нұсқаған.                                                    
Өміріңді  күзеткен. (Автобус)
 
 
2. Көліктің  қаншасын үстінен өткізген ,
 Іргеден басталып , алысқа жеткізген. (Жол)
 
 
 
3.  Жоқ өзінде бас та , ауызда  да  , құлақ та ,
 Бақырайған  үш көзі  бар бірақ та.              (Бағдаршам)
 
 
 
4.  Арқаным бар тым ұзын,
Ала-алмайсың бір үзім.
Табыңдаршы, балалар,
 Бұл жұмбақтың шешуін.  (Жол)
 
 
 
5.   Өзі сөйлей білмейді,
 Бірақ «Тоқта, жүр !» дейді. (Бағдаршам)
 
 
Тәрбиеші : Бағдаршам  өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз . Оның сырын  біліп , тіліп алу  баршамызға  керек.
1.     Неге ?
Біздің қаламызда , сол сияқты  біздің  еліміздің  қала , ауылдарына  бәріне  ортақ көше  қатынас ережесі енгізілген. Бұл  ережені оқушылар да , үлкендер де , яғни  барлық  жүргізушілер , көлік  жүргізетін  жүргізушілер де  бұлжытпай  орындауы керек.
2.     Балалар, сендер көшеде жүру ережесін  білесіңдер ме екен  , көрейік . Мынадай сұрақтарға  жауап беріңдерші.
3.    Жиек жол деген не ? Адамдар  жаяу  жүретін көше жиегіндегі тар жол .
4.    Жаяу адамға қай жермен  жүруге болмайды ? Көлік жүретін  көшенің  ортасымен  жүруге  рұқсат етілмейді.
 
 
Тақтада
Қызыл – Тоқта !
Сары  – Сақтан !
Жасыл – Жол ашық!
Қызыл көзін ашқанда ,
Сынық сүйем  баспа  алға !
Сары  көзін ашқанда ,
Қарап қалма  аспанға !
Жасыл көзін ашқанда ,
Өте  бергін , жасқанба !
Балалар бағдаршам сигналдарын қолдарына  ұстап , кезегі келгенде көрсетіп  тұрады.
 
 
Ән: Бағдаршам
1.     Көшеде біз сақ болайық ,
Қаймықпасын ата – ана .
Жолда сен бол  лайық,
Жас ұлан деген  атқа
 
 
Қ- сы :
Әрқашан күн  сөнбесін,
Аспаннан бұлт  төнбесін .
Қасымда болсын анам,
Болайын мен де аман !
2. Жолда жүру әліппесін
Білген жөн бес саусақтай.
Сонда ғана жүре  аласың ,
Сен өзіңді сау сақтап
Сахналық көрініс: «Маймақ аюдың достары»
 
 
Инспектор :
Медбике апамыз бәрімізді емдейді ,
Ауырса адамды, аңды да  емдейді .
Отырған мынау Медбике апаға
Айтыңдаршы , кане кімдер келмейді ?
(Осы кезде басын ақ  шүберекпен таңған , сыртынан қан шып – шып шыққан аю өкіріп келе жатады)
 
 
Инспектор :
Апа, қараңыз мына  сұмдықты ,
Маймақты кім  қыңжылтты ?
 
 
Мед.бике:
Маймағым, не  болған өзіңе,
Көкпеңбек ісінген бас – көзіңде ?
 
 
Аю:
Айтайын мен жасырмай  шынымды – ай,
Сақтап қал , апа  жанымды шыбындай.
Жармасып бал тасыр машина үстіне
Домалап түсіп шыңғырдым құлындай.
 
 
Мед.бике:
Бір асар тәтті бал үшін,
Тәртіпті  бұздың қарынның қамы  үшін.
Міне, енді  еңіреп тұрғаның ұят – ақ,
Тәртіп керек , біліп ал , жан үшін !
 
Аю.
Медбике апа, инспектор жолдас , енді тәртіпті  бұзбаймын.Кешіріңіздер мені!
 
Тәрбиеші: Бағдаршам жоқ  көшелерден  қалай  өтеміз ?
Егер өтетін  жерде  бағдаршам  болмаса  көшеден  өте бере  әуелі  сол жаққа қараймыз. Көшенің орта  тұсына жеткенде , оң жағымызға көз  саламыз. Егер ол  жақтан  машина  келе  жатса , өтіп  кеткенше , сол орында күте  тұрамыз. Ендеше, мына жолдармен бағдаршамсыз, бағдаршам барда қалай жүретінімізді көрейік.
Бала қалай өтетінін көрсетеді.
 
Инспектор 
Көреген, дәу қырағы.
Көшемізде тұрады.
Оның аты – бағдаршам,
Жол сілтейді әрқашан.
Ол бергенде команда,
Бағынамыз әмәнда.
 
Бағдаршам 
Тұрамын көшенің қиылысын тұрақтап,
Қашпаймын  мүдіріп , ешқандай сұрақтан.
Белгісі жолдардың төрт  топтан тұрады,
Жарқырап көрінер түнде де жырақтан.
 
Бағдаршам 
Ашса кезек үш көзін,
Айтты деп ұқ үш сөзін.
«Тоқта, сақтан, жол ашық!»
Жүрме жолға таласып.
 
Диана:
Төрт топтан құралған,
Белгілер туыстай.
Жол сілтеп тұрады.
У-шусыз ұрыспай.
Сақтандыру , ескерту белгісі 
Қып – қызыл  үшбұрыш,
Қауіптен сақ бол деп сәт – сапар  жолдаған.
Аман – сау жүреді  жаяу да , көлік те ,
Мен берген белгіні  сақтаған , қолдаған.
 
Тыйым салу  белгісі 
Қызылмен боялған , шеңбермін аумақты,
Тыйымшыл белгімін , қаталмын  салмақты .
Мен тұрған жерлерде  хақың жоқ жүруге,
Қауіп  бар , бағдарла  көз салып  жан – жақты.
 
Міндеттеу белгісі 
Белгімін  көрсетер  жылдамдық бағытты,
Міндетті  бұрылыс , әйтпесе  қауіпті.
Барлығын анықтап тұрамын жолыңда,
Абай бол , шартыңды міндетті  орында !
 
Ңұсқау белгісі 
Баратын жеріңнің бағытын , тұрағын,
Үн – түнсіз жол  сілтеп , жол  нұсқап  тұрамын.
Күндіз де  , түнде  де от болып жанады,
Көк  түске боялған төрт бұрыш шырағым.
 
Тәрбиеші: Балалар, біз әр белгінің не мақсатта қолданылатынын білдік.
 
Қорытындылау :
Тәрбиеші : Балалар, бүгінгі сабақты қорыта келе «Жас дәуірдің балалары» әнін айтайық. Деніміз сау, еліміз тыныш, жол тәртібін сақтап, аман – есен жүрелік. Қорыта келе:
Ирек – ирек көшелер,
Көше деген мың ирек.
Қиындыққа әйтсе де,
Үйренесің біртіндеп.
Барар жерге асықпа,
Бәйге алмайсың бұрын кеп.

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы ережелер | Просмотров: 18975 | Добавил: oldtraford7 | Теги: ережелер, балабақша | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]