Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 25.9.2023
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Биология [ Добавить материал ]

Т-лимфоциттердің негізгі субпопуляциялары


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

05.01.2016, 23:24

«Жасушалық иммунитет жүйесі (II). Т-лимфоциттердің негізгі субпопуляциялары. Иммунологиялық төзімділік». 

2. Мақсаты: Т-жасушалардың негізгі субпопуляцияларының әсер механизмін және қызметтерін қарастыру. Табиғи және жасанды иммунологиялық төзімділік туралы түсініктемелерді беру. 

3. Дәріс тезисі:      
  1. Тх1 және Тх2 функционалды ерекшеліктері.
  2. Т-киллердің дифференциялануы, олардың әсер механизмі.
3.Табиғи иммунологиялық төзімділік, даму механизмдері.  
4.Жасанды иммунологиялық төзімділік, даму механизмдері. 

Тимуста пайда болған Т-лимфоциттер осы мүшеден шығып, қан ағысы арқылы иммундық жүйенің шеткі мүшелеріне миграциялап, тимустәуелді аймаққа шоғырланады. Осы жасушалардың фенотипі не CD4+ не CD8+. Тек жасушалардың аз ғана бөлігінде (шамамен 2%) CD4+CD8+ фенотипі болады, олар пісіп-жетілмеген жасушалар.
Шеткі мүшелерде «аңқау» Т-лимфоциттер антигендермен кездесіп, олардың антигенге тәуелді дифференциялануы жүреді. 
Антигенге тәуелсіз дифференциялану үрдісі нәтижесінде түзілген Т-лимфоциттердің екі негізгі субпопуляцияларын ажыратады: Т-хелперлер және Т-киллерлер. Содан пісіп-жетілген Т-хелперлерден екі функционалды субпопуляция түзіледі: Тх1 және Тх2.
Т-киллердің антигенге тәуелді дифференциялануының индукциясы кем дегенде екі әдіспен қамтамасыз етіледі. 
Жетілген эффекторлы Т-киллерлер нысана-жасушалардың бетіндегі  МНС I класс молекуласымен байланысқан эпитопты таниды.  Ісік жасушалары, вируспен зақымдалған жасушалар, мутантты жасушалар немесе бөнде трансплантат жасушалары Т-киллердің нысана-жасушалары болып табылады. Осы жасушалардың бетінде орналасқан ағза үшін генетикалық бөгде эпитоптар МНС I класс нәруыз кешенімен байланысқан.
Иммунологиялық төзімділік дегеніміз барлық антигенге иммундық жауаптың сақталуымен жүретін, бірақ белгілі бір антигенге арнайы иммунологиялық жауаптың болмауы (ареактивтілік). 
Ағзаның осындай қабілеті эмбрионалды кезеңде, тимуста Т-лимфоциттердің теріс сұрыптауы кезінде аутореактивті клондардың жойылуы нәтижесінде түзіледі. Табиғи иммунологиялық төзімділіктің түзілуінде Т-хелпердің тыйым салынған клондарының өлуі маңызды рөл атқарады.
Жасанды иммунологиялық төзімділік аутоиммундық және аллергиялық аурулардың емінде, сонымен қатар трансплантаттың тұрақтамауында маңызды. Жасанды төзімділіктің түзілуінде шеткі механизм: клондық анергия, супрессия және апоптоз басты рөл атқарады.





Категория: Биология | Добавил: Admin | Теги: Иммундық жүйе, Иммунология, Т-лимфоциттердің негізгі субпопуляц, реферат, Биология
Просмотров: 3651 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]