Егер желіде Ethernet немесе Token Ring дәстүрлі технологиялары қолданылса, онда Fast Ethernet, FDDI немесе 100VG-AnyLAN-қа ауысу каналдардың өткізгіштік мүмкіндігін 10 есе үлкейтуге мүмкіндік береді.
Корпоративті компьютерлік желі CAN {Corporation Area Network) бөлінеді. Қандай да бір ұйымға (корпорация) жатады және оған қарайтын қолданушыларға қызмет көрсетеді. Масштабына қарай ол жергілікті, регионалды немесе ауқымды болуы мүмкін. Корпоративті желінің мысалы ретінде: Microsoft фирмасының желілері (АҚШ), автоматтандырылған жүйелер институтының IASNET желілері (Россия) қарастырылады.
Ауқымды компьютерлік желілерге қосылу үшін телефон сымдары қолданылады.
Телефон сымдары арқылы мәлімет алмасу процесі электрлік тербеліс түрінде жүруі қажет (дыбыс сигналының аналогы), ал компьютерде мәлімет код түрінде сақталады. Мәліметті компьютерден телефон сымдары беру үшін кодты электрлік тербеліс түріне ауыстыру қажет. Бұл процесс модуляция деп аталады. Демодуляция – адресат өзінің компьютеріне келген мәліметті оқу үшін электрлік тербелістер қайтадан машиналық кодқа айналуы керек. Мәліметті компьютерде сақталынатын цифрлық формадан телефон сымдары арқылы беріле алатын аналог түріне ауыстыратын (электрлік тербелістер) және керісінше әрекет жасайтын құрылғы модем деп аталады (МОдулятор-ДЕМодулятор). Бұл жағдайда компьютерде модемді басқаратын арнайы телекоммуникациялық программа болуы керек.
Корпоротивтік желілер-кәсіпорындар мен корпорациялардың масштабтарының желілері. Бұл желі Интернеттің коммуникациялық мүмкіндіктерін қолданатын болғандықтан, территориялық аумақ олар үшін көп рөл атқармайды. Корпоративтік желі үлкен территорияларды қамти алатын локальдық желілердің түріне жатады. Қазір корпоративті желілер қарқынды түрде даму үстінде және оларды көбінесе интранет деп атайды.
Интранет (интра желі) –бұл Интернет технологияларының арқасында көптеген мүмкіндіктерге ие фирма ішілік және фирма аралық жеке меншік компьютерлік желі. Бұл желінің Интернетке достубы болғанымен ол сыртқа тұтынушылардан өзінің ресурстарын қорғай алады. Мұны локальдық желі мен интернет желісінің құралдарын қолданатын фирмаішілік және фирма аралық ақпараттарды сақтау, жіберу, өңдеу жүйесі ретінде қарастыруға болады. Толық функционалдық Интернет желі кем дегенде мынадай базалық желілік технологияларды орындай алуы қажет:
• Желілік басқару
• Басқа ресурстармен қызметтерді көрсете алатын желілік каталог
• Желілік файлдық жүйе, мәліметтер қоры
• Корпоративтік мәліметтер қоры және сәйкесінше басқару желісінің мәліметтер қоры
• Интегрирленген ақпарат жіберу (электрондық пошта, факс, телеконференциялар,т.б.)
• Word Web-те жұмыс жасау
• Желілік баспа
• Санкционирленбеген доступтан ақпаратты қорғау
Интернет желі интернеттің сыртқы тұтынушыларынан желілік қорғаныштың брандмауэр құралы арқылы алшақталады. Брандмауэрлердің бағдарламалық қамтамасыз етілуі әдетте Web серверлерде орнатылған. Олар корпоративтік желіні санкционерленбеген доступтан және одан конфиденциалдық ақпарат алудан қорғайды. Интернеттегі ақпарат пен оның қызметтері тұтынушылардың барлығына бірдей қолданыла алады. Қазіргі заманда жоғары бәсекелестік нарықта ақпарат алмасудың жаңа түрін қолдану бизнисте үлкен жетістікке жетудің ең басты компоненті болып табылады. Сондықтан Интернет желісін қазір корпоративтік қосымшаларды іске асырудағы ең перспективті орта ретінде қарастыруға болады. Интранет желілердің тарихы инранет термині интернет желісіндегі біртұтас принциптерге негізделген корпоративтік компьютерлік желілерге ұсынылған кезден, яғни 1994 жылдан басталады. Бұл жағдай кез келген өнеркәсіп орнына оның масштабы мен өндіріс түріне қарамастан ыңғайлы.
Интранет – корпоративтік желідегі қолданылған Web технологиялардың көшірмесі. Корпоративтік локальдық құрылымының өнімдеріне қарағанда, интранет желі дайын әрі арзан коммуникациялық компоненттерді қолданады. Шетелдік экономистердің бағалауы бойынша ірі карпорацияларға интранет технологиясын енгізу бір жұмыс орнына елу долларды құрайды.
Интернеттің нәтижесінде әртүрлі техникалық құралдар мен операциялық жүйелерлер бір инфроқұрылымға біріктіріледі. Интернеттің нәтижесінде негізгі желілік транспорттық протоколдар мен желілік деңгейлік протоколдар біріктіріледі. Интеграциялық проекттерді өңдеу қажеттілігі болмағандықтан корпоративтік жүйені өңдеу қажеттілігі азаяды. Жеке бөлімдер өздерінің ЛВС-терін қолдана отырып, басқа бөлімдермен еш байланысы жоқ жеке жүйелерін құрайды. Қажет болған жағдайда олар біртұтас жүйеге де қосыла алады. Тұтынушының компьютерінде WWW объектілеріне доступ ашатын және HTML файлдарды көрінетін суретке ауыстыратын браузер – бағдарламалар болуы қажет. Бұл файлдарды тұтынушы операциялық ортасына байланыссыз қолдана алуға мүмкіндігі болуы қажет. Сонымен серверлік қосымшаларының өңделуі корпорациялардың функционалдық есептеріне және тұтынушының әмбебаптық мүмкіндіктеріне негізделуі қажет.
Қазіргі замандағы өндірісті басқару жүйесі қатал орталықтандырылған түрден бастап жекеленген жүйеге дейінгі жолды өтті. Жекеленген басқаруды қорғайтын ақпараттық технология клиент сервер архитиктурасының негізінде құрылған. Жекеленген басқару жекеленген коммуникациямен бірлеседі. Бірақ ақпарат қорындағы жекеленген басқару кезінде күрделі мәселелерді туындатады (тұтастықпен қамтамасыз етілу мәліметтердің қарама-қайшылығы актуализацияның бірдей болуы, санкционирлеген доступтан қорғану).
Интранет принциптеріне негізделген басқару жүйесін құру ақпаратты орталықтандырылған жүйемен басқарудың ең жақсы сапасын көрсетеді. Қазіргі кезде біздің көз алдымызда жаңа даму революциясы жүріп жатыр, ол тағы да есептеуіш техника аймағында. Егер алдыңғы этаптарда ақпараттық технология кең мағынада мәліметтерді өңдеудің бір түрі ретінде бағаланса, ал қазір телекоммунникациялық технологиядағы әртүрлі мәліметтерді өңдеуді білдіреді. Бағдарламалау тәжірибесіндегі орталық бағыт жекеленген архитиктура болып табылады. Бағдарламамен қамтамасыз ету нарығында интернет технология және топтасып жұмыс істеу өте тез дамып келе жатыр.
Корпоративтік желілер корпоративті ақпараттық жүйелердің ажырамас бөлігі болып табылады. Корпоративтік ақпараттық жүйе және КАЖ – бұл қазіргі кезде ортақ қабылданған атаулар және интегрирленген басқару жүйесіні аббревиатурасы. Шет елдерде бұл сияқты жүйелер тура осылай аталады Managament Information system (MIS), бұл жердегі жоқ сөз «интегрирленген», ол өте маңызды. Бұл жүйелер интегрирленген автоматтандырылған басқару жүйелерінің мұрагерлері болып табылады. Енді ақпаратты автоматтандырудың жүйесін басқарудағы автоматтандырылған деген сөз алынып тасталады, себебі кез келген басқару жүйесі компьютерсіз жұмыс істемейді. Енді корпоративтік ақпараттық жүйелерді толығырақ түсіндірейік. Корпаративті ақпараттық жүйелер – бұл корпорациямен территориясы бойынша бөлінген, тереңдетілген ақпараттық талдауға негізделген, интегрирленген басқару жүйесі. Бұл жүйе шешім қабылдауды ақпараттық қолдауда электрондық құжат алмасуда және іс жүргізуде қолданылады. Корпоративтік ақпараттық жүйе өндірісті басқару мен ақпараттық технологияны алмасуды бірлестіру стратегиясын қолдайды.
Корпоративті ақпараттық жүйелердің негізгі белгілері:
• Корпарация аумағындағы басқару циклін толық қамтамасыз ету: қалыптандыру, жоспарлау, тіркеу, талдау, ақпараттық және функционалдық интеграция жағдайларында кері байланспен қамтамасыз ету.
• Жүйе мен басқару объектісінің маңызды масштабы және территориялық бөлінісі
• Басқару жүйесін құрайтын техникалық және бағдарламалық құрылымдық компоненттердің біртекті еместігі
• Басқару шешімдеріне арналған, қаржылық басқаруды тұлғаны және өндірісті басқару процесін байланыстыратын біртұтас ақпараттық кеңістік.
• Бірнеше есептеуіш платформалардағы біртекті емес операциялық ортадағы функциялау
• Шынайы уақыт масштабындағы басқарудағы іске асыру
• Жоғары сенімділік, қауіпсіздік, ақпараттық компоненттердің ашықтығы мен масштабтығы.
Корпоративтік ақпараттық жүйе - өндірістің бизнес стратегиясы мен оны іске асыру құрылымын және ақпараттық технологияларды байланыстыратын басқару идеологиясы. Бұл жерде ауырлық күші басқару жүйесінің құрылымына түседі, ал автоматтандыру қосымша, құралдық роль атқарады. Бизнесті басқарудың жалпы құрылымының төрт түрлі блогы бар: басқару объектісі, басқару блогы, ресурстар, математикалық модель. КАЖ-дың экономикадағы құрылу концепциясы типтік компоненттерді қарастырады:
• Бизнес приложениенің қасиетінің комплекстік автоматтандырылуымен қамтамасыз ететін жүйе ядросы, оның құрамына басқару есептерін автоматтандыруға керек толық функционалдық модульдер жиыны бар.
• Корпарация шеңберіндегі құжат алмасуды автоматтандыру жүйесі.
• Корпоративтік ақпараттық жүйелер ақпарат сақтау қорына негізделген ақпаратты өңдеуге қажетті көмекші құралдық жүйелер (эксперттік жүйелер, дайындық және шешім қабылдау жүйелері, т.б.)
• Корпоративтік ақпараттық жүйелер қауіпсіздік жүйесінің бағдарламалық-техникалық құралдыры
• Сервистік және коммуникациялық қосымшалар (факс серверлер, электрондық пошта, қашықтандырылған бағдарламалық қамсыздандыру)
• әртүрлі ақпарат қорларына, ақпараттық ресурстарға және сервистік қызметтерге доступ үшін интернет / интранет компоненттері.
• Офистік бағдарламалар (мәтіндік редактор, электрондық кесте, тілмаштар, графика және т.б.)
• Арнайы тағайындалған жүйелер (автоматтандырылан жобалау жүйелері, техникалық процестерді басқаруға арналған ақпараттық жүйелер, банктік жүйелер, т.б.)
Корпоративтік ақпараттық жүйелерді құруда пайда болатын негізгі мәселелер:
• Жобалау жұмыстарын орындау үшін әдістер мен технологиялар таңдау
• Техникалық және бағдарламалық құралдар мен ақпараттық ресурстардың құрамын анықтау
• Ақпараттық технологияны құру кезінде тұрақты компоненттердің жүйелік интеграциясын жүргізу
• Ақпараттық жүйелердің корпоративтік базалық концепциясын өңдеу
• Корпоративтік апараттық жүйелердің ең негізгі мінездемелеріне мыналарды жатқызуға болады:
• Ақпараттық жүйелердің архитектурасы (элементтердің құрамы және өзара байланысы)
• Желілік технологиялар, олардың масштабы және желінің топологиясы
• АҚ-де іске асқан басқарудың функционалдық құрылымы
• Ақпаратты сақтау формасын ұйымдастыру (орталықтандырылған немесе жекеленген ақпарат қоры)
• Жүйенің өтімділік қабілеттілігі
• Ақпарат сақтағыштың көлемі
• Құжат және құжат алмасу жүйесі
• КАЖ-ды пайдаланушылар саны
• Тұтынушылар интерфейсі және олардың мүмкіндіктері
• Ақпаратты жинаудың, жіберудің, өңдеудің, сақтаудың, жоюдың, таратудың типтік ақпараттық технологиясы
Ақпараттық жүйенің жүйкелік жүйенің қалыптасуы жайлы қызықты концепция Microsoft корпорациясында қалыптасқан. Корпорацияның басшысы Билл Гейтс кәсіпорынның электрондық жүйкелік жүйесі ең алдымен алдын ала жоспарланып қойған оқиғаларды автоматтандыру ортасы ретінде таниды. Егер де оқиға алдын ала жоспарланбаған жағдайды, ол оны тіркейді және жоспарлайды. Қазіргі замандағы кәсіпорындардың электрондық жүйке жүйесі қоршаған әлемдегі кез келген өзгеріске әсер ету мүмкіндігіне және жағдайды талқылап, адамдарға тез әрі дұрыс шешім қабылдауға көмектесу мүмкіндігіне ие болу қажет.
Электрондық жүйке жүйесі Microsoft алты принципке негізделген:
• ДК негізіндегі есептеу жүйесінің архитектурасы
• Барлық ақпаратты цифрлық қалыпты ұсыну
• Электрондық поштаның әмбебап жүйесі
• Тұрақты байланыс
• Соңғы тұтынушылардың қалыпты құралдары
Нақты бизнес түріне арналған спецификалық интегрирленген қосымшалар.
Ұнады ма? Онда достарыңмен бөліс!
|