Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 26.9.2023
Главная » Статьи » Қазақша өлеңдер жинағы » Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

Революция жаңғырығы өлеңі (Мұқағали Мақатаев)

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

РЕВОЛЮЦИЯ ЖАҢҒЫРЫҒЫ

Екі дүние ерегісіп жатқанда,
Сұңқар құлап жартасқа,
Дауыл тұрған шақтарда,
Күшігендер аспанда,
Сай, Жыраны паналап,
Жемтік іздеп баққанда,
Жұмыр жерді аралап кетті бір үн ғаламат. 
Ұшты ақиық Дауылпаз қанатына жүк артқан.
Қалды тобыр мұнартқан,
Сұлулардың иісіне кұмартқан.
Қалды небір кеселдер:
Қорқақ, күншіл, мешелдер,
Бола алмаған көсемдер,
Көбік езу шешендер.

Соқты дауыл үйіріп,
Ұшты жасын, жай-оттар.
Болаттан құрсау киініп,
Шықты жалаңаяқтар.
"Дауыл бұлтты тіледі..."
Үндеген сонда кім еді?
Ол — Данконың жүрегі,
Ол Еділдің ұлы еді.
Революция байрағын қанатына қыстырған
Дауыл бұлтты серпеді!
Жаратылған ұшқыннан 
Ол — алапат өрт еді.
Құдіретіне Адамның 
Дауылпаз басын иеді.
Горький ұлы заманның 
Ұрпаққа тартқан сыйы еді.
Горький — ойлар тартысы, ақиқат пен ардың ұлы.
Горький — революция жаршысы,
Революция жаңғырығы!



Категория: Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы | Добавил: Admin (25.12.2016)
Просмотров: 4047 | Теги: Мұқағали, өлеңдер, Революция | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]