Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 26.9.2023
Главная » Статьи » Туған күнге тілектер » Туған күнге тілектер

В категории материалов: 24
Показано материалов: 1-10
Страницы: 1 2 3 »

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам

 

Жас отау құрып, бас қосқан бақытты жандар, осы бақытты жүздерің өмір бойы жадырасын! Қол ұстасқан қолдарың ажырамай, арман-ниеттерің бір болсын! Біреуің отбасының тірегі, біреуің отбасының жүрегі бола біліңдер! Бірге жаққан махаббат алауы мәңгі сөнбесін! Татулықтың уықтары бірліктің шаңырағын биік те нық ұстасын! Үлгі тұтар жанұя, Отанның ең берік іргетасы болыңдар!

 

**********************************************************************

 

Бала-бақыт. Болашағы жарқын, мәртебесі асқақ, елі мақтан тұтар адал азамат болсын! 1 жасы балпаң бастырып, 2 жасы есін жиғызсын, үш жасы үлкен етіп, 4 жасы тартымды етсін, 5 жасы белестен өткізіп, 6 жасы арманға жетелесін, 7 жасы жеңіске жеткізіп, 8 жасы сыпайылық әкелсін, 9 жасы топқа қосып, 10 жасында додада озсын, 11 жаста білімді болып, 12-де өркені өссін, 13 жаста ақылы толсын, 14 жаста төрге отырып, 15 жаста білекті болсын, 16-да жүректі болсын, 17 жетіде жігерлі болып, 18-де еліне қорған болсын, 19 жаста нағыз ер болып, 20-да отау иесі болсын! 20-ға дейін қалай қуантса, қалған жасында да қуаныш үзілмесін!

Туған күнге тілектер | Просмотров: 5312 | Добавил: Admin | Дата: 11.09.2015 | Комментарии (0)

Денсаулығың берік болаттай болсын, көңілің сүттей ақ болсын, жүрегің мөлдір судай таза болсын, өмірің шыршадай жасыл болсын, күндерің әсем гүлдей әдемі болсын, махабатың аққудай адал болсын, мәртебең таудай биік болсын!

 

**************************************************************************

 

Болат қандай берік болса, денсаулығың сондай берік болсын, сүт қандай ақ болса, көңілің сондай ақ болсын, су қандай таза болса, жүрегің сондай таза болсын, шырша қандай мәңгі жасыл болса, өмірің мәңгілік болсын, гүл қандай әдемі болса, күндерің көркем болсын, аққу қандай махаббатқа берік болса, махаббатың сондай мызғымас болсын, тау қандай биік болса, мәртебең сондай биік болсын!

 

Туған күнге тілектер | Просмотров: 11056 | Добавил: Admin | Дата: 11.09.2015 | Комментарии (0)

Асыл Анам, қуанышың құтты болсын! Қажымай, талмай, әкемізбен бірге бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып бізді аялап, мәпелеп жеткіздіңіз. Еңбектін зейнетін көріп, төрде отырған мейірімді тұлғаңызға біз қуаныштымыз. Аялы қолыңыздың жылуы кетпесін, мейірімге толы көзіңіздің нұры кетпесін, кең жүрегіңізге ешбір жүрек жетпесін, бағыңызда әрқашан бақыттың гүлі көктесін! Әрдайым біздің мақтанышымыз болып жүре беріңіздер!

 

Туған күнге тілектер | Просмотров: 5872 | Добавил: Admin | Дата: 11.09.2015 | Комментарии (0)

Наурыз мейрамы туралы әндер, тақпақтар

 

Сағындым сені, Наурыз!

 Алпысбай ШЫМЫРБАЙҰЛЫ.


Қызғалдақтар бүр жарады көк белде,
Күн менен түн теңелетін көктемде.
Жаңа жылы еліміздің әз Наурыз,
Ырзығы мен ырыс ала жеткенде.

 Қыспен бірге көңілсіздік кейін қап,
Жұртым жүрер Тайқазанын дайындап.
Содан кейін наурыз көже сән берген,
Берекелі дастарханы жайылмақ.

Туған күнге тілектер | Просмотров: 6122 | Добавил: Admin | Дата: 22.07.2014 | Комментарии (0)

Наурыз мейрамы құттықтау тілектер

 

Әр елде Жыл басы әртүрлі айдан басталады, Еуропа елдерінде – 1 қаңтар, мұсылман елдерінде 22 наурыз Жыл басы болып есептеледі. Ал кейбір елдер өздерінің шаруашылық жағдайларына байланысты жаңа жылды 1 қыркүйектен бастайтын болса керек. 
Наурыз діни мейрам емес. Кеңес өкіметі кезінде діни мереке есептеліп, бізде нау­рыз мерекесі тойланбай келді. Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан кейін ғана Наурыз мерекесі қайта жаңғырды. Оның қайта жаңғыруына, елімізде кеңінен аталып өткізілуіне мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібеков үлкен үлес қосты. Этнограф-ғалым ретіндегі ол кісінің еңбегін бүгін – Наурыз мерекесі күні еске ала кетуіміз абзал. 

Туған күнге тілектер | Просмотров: 6238 | Добавил: Admin | Дата: 22.07.2014 | Комментарии (0)

Қадірлі қонақтар!

   Бүгінгі қуаныштың қымбатты иелері!

   Осы ақ дастархан басына адал ниетпен жиналып отырған қонақжай халқым, бүгінгі тойдың қандай той екені баршаңызға мәлім. Сондықтан мынау заманның,бейбіт елдің ақ көгершіні болып өмірге іңгәлап келген жас нәрестенің шілдехана тойы құтты болсын!

*********

  Бала – адамның бауыр еті. Бірін бірі жақсы көретін екі адамның жаны мен тәнінен жаралған бала ерекше ыстық. Отбасы мүшелерінің тату-тәтті өмір сүріп, бір-біріне  мейіріммен қарауына негіз жасайтын алғы шарттардың бірі – олардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі болса, екінші шарт – перзент. Сондықтан атамыз қазақ  «балалы үй – базар» деп орынды айтқан. Адамның бір қызығы – баланы мейірлене иіскеу үлкен бақыт болса, сол бақытқа міне, бүгін сендер де жетіп отырсыңдар.

   Сол себепті мен сендерге тойларың тойға ұлассын, өмірдегі көретін қызықтарың көбейе берсін демекпін.

  Менің осы айтқаным той – тілегім үшін дастархандағы дәмнен алып отырыңдар!

Туған күнге тілектер | Просмотров: 7709 | Добавил: Admin | Дата: 17.07.2014 | Комментарии (0)

Жаңа жылға тілектер қазақша 2014 - 2015

 

 

Поздравляем Вас с самым сказочным праздником – Новым Годом! Только в эту ночь каждый из нас становится ненадолго ребенком и искренне верит в чудо! И чудо непременно должно случиться! Пусть в Вашей памяти останутся только добрые и приятные воспоминания об уходящем годе! Это позволит смело и радостно глядеть в будущее! Пусть счастье, хорошее настроение и удача, станут Вашими вечными спутниками!

Сізді әлемдегі ең ғажайып мейрам – Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз! Тек осы кеште ғана біз өзімізді сәбидей сезініп, ғажайыптың бар екеніне сенеміз. Өтіп бара жатқан жылдың жақсылығы ғана есте қалып, болашақта жүзінізден тек күлкі көрінсін! Сізге өмірде бақыт, жұмысыңызда жеміс, зор денсаулық тілейміз!

Туған күнге тілектер | Просмотров: 8605 | Добавил: Admin | Дата: 02.06.2014 | Комментарии (0)

7 мамыр отан қорғаушылар күні тілектер


Әр сүйем жер үшін, ата-баба қонысын жаудан көздің қарашығындай қорғап жүрген еңсегей бойлы ерлерді, жаужүрек, қайсар мінезді сардарларымыз бен сарбаздарымызды бүгінгі мерекелерімен құттықтап, зор денсаулық, қажымас қайрат, жанұяларыңызға баянды бақыт тілейміз! 

***** 
Бар өмірін әскери іске арнап,  күн-түн қатып, елін, жерін қорғап, өз қызметін мінсіз атқарып келе жатқан жауынгерлерімізге алғысымызды білдіреміз. Еңбектеріңіз жемісті болсын! Әрқашанда аспанымыз ашық болып, еліміздің тыныштығы бұзылмасын. 

****** 
Ертеде жаугершілік жиі болатын кезде, қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады. Екі достың біреуі тұтқиылдан тиген жау қолына түседі. Досының қолға түсіп қалғаның естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен, өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. 
- Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған айырбасқа берер малым, мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол - өзімнің өмірім. Досымды босатыңдар, - дейді. 
Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады: 
- Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін берсең болды – маған екі көздерің керек, - дейді қолбасы, - екі көзіңді ойып аламын! 
- Ол да болсын, көзімді тезірек ал да, досымды босат, - дейді жігіт. 
Сөйтіп, әлгі жауынгер тұтқыннан босаған досының иығына қолын артып, зағип күйі қуанып, күлімдеп келе жатады. Мұны көрген жаудың қолбасшысы: 
- Мынадай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп бас салмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу қиынға соғады екен, - деп түйіпті. 
Мен де сізге осындай жанын аямайтын, жолдасын жауға тастамайтын қазақтың жауынгерлерінің достығын тілеймін. 
Туған күнге тілектер | Просмотров: 4963 | Добавил: Admin | Дата: 18.03.2014 | Комментарии (0)

9 мамыр жеңіс күні тілектер


Ел халқына шат-шадыман күлкі мен тыныш өмір сыйлауда әскеріміздің атқарып жатқан қызметтері ұшан-теңіз. Армиямыздың айбынын асқақтататын сардарлар мен сарбаздарымызға қандай құрмет көрсетсек те жарасады. Сіздерді бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтай отырып,  зор денсаулық, қажымас қайрат, жанұяларыңызға бақыт пен шаттық тілейміз! 

****** 
Сіздерді 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 
Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз. 
Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілейміз. 

******** 
Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін! 

******** 
- Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген  аталы сөз бар. Біз осындай жандардың ержүрек істеріне сай сый-құрмет көрсете отырып, олардан өнеге алып өсетін жас ұрпақ Отанына адал қызмет етеді деп сенеміз. Мерейлі мерекемен құттықтай отырып, баршаңызға мықты денсаулық, зор табыстар тілейміз.
Туған күнге тілектер | Просмотров: 2533 | Добавил: Admin | Дата: 18.03.2014 | Комментарии (0)

Құрметті астаналықтар және қала меймандары!

Сіздерді 9-мамыр – Ұлы Жеңіс Күнімен шын жүректен құттықтаймын! 

Бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен елордамыздың гүлденуі де – осынау мерекенің жемісі.

Бүгінгі ұрпақ аға буын-ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді. Осынау ерлікке толы Күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек. 

Баршаңыздың дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ пен береке тілеймін!

Туған күнге тілектер | Просмотров: 31826 | Добавил: Admin | Дата: 16.02.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 21-24