Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Аралас | [ Добавить материал ] |
11.10.2015, 11:54 | |
КІРІСПЕ
Тиімді жұмыс атқаратын Дүниежүзілік нарықты мемлекеттер тарифтік және техникалық (тарифтік емес) кедергіні жоюға бағытталған шараларды қолдану арқылы құра алады.Техникалық кедергі деп техникалық регламенттерде және стандарттарда қамтылатын талаптардың әр түрлілігі немесе өзгермелілігі салдарынан тауарды нарыққа шығарғанда туындайтын, дағдылы коммерциялық практикамен салыстырғанда үстеме шығынға әкелетін жағдайларды айтады.Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруінің басты шарттарының бірі, ол осы ұйымның саудадағы техникалық кедергіге қатысты келісімінің талаптарын сақтау болып табылады.Техникалық кедергілерді жоюға қатысты программалардың негізін Үкіметтің шаруашылық субъектілерінің рыноктағы жұмыс ретін ұйымдастыруға бағытталған техникалық реттеу шеңберіндегі іс-қимылдары құрайды. Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңына сәйкес техникалық реттеу — санитарлық және фитосанитарлықшараларды қоспағанда, сәйкестікті растау, аккредиттеу және белгіленген талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі қызметті қоса алғанда, өнімге, көрсетілетін қызметке, процестерге қойылатын міндетті және ерікті талаптарды анықтауға, белгілеуге, қолдануға және орындауға байланысты қатынастарды құқықтық және нормативтік реттеу.Елімізде міндетті талаптар көптеген құжаттар түрінде белгіленіп келді (мысалы, санитарлық ережелер мен нормалар, құрылыс нормалары мен ережелері және т.б.). 1. ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖҮЙЕСІНДЕ ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ Қандай да бір мемлекет өз өндірушілерінің қорғалуына көңіл бөледі. Бәсекелестікке қабілетті экспорттауға бағытталған өндірісті құруға бағытталған мемлекеттік саясат сәттілік әкеледі. Отандық өнімнің сыртқы және ішкі нарықта сәтті бәсекелес болуы үшін біз халықаралық ережелер мен нормалар бойынша жұмыс істеуіміз керек. Бұл Дүниежүзілік сауда ұйымына болашақта кіруімізбен де байланысты. Саудалық әріптестіктің бір шарты мен БСҰ негізгі талаптарының бірі - техникалық реттеудің түрлі жүйелерімен негізделген саудадағы түрлі бөгеттердің жойылуы болып табылады. Бұл техникалық реттеудің жалпыәлемдің моделіне ауысумен мүмкін болады. Қазақстанда техникалық реттеудің халықаралық жүйесіне ауысудың алғашқы қадамдары 1999ж. СТБ (саудадағы техникалық бөгеттер) негізгі талаптары мен «техникалық регламент» түсінігі енгізілген ҚР «Стандарттау туралы» заңының қабылдануымен байланысты. Қазақстанның техникалық нормалаудың халықаралық жүйесіне техникалық регламенттер арқылы өту жағдайларын қарастыратын мемлекеттік стандарттаудың 2005 жылға дейінгі даму Концепциясы құрастырылды. Техникалық нормалау бойынша жұмыс «Техникалық заңнама» ТК үйлестіріледі. 2003ж. ҚР «Стандарттау туралы», «Сертификаттау туралы» заңдарына енгізілген өзгерістер стандарттау және сертификаттаудың мемлекеттік жүйелерінің әрекеттегі халықаралық ұқсас жүйелермен ары қарай жақындасуына бағытталған. «Техникалық реттеу» дегеніміз не? «Техникалық реттеу» -өнімдерге, процестерге, сәйкестілікті нақтылау бойынша әрекетке, аккредиттеу мен мемлекеттік бақылауға, бекітілген талаптардың орындалуы бойынша қойылатын міндетті және ерікті талаптардың бекітілу, қолданылу және орындалуы саласындағы қатынастардың құқықтық және нормативті реттелуі. Әрекеттегі техникалық реттеу жүйесінің 75-жылдық тарихы бар. Осы кезеңде 50 мыңнан астам нормативті акттер: мемлекеттік және салық стандарттары, техникалық шарттар құрылды. Қазақстанда, басқа кеңестік елдердегі сияқты, өнімге қойылатын міндетті талаптар стандарттарда, басқа да нормативті құжаттарда: СанЕжН, ҚНжЕ, фармокопеялық мақалалар, экологиялық, өртке қарсы, ветеринарлы, энергетикалық, көліктік ережелер, т.б. белгіленеді. Міндетті құжаттардың көп болуы өнімдер мен қызметтер өндірісінде белгілі бір қиыншылықтар тудырады және шетелдік сауда әріптестері жағынан түсінбеушілік тудырады. Қолданыстағы нормативті базада халық өмірі мен денсаулығына қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау көрсеткіштері ғана емес, сапа бойынша міндетті талаптар бар, бұл халықаралық саясатқа қайшы келеді (өндіруші сапамен қамтамасыз етеді, ал тұтынушы тек оны бағалайды). Өндірістік дамыған елдердегі техникалық реттеу жүйесі өнімге қойылатын талаптарды екі бөлікке бөледі: біріншісі –мемлекет жауап беретін қауіпсіздік, екіншісі –талаптарын нарық қоятын, қауіпсіздікке еш қатысы жоқ, өнімнің тұтынушылық сапасы. «Техникалық реттеу туралы» заңда екі деңгейлі жүйені құру қарастырылады: Парламент және Үкімет деңгейінде қабылданатын, өнімнің жеке топтарына, әсер ету факторларына қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша мемлекеттің жалпы міндетті талаптары шоғырланған нормативті құқықтық акттер (техникалық регламенттер) және ерікті стандарттар немесе басқа нормативті акттер. Сонымен қатар азаматтардың өмірі мен денсаулығына, мүлкіне және қоршаған ортаға өнімдер мен процестердің қауіпсіздігі, соның ішінде ғимараттар мен имараттарға қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында жаңа шетел технологияларын, халықаралық стандарттар мен жобалау нормаларының қолданылуы үшін нормативті құқықтық негізді қамтамасыз етеді. Заң қадағалау органдарының жұмысына қажетті құқықтық негізді қамтамасыз ету арқылы олардың жұмысын жеңілдетеді, республика азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жоғары деңгейге көтереді.[1] 2.СТАНДАРТТАУ, МЕТРОЛОГИЯ ЖӨНЕ СӘЙКЕСТІКТІ РАСТАУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУДЕ НЕГІЗГЕ АЛЫНАТЫН ТЕХНИКАЛЫҚ ЗАҢНАМАЛАР Техникалық заңнама – техникалық объектілерге: өнімге, оның өмірлік циклі процестеріне, қызмет көрсетуге және қойылған талаптардың сақталуын тексеруге қатысты талаптарды регламенттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. 2004 жылдың 9 қарашасында қабылданып, 2005 жылдың 14 мамырынан қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының « Техникалық реттеу тұралы» Заңы 1999 жылдың 16 шілдесінде қабылданған «Стандарттау туралы» және «Сертификаттау туралы» Заңдарының күшін жойды. Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңының қолданысқа еңгізілуі құқықтық тұрғыдан өнімнің, қызмет көрсетудің және процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің жаңа кезеңінің асталуы болып табылады. Құрылып жатқан техникалық реттеу жүйесінің жұмысын әрі қарай жетілдіруде келесі маңызды қадам, ол 2006 жылдың 26 желтоқсанында қабылданған «Қазқстан Республикасының кейір заңнамалық актілеріне техникалық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу тұралы» Заңы. Осы заң бойынша ұрын қабылданған 33 заңның 274 баптарына, соның ішінде «Техникалық реттеу туралы» Заңның 29-бабына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Техникалық реттеу жүйесін реформалаудың негізгі мақсаты, ол адам өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны, соның ішінде жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғаудың нәтижелі жүйесін құру және саудада қисынсыз, артық кедергілерді болдырмау. Ол үшін мына шаралар көзделеді: • Өнімнің ерікті стандарттарын міндетті техникалық регламенттерден бөлу (өмір мен денсаулықты қорғауға қатысы барларын) • Ұлттық стандарттарды халықаралық стандарттармен ең жоғары деңгейде үйлестіру; • Сәйкестікті растау жүйесін ымырышылдандыру және әрір мүмкін жағдайда сәйкестікті ерікті растау сызасын еңгізу; • Тәуелсіз және алаламайтын аккредиттеу жүйесін құру; • Қазақстанның сәйкестік сертификатының шетелдік нарықта мойындалуына қол жеткізу. Практика тұрғысынан Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңын қабылдауға қандай ішкі және сыртқы себептер ұйықты болғанын білу маңызды. Мұндай себептердің бастылары мыналар: • бірінші жағдай – елдің техникалық заңдылықтарын дамыған шет елдердің заңдылықтарына мүмкіндігінше үйлестіру. Тек қана осындай үйлестіру арқылы еліміздегі бизнес қазіргі замандағы экономикалық кеңістікке кіре алады және барлық болып жатқан өзгерістерге дер кезінде құлақ асып, бәсекелестікке дайын болуға тырысадыү • екінші жағдай – кәсіп иелерінің талпынысы мен азаматтық бизнесіне мемлекет тарапынан қойылатын артық әкімшілік кедергілерді болдырмау. Стандарттарда келтірілген санитарлық ережелер мен нормалар, құрылыс нормалары мен ережелері және т.б. өте көлемді және нашар реттелген міндетті талаптар кәсіп иелерінің жұмысын шектейді. Осы жғдайдан туындайтын мәселелерді шешудің басты ағыты – тексеру жұмыстарының маңызды бөлімдерін реформалау, шаруашылық іс-әрекеттерге қатысушыларға қойылатын мемлекеттің міндетті талаптарын инвентаризациялау. Қазақстан Республиканың Конституциясы бойынша кәсіп иелерін іс-әрекеттері тек қана Заң арқылы шектеледі және Конституция нақтылы түрде қорғайтын жағдайларға қатысты жүргізіле алады. Осындай Конституция қорғайтын жағдайлар- адамдардың денсаулығы мен қауіпсіздігі, жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне зиян келтірмеу. Міндетті талаптарды үйлестіруге тырысу, жоғарғы деңгейдегі нормативтік актілер арқылы кәсіп иелерінің қаржылық емес сипаттағы міндетті талаптарын белгілеу қазіргі заманға тән дүние жүзілік тәжірибеден туындайды. ҚР-ның «Техникалық реттеу туралы» Заңында келтірілген отандық техникалық реттеу жүйесі осы тәжіребені ескере тырып құрылған. 3.ТЕХНАКАЛЫҚ РЕТТЕУ ТУРАЛЫ ТҮСІНІКТЕМЕ. Тиімді жұмыс атқаратын Дүниежүзілік нарықты мемлекеттер тарифтік және техникалық (тарифтік емес) кедергіні жоюға бағытталған шараларды қолдану арқылы құра алады. Техникалық кедергі деп техникалық регламенттерде және стандарттарда қамтылатын талаптардың әр түрлілігі немесе өзгермелілігі салдарынан тауарды нарыққа шағарғанда туындайтын, дағдылы коммерциялық практика мен малыстырғанда үстеме шығынға әкелетын жағдайларды атайды. Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруінің басты шарттарыны бірі, ол осы ұйымның саудадағы техникалық кедергілергіге қатысты келісімінің талаптарын сақтау болып табылады. Техникалық кедергілерді жоюға қатысты программалардың негізін Үкіметтің шаруашылық субъетілерінің рыноктағы жұмыс ретін ұйымдастыруға бағытталған техникалық реттеу шеңберіндегі іс-қимылдары құрайды. Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңына сәйкес техникалық реттеу – санитарлық және фитосанитарлық шараларды қоспағанда, сәйкестікті растау, аккредиттеу және белгіленгін талаптардың сақталуын мемлекеттік ақылау мен қадағалау жөніндегі қызметті қоса алғанда, өнімге, көрсетілген қызметке, процестерге қойылатын міндетті және ерікті талаптарда анықтауға, белгілеуге, қолдануға және орындауға байланысты қатынастарды құқықтық және нормативтік реттеу. Елімізде міндетті талаптар көптеген құжаттар түрунде беогіленіп келеді (мысалы, санитарлық ережелер мен нормалар, құрылыс нормалары мен ережелері мен т.б.) техникалық реттеудің мұндай жүйесі халықаралық практикаға сәйкес емес.Халықаралық тәжірибеде стандарттар ерікті құжаттар түрінде қарастырылады да, негізгі талаптар «техникалық регламент» деп аталатын бір құжатта шоғырланады. Стандарттар техникалық регламенттерде, оларға сілтемелер жасалғанда ғана міндетті түрде орындалуға тиісті, өйткені олар өнімнің, қызмет көрсетудің техникалық регламенттерде белгіленген нормалары мен талаптарына сәйкестігін дәлелду негізі ретінде қарастырылады. Техникалық регламенттің мысалы ретіеде Еуропа Одағының заңнамаларын келтіруге болады. Еуропа Одағында стандарттар ерікті түрде болғанымен, қолданыстағы техникалық реттеу жүйесі олардың орындалмауына жол бермейді және Бұл жағдай өнімдер мен қызмет көрсетудің басым үлесін қамтиды. Мысалы, Еуропа Одағында техникалық реттеумен өнімнің 75%-ы қамтылған. Өнімнің қауыпсіздігіне қатысты жауапкершілікті Үкімет дайындаушылардың өздеріне жүктейді, яғни олар үлкен сенім білдіреді. Еркін нарық жағдайында оның ережелері өте қатаң. Егер дайындаушы тұтынушының сенімін анықтамаса, онда ол нарыққа қайтып оралмауы мүмкін. Осы себепті дайындаушылар техникалық регламентердің және оларға үйлестірілген стандарттардың талаптарын бұлтарыссыз орындайды. Техникалық реттеудің халықаралық жүйесінің құрамына техникалық нормаларды тағайындау, оларды бағалау және растау кіреді. Осындай техникалық ережелерге үйлестірудің қарапайым сызбасы дүние жүзінің көптеген елдерінде қолданылады. Техникалық реттеу объектілері- өнім, көрсетілген қызмет, үдерістер (процестер). Мемлекеттік органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес техникалық реттеу объектілеріне қатысты пайдалану құқығын иеленетін жеке және заңды тұлғалар техникалық реттеу субъектілері болып табылады. Техникалық реттеудің асты элементтері: • өнімге және өнімнің өмірлік цикліне қатысты процестерге міндетті талаптарды белгілеу, қолдану және орындау. • Өнімге, өнімнің өмірлік цикліне қатысты процестерге, қызмет көрсетуге ерікті негіздегі талаптарды белгілеу және қолдану. • Сәйкестікті бағалау шеңберінде құқықтық реттеу. Бірінші элемент метрология ережелеріне метрология ережелеріне техникалық регламенттерді қабылдау және қолдану арқылы, екінші элемент стандарттау арқылы, ал үшінші элемент сәйкестікті бағалау арқылы жүзеге асырылады. 1. Техникалық регламенттер туралы түсініктеме. Техникалық реттеудің басты мақсаты – техникалық регламенттерді қабылдау. Техникалық регламент – өнімдерге және олардың өмірлік циклінің процестеріне қойылатын міндетті талаптарды белгілейтін, Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» заңнамасына сәйкез өзгерленетін және қолданылатын нормативтік құқықтық акт. Техникалық регламенттерді қаылдау мақсаттары: • Адам өмірі мен денмаулығын, жеке немесе заңды тұлғалардың мүліктерін, мемлекеттік және муниципалдық мүліктерді қорғау; • Қоршаған ортаны, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау; • Өнімнің, көрсетілетін қызметтің қауыпсіздігіне қатысты тұтынушыларды жаңылыстыратын іс-әрекеттердің алдын алу; • Саудадағы техникалық кедергілерді жою; • Отандық онімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру; • Табиғи және энергетикалық ресурстарды үнемдеу. Техникалық регламенттердің мазмұнына қойылатын талаптарға мыналар кіруі керек: • Техникалық регламенттерді талаптары қолданылатын өнімдердің, осы өнімдердің процестерінің толық қамтылған тізбесі; • Техникалық регламентті қабылдау мақсаттарына жетудің қамтамасыз ететін өнімнің, процестердің сипаттамаларына қойылатин талаптар; • Техникалық реттеу объектілерін бірдейлендіру ережелері (өнім сапасының оның маңызды белгілерімен бірдейлігін анықтау); • Зиян келтіру қауіп-қатерінің деңгейін ескере отырып, өнімнің, процестердің қауыпсыздігін қамтамасыз ететін ең төменгі қажетті талаптар. Техникалық регламенттердің екі түрі бар: • Жалпы техникалық регламенттер • Арнайы техникалық регламенттер Жалпы техникалық регламеттердің талаптары кез келген өнім түрі мен өмірлік цикл процестеріне міндетті түрде қолданылуы және сақталуы керек. Жалпы техникалық регламенттер мына мәселелер бойынша қабалданады: • Үйлерді, құрылыстарды, ғимараттарды және оларға іргелес аумақтарды қауіпсіз пайдалану жөнінде; • Өрт қауіпсіздігінебайланысты; • Биологиялық қауіпсіздікке байланысты; • Электромагниттік үйлесімділікке байланысты; • Ядролық және радиациялық қауіпсіздікке қытысты; • Өнеркәсіптік және өндірістік қауіпсіздікке қатысты; • Экологиялық қауіпсіздікке байланысты; • Химиялық қауіпсіздікке байланысты; • Электр қауіпсіздігіне қатысты; • Ақпарат қауіпсіздігіне байланысты; • Уыттылық қауіпсіздігіне байданысты; • Өшемдердің бірлігі бойынша; • Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қатысты; • Механыкалық қауіпсіздікке қатысты. Арнайы техникалық регламенттердің талаптары әрбір өнім түрінің технологиялық және басқа да ерекшеліктерін, олардаң өмірлік циклінің ерекшеліктерін ескереді. Арнайы техникалық регламенттер зиян келтіру деңгейі жалпы техникалық регламенттерінде көрсетілген зиян деңгейінен ауырлау кейбір жекелеген өнім түрлеріне және өмірлік цикл процестеоіне ғана белгіленеді. Техникалық регламеттердің құрылымы. Техникалық регламеттерге мына мәселелерді қамтитын құрылымдың элементтерді еңгізу ұсынылады: • Техникалық реттеу объектілерін; • Терниндерді; • Нарыққа орналастырудың жалпы жағдыйын ; • Қауіпсіздік талаптарын; • Ерікті аусып отыру мәселелерін; • Сәйкестікті растауды; • Сәйкестікті бағалауды; • Стандарттар тізбегін басқару; • Нарықта бақылау мен қадағалау; • Техникалық регламенттеоді іске асыру жөнінднгі жауапты органды белгілеу; • Өтпелі кезең. [2] 4.ТЕХНИКАЛЫҚ РЕГЛАМЕНТТЕРДІ ӘЗІРЛЕУ, САРАПТАУ, ҚАБЫЛДАУ, ӨЗГЕРТУ ЖӘНЕ ЖОЮ ЕРЕЖЕСІ
4.1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Осы Техникалық регламенттерді әзірлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және жою ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген және техникалықрегламенттерді әзірлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және жою тәртібін белгілейді. 4.2. ТЕХНИКАЛЫҚ РЕГЛАМЕНТТЕРДІ ӘЗІРЛЕУ
1. Техникалық регламенттер техникалық реттеу жүйесіне көшуді жүзеге асыру үшін Ведомствоаралық комиссия мақұлдаған тұжырымдама болған кезде әзірленеді. Тұжырымдама: 1) техникалық регламенттің атауын; 2) техникалық регламенттің қолданылу саласы мен объектілерін; 3) жағымсыз әсерді барынша азайту үшін реттеу белгіленуі қажет проблемалар туралы ақпаратты; 4) қауіпті факторларды (қатерлерді); 5) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық базасының болуы және оның жай-күйі туралы ақпаратты (техникалық регламент объектісіне қойылатын талаптарды белгілейтін заңдар, қаулылар, санитарлық, құрылыс, өрт және басқа нормалар мен ережелер); 6) халықаралық деңгейдегі нормативтік құжаттардың болуы туралы ақпаратты (халықаралық шарттар, директивалар, басқа елдердің техникалық регламенттері және басқалар); 7) өндіріс, сынақ базасының және жалпы саланың жай-күйі туралы ақпаратты; 8) техникалық регламентті енгізу үшін қабылдануы қажет шаралар туралы ақпаратты; 9) техникалық регламентті енгізуден күтілетін нәтижелерді қамтиды. 1-1. Техникалық регламенттер ғылыми негізделген және (немесе) статистикалық деректер негізінде әзірленуге тиіс. 2. Техникалық регламенттерде белгіленетін талаптар мемлекеттік саясат мүдделеріне, материалдық-техникалық базаның дамуына және ғылыми-техникалық даму деңгейіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес келуі тиіс. 3. Өнімге және (немесе) процестерге қойылатын ең төменгі қажетті талаптарды белгілеген кезде оның өмірлік циклінің барлық сатысында осы өнімге тән қауіп-қатерлердің барлық түрлері ескерілуі қажет. 4. Бірдей өнімге арналған талаптарды белгілейтін техникалық регламенттер өнімге қойылатын міндетті талаптардың бірыңғай құрамы мен мазмұнын қамтамасыз ету мақсатында өзара үйлестірілген болуы тиіс. Техникалық регламенттер жобаларын әзірлеген мемлекеттік органдар: 1) жобаларды, нормативтік құқықтық актілердің өзгерістері мен толықтыруларын немесе оның күшін жоюды әзірлей бастаған сәттен бастап бір айдан кешіктірмей, ресми баспа басылымына және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеге техникалық регламенттердің жобаларын әзірлеу, техникалық регламенттердің өзгерістері және (немесе) толықтырулары немесе оның күшін жою туралы белгіленген нысандағы хабарламаны орналастырады; 2) техникалық регламенттердің жобаларын жария талқылауды, оларды әзірлеу туралы хабарлама жарияланған күнінен бастап, жария талқылаудың аяқталғаны туралы хабарламаны жариялаған күнге дейін кемінде алпыс күнтізбелік күнге тең мерзім ішінде ұйымдастырады; 3) техникалық регламенттер жобаларын алынған ескертулерді ескере отырып пысықтайды және оларды техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) ресми баспа басылымы мен ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеде орналастырады; 4) техникалық регламенттердің жобаларына алынған ескертулерді мүдделі тараптардың сұрау салуы бойынша береді; 5) жобамен және алынған ескертулер тізбесімен танысу тәсілі туралы ақпаратты, техникалық регламент жобасын әзірлеген мемлекеттік органның атауын, оның почталық және электрондық мекен-жайын қамтуы тиіс техникалық регламенттің жобасын жария талқылаудың аяқталғаны туралы хабарламаны уәкілетті органның ресми баспа басылымы мен ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеде орналастырады. 5. Техникалық регламенттердің мазмұны Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасыныңталаптарына сәйкес келуі тиіс. 6. Техникалық регламенттерді әзірлеу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады: 1) техникалық регламенттермен белгіленген талаптар қолданылатын өнімдер ("Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы" жіктеуішіне сәйкес) мен процестердің толық тізбесі және болдырмаған жөн қауіпті факторлар (қауіп-қатерлер), сондай-ақ техникалық регламенттерді қолдану мақсаттары үшін сәйкестендіру өлшемдері мен әдістері белгіленетін қолданылу саласы анықталады; 2) терминдер мен анықтамалар белгіленеді. Техникалық регламенттерде пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар халықаралық стандарттарда және техникалық реттеу саласындағы заңнамада белгіленген терминдерге сәйкес келуі тиіс. Осы терминдер белгіленген Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінің баптарына сілтемелер жасауға рұқсат етіледі; 3) Қазақстан Республикасының нарығындағы өнім айналымы өнімнің техникалық регламенттер белгілеген талаптарға сәйкес келуі тиістігі және бұл туралы тұтынушыға дейін ақпаратты жеткізу тәсілдері (техникалық регламенттерге сәйкестігі туралы ілеспе құжаттамада көрсету, сәйкестік сертификатының, техникалық немесе нормативтік құжаттаманың немесе тиісті алдын алуларды, жинақтау схемаларын және басқаларды қоса алғанда, өнімді дұрыс пайдалану немесе қолдану жөнінде нұсқаулардың болуы) туралы ереже белгіленетін шарттар айқындалады; 4) өнімнің және оның тіршілік процестерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар белгіленеді, онда зиян келтіру қауіп-қатерінің деңгейін ескере отырып, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ең төменгі қажетті талаптар белгіленеді. Техникалық регламенттерде зиян келтіру қауіп-қатерінің деңгейін ескере отырып Заңның 18-бабының 6-тармағына сәйкес техникалық реттеу объектілеріне қойылатын арнайы талаптарды қамтуы мүмкін. Талаптар адам өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға тікелей зиян келтіру мүмкіндігімен байланысты тек өнімге және (немесе) оның тек тіршілік циклінің процестеріне белгіленеді. Ең төменгі қажетті талаптар осы өнімге тән әлеуетті қауіптің (тәуекелдің) әр түрі бойынша қауіпсіздікті қамтамасыз етудің қажетті түпкілікті нәтижесін нақты сипаттау жолымен белгіленеді. Бұл ретте қауіпсіздік мақсатына қол жеткізу әдісі осы мақсат көрсетілген әдісті ерекше қолдануға қол жеткізе алатын жағдайлардан басқа регламенттелмейді. Өнімнің техникалық сипаттамаларының сандық мәндері, егер олар: "аспайтын", "кемінде", "ұстауға жол берілмейді" деген тұрақты шамасы бар болған жағдайда, белгіленуі мүмкін. Егер қауіпсіздік көрсеткіштерін техникалық регламенттер мәтінінде көрсету мүмкін болмаған жағдайда, онда осы көрсеткіштер техникалық регламенттерге қосымша түрінде ресімделуі мүмкін. Егер ұзақ пайдалану зиян келтіруі мүмкін, зиян келтіру рұқсат етілетін тәуекел дәрежесін анықтауға мүмкіндік бермейтін факторларға байланысты өнімге қойылатын талаптарды анықтау мүмкін емес жағдайда техникалық регламенттер өнімнің болуы мүмкін зияны мен оларға байланысты болатын факторлар туралы тұтынушыға хабарлауға қатысты талаптарды қамтуы тиіс; 5) сынаманы іріктеу және өнімдерді сынау ережесі, сәйкестікті растау ережесі мен нысандары, оның ішінде сәйкестікті растау схемасы (сәйкестікті растау нысандары мен схемасын таңдау сәйкестікті растаудан өткен өнімді қолданудан күмәнді бағалау мен залал келудің жиынтық қаупін ескеріп жүзеге асырылуға тиіс) және (немесе) терминологияға, буып-түюге, таңбалауға немесе затбелгі салуға және оларды түсіру ережелеріне қойылатын талаптар болуы мүмкін; 6) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.01.16 N 13 Қаулысымен; 7) техникалық регламенттерді, нормативтік немесе техникалық құжаттамаларды әзірлеу және/немесе түзетуді қолданысқа енгізуге, сондай-ақ өнімді шығаруға байланысты мәселелер ескерілуі тиіс өтпелі кезеңнің уақытын белгілейтін техникалық регламенттерді қолданысқа енгізу мерзімі мен шарттары белгіленеді. Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.01.16 N 13 Қаулысымен. 6-1. Техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган мүдделі мемлекеттік органдардың келісімімен Техникалық регламенттерге үйлестірілген стандарттар тізбесін белгілейді. 7. Осы Ереженің 3, 4 және 6-тармақтарымен белгіленген талаптар сәйкестікті растау рәсімдеріне және орауға, таңбалауға, заттаңбалауға және оларды дұрыс салуға қойылатын талаптарды ғана белгілейтін жеке техникалық регламенттергеқолданылмайды. 4.3. ТЕХНИКАЛЫҚ РЕГЛАМЕНТТЕРДІ САРАПТАУ 8. Техникалық регламенттердің жобалары өнімнің және (немесе) процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ең төменгі қажетті талаптардың жеткіліктілігін, талаптардың республиканың халықаралық міндеттемелерімен үйлесімділігін, дамудың ғылыми-техникалық деңгейі мен материалдық-техникалық базаның сәйкестігін, нарық пен бәсекелестікке әсер ету деңгейін белгілеу мақсатында мүдделі мемлекеттік органдар жанындағы техникалық реттеу саласындағы сараптамалық кеңестерге жіберіледі. Мемлекеттік органдар жанындағы техникалық реттеу саласындағы сараптамалық кеңестерге техникалық регламенттердің жобалары, пікірлер жиынтығы, мүдделі ұйымдардың пікірлерінің көшірмелері, басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен келісім туралы хаттардың көшірмелері ұсынылады. Пікірлер жиынтығы техникалық регламенттердің жобаларына берілген ескертулер мен ұсыныстарды білдіреді және ескертулер мен ұсыныстар авторын, қолданыстағы, ұсынылатын редакциясын, ұсынылған ескертулер мен ұсыныстар негіздемесін көрсете отырып кесте түрінде ресімделеді. 9. Техникалық регламенттердің жобалары бойынша техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік саясатқа және Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға сәйкестігіне сараптама жүргізіледі. 1) техникалық регламенттер жобаларының сапасын, негізділігін, уақтылығын және оның техникалық реттеу саласындағы заңнамаға сәйкестігін бағалау; 2) техникалық регламенттердің мүмкін болатын тиімділігін анықтау; 3) жобаларды техникалық регламенттер ретінде қабылдаудың мүмкін болатын теріс салдарларын анықтау үшін жүргізіледі. Сараптама жүргізу мерзімі отыз күнтізбелік күннен аспауы тиіс. Техникалық регламенттердің жобаларына сараптаманы қаралатын техникалық регламенттер жобаларының мазмұнына қарай тиісті бейіндегі ғалымдар мен мамандар арасынан сарапшыларды тарта отырып, өз қызметін техникалық реттеу және метрология саласында жүзеге асыратын ұйым конкурстық негізде жүргізеді. Сараптама жүргізу бір немесе бірнеше сарапшыға (сарапшылар комиссиясына) тапсырылуы мүмкін. Техникалық регламенттердің жобалары бойынша алуан түрлі мамандықтың сарапшылары кешенді сараптама немесе әр түрлі жеке сараптамалар, ал қажет болған кезде - қайта сараптама жүргізуі мүмкін. Сарапшылар ретінде жобаларды дайындауға тікелей қатыспаған ұйымдар мен тұлғалар тартылады. Сарапшылар ретінде басқа да мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың мамандары тартылуы мүмкін. Жобалар сараптама жүргізу үшін шетелдік және халықаралық ұйымдарға жіберілуі мүмкін. 10. Осы Ереженің 8 және 9-тармақтарына сәйкес сараптамалық қорытындыларды алғаннан кейін техникалық регламенттердің жобалары Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына техникалық регламенттердің сәйкестігін анықтау мақсатында уәкілетті органға келісуге жіберіледі. Уәкілетті органға техникалық регламенттердің жобалары, сараптамалық қорытындылар, пікірлер жиынтығы, техникалық регламенттердің жобалары жөнінде мүдделі ұйымдар пікірлерінің көшірмелері мен техникалық регламенттерді әзірлеу туралы ақпараттың жарияланғанын, техникалық регламенттердің жобалары бойынша бұқаралық талқылау ұйымдастырылғанын және өткізілгенін, үйлестірілген стандарттардың тізбесін, техникалық регламенттерді енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын растайтын құжаттар беріледі. 4.4. ТЕХНИКАЛЫҚ РЕГЛАМЕНТТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ, ӨЗГЕРТУ ЖӘНЕ ЖОЮ
12. Техникалық регламенттерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу осы Ереженің 2 және 3-бөлімдеріне сәйкес жүзеге асырылады. [3] ҚОРЫТЫНДЫ Қазақстанда, басқа кеңестік елдердегі сияқты, өнімге қойылатын міндетті талаптар стандарттарда, басқа да нормативті құжаттарда: СанЕжН, ҚНжЕ, фармокопеялық мақалалар, экологиялық, өртке қарсы, ветеринарлы, энергетикалық, көліктік ережелер, т.б. белгіленеді. Міндетті құжаттардың көп болуы өнімдер мен қызметтер өндірісінде белгілі бір қиыншылықтар тудырады және шетелдік сауда әріптестері жағынан түсінбеушілік тудырады. Қолданыстағы нормативті базада халық өмірі мен денсаулығына қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау көрсеткіштері ғана емес, сапа бойынша міндетті талаптар бар, бұл халықаралық саясатқа қайшы келеді (өндіруші сапамен қамтамасыз етеді, ал тұтынушы тек оны бағалайды). Өндірістік дамыған елдердегі техникалық реттеу жүйесі өнімге қойылатын талаптарды екі бөлікке бөледі: біріншісі –мемлекет жауап беретін қауіпсіздік, екіншісі –талаптарын нарық қоятын, қауіпсіздікке еш қатысы жоқ, өнімнің тұтынушылық сапасы. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 1.http://sheriazdanov.ucoz.kz/publ/standarttau/tekhnikaly_retteudi_memlekettik_zh_jesi/2-1-0-72 2. Акишев К., Дарибаева Г. Стандарттау , метрология және сәйкестікті бағалау: Оқулық. – Астана: фолиант , 2008. -256 бет. ISBN 9965-35-325-5 3. http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P070000517 | |
Просмотров: 7176 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |