Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 29.6.2020
Главная » Статьи » Қазақша өлеңдер жинағы » Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

Сенің көзің түпсіз терең тұңғиықтан жаралған өлеңі (Мұқағали Мақатаев)
загрузка...

Мұқағали Мақатаев өлеңдері

СЕНІҢ КӨЗІҢ ТҮПСІЗ ТЕРЕҢ ТҰҢҒИЫҚТАН ЖАРАЛҒАН

Сенің көзің түпсіз терең тұңғиықтан жаралған,
Сонда жатыр менде жүрген орындалмас бар арман.
Сенің жүзің көкте күннен, жерде гүлден нәр алған,
Шашың сенің - жан баспаған жапандағы қара орман.

Қас-кірпігің қарлығаштың қанатындай қап-қара, 
Үлбіреген жүзің сенің ақ жібек пе, мақта ма?
Әсем басың әп-әдемі, мүсініңе шақ қана, 
Шиедейін еріндерің қызарып тұр шоқтана.

Толықсыған тұла бойың, шыбық па екен, тал ма екен,
Бейнең сенің баяу атқан жазғы шұғыла таң ба екен?
Күлкің сенің шашылған нұр, сөзің кәусар бал ма екен,
Бұл ғаламда сенен артқан, сірә, біреу бар ма екен!? 



Категория: Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы | Добавил: Admin (14.11.2016)
Просмотров: 2710 | Теги: Мұқағали, өлеңдер, Сенің көзің | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]