Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 26.9.2023
Главная » Статьи » Туған күнге тілектер » Қазақша сценарийлер

В категории материалов: 81
Показано материалов: 71-80
Страницы: « 1 2 ... 6 7 8 9 »

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам

Соңғы қонырау әзірлемесі.

 

(Барлық оқушы сапқа тұрған)

Фанфары.

1-жүргізуші: Тындаңыздар! Тындаңыздар!

2-жүргізуші:

Армысыздар жиналған ата-ана, ұстаз

Той жиынсыз өмірдің мәні болмас

Арамыздан талпынып қақты қанат

11 жылда оң солын таныған жас

1-жүргізуші:

Бастайтын жолға сан тарап

Басталсын көне всалтанат

Дәл осы сәтті біздермен

Тойлайды бар ел шартарап

2-жүргізуші:

Құрметті қонақтар, ұстаздар, ата-аналар және оқушылар! Қиындығы мен қызығы мол тағы бір оқу жылы артта қалды. Алда жайдары, жарқын жаз, көңілді демалыс, танымсыз еңбек тоқсаны. Баршаңызды оқу жылының аяқталуымен "Соңғы қоңырау” түлектермен қоштасу мерекесімен құттықтаймыз.

Қазақша сценарийлер | Просмотров: 20637 | Добавил: Admin | Дата: 12.11.2013 | Комментарии (0)

Наурыз тойын тойлау үлгілері

Ірі мекемелерде Наурыз тойын тойлауға аса мән беріле бермейтіні рас. Осы орайда қызметкерлер үшін де, ұйымдастырушылар үшін де көп дайындықты қажет етпейтін апталық іс-шаралар жоспарын назарларыңызға ұсынамыз.

 

Өз мекемемізде тәжірибеден өткен, қатысушылардың көңілінен шыққан Наурыз апталығы мынадай негізгі кезеңдерден тұрады:

Дайындық кезеңі:

Апталық іс-шаралар жоспарын құру.

Басшылармен келісу.

Ұлттық сипаттағы сыйлықтар мен грамоталар сатып алу.

Сценарий дайындау.

Қатысушыларды іріктеу.

Қызметкерлер арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу.

Өткізу кезеңінде ескеретін жайттар:

Қызметкерлердің жұмысбастылығын ескеріп, таңертең жұмыс алдында бүгін өткізілетін  іс-шараның түрін, қатысушылардың аты-жөнін көрсете отырып, кешке жұмыс аяғына қарай күн қорытындысын жариялап, хабарландыру жіберіп отыру. Бұл, біріншіден, еске салу, екіншіден, қызықтыру мақсатында жасалады.

Қазақша сценарийлер | Просмотров: 19495 | Добавил: Admin | Дата: 12.11.2013 | Комментарии (0)

Наурыз сценарийі

 

Дайындаған Жанар Аманғалиева

Балалардың қатысуымен өткен НАУРЫЗНАМА-2010

 

Жүргізуші бала:

         Армысыздар, үлкен-кіші ағайын!

         Бүгін – Самарқанның көк тасы еріген күн.

         Бүгін – Жаңғыру мейрамы!

         Бүгін – Жыл басы, Жаңа жыл!

Қазақша сценарийлер | Просмотров: 21524 | Добавил: Admin | Дата: 12.11.2013 | Комментарии (0)

«Төрлет, Ұлыстың Ұлы күні!»

 

«Сүгір-ай» күйі ойнап тұрады.

 

Жүргізуші:                   Құрметті әріптестер!

 

         Шығыстың күнтізбесі бойынша күн мен түннің теңескен көктемгі мерекесі, жыл сайын асыға күтетін жарқын үміт, жастық пен жаңару мерекесі, бүкіл әлемге береке-бақыт пен бейбітшілік дарытатын Ұлыстың Ұлы күні әз-Наурыз құтты болсын!

Күншығыстың Наурызы келгенде Самарқанның көк тасы еріп, жылғалардан су ағып, бәйшешек гүл атып, күннің көзі бүкіл ғаламға нұрын шашып, үйсізді үйлімен теңестіріп, бай мен жарлыға бірдей сәуле төгетін, Табиғат-Ана бусанатын көктем айы, табиғат мейрамы.

 Осындай даналықтың ұлы мейрамы Наурыз, мінеки бізге де келіп жетті. Ендеше, төрлет, елімізге құт-береке дарытатын әз-Наурыз!

Қазақша сценарийлер | Просмотров: 2341 | Добавил: Admin | Дата: 12.11.2013 | Комментарии (0)

Қазақстан рәміздері

Жоғары сынып оқушыларына арналған тарихи-танымдық турнир

          Дайындық кезеңі: Шараны өткізу үшін ҚР елтаңбасы, әртүрлі елдердің елтаңбалары, Қазақстан қалаларының ертедегі елтаңбалалары, алғашқы этностық-мәдени нышандар, Кеңестер Одағының елтаңбасы, тулардың суреттері дайындалады.  Бұл шараны өткізу үшін Е.Шаймерденовтың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері атты рәмізтану саласына байланысты жарық көрген кітабының пайдасы зор болады. Ондағы түрлі-түсті рәміздік белгілердің суреттерін жұмыс барысында пайдалануға болады.

        Жоғары сынып оқушылары арасында Қазақстан рәміздеріне байланысты шығарма, өлең жазып келу тапсырылады. Шара барысында осы шығармалардан үзінділер оқылады.

      Турнирдің шарты: Қатысушылар үш топқа бөлінеді. Жарыс үш турдан тұрады: І.Елтаңба ІІ. Жалау. ІІІ. Әнұран

Қазақша сценарийлер | Просмотров: 15857 | Добавил: Admin | Дата: 12.11.2013 | Комментарии (0)

Жаңа жылға арналған мерекелік ертеңгілік өткізілетін, әсем безендірілген залға балалар қол ұстасып кіреді

Балалар
Жаңа жыл, жаңа жыл.
Жаңа жылда-жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында
Жадырап бар бала жүр.

Тамаша.тамаша!
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.

Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған,
Miнe, сұлу шыршамыз.
Көптен күтіт, сағынған,
Кел, балалар, келіндер,
Тамашаны көріңдер.

Тәрбиешіге 6әpi қосылып:

 
Қала нұр, дала нұр
Құтты болсын Жаңа жыл!

«Жаңа жыл» әні орындалады.

Қазақша сценарийлер | Просмотров: 28750 | Добавил: Admin | Дата: 12.11.2013 | Комментарии (1)

КАУСАРҒА- ӘЖЕЛЕР САЙЫСЫНА!!!!
Көктемнің хабары кеп, сел ебімен
Мұз еріп,көк көрініп жылы желмен
Сай-сала буырқанып,су сылдырап
Наурыздың лебі соқты Шелегімнен
Бүгінде заман басқа,дәстүр бекем
Жаңарған әр салтымыз неткен көркем
Ел-жұртым құтты болсын әз мерекең
Тәнірдің бұл да берген сиы екен
Әжелер сайысына қатыспаққа 
Қызықтап Каусарымның бал қылығын
Албанның Шикіл атты әулетінен
Қожақан-Сәбитжанның отбасынан
Қуат пен Аиданың тұңғыштары
Көзімді ашып көрген қызығыммен
Келіні осы ауылдың отыз жылдай
Кесе өтпей үлкен-кіші аясынан
Бұл күнде ене атанған ақ самайлы
Жетелеп немересін келіп тұрған
Анасы төрт баланың Бақытгүлмін!
Отыз жыл мекен еткен ақ босағам
Қызындай мені көрген асыл апам
Көгеріп көк орманың өсе берсін
Ененің топырағынан ....дейді қазақ
Қолымнан келгенімше риза етем
Жүзге кеп,жасай берші асыл анам!

Қуаттың нағашысы ер Қабанбай
Аруағы жатыр ма екен бір оянбай,
Найзасы жер қаппаған қайран бабам
Жетелер жиендерін талай-талай!
Әжелер құтты болсын мерекеміз
Бәріміз бір-бір үйге берекеміз
Той тойлап,қызықтайық бұл сайыста
Дейді екен...
Бағасың өскенінше балаңызды...
Дегенмен 
Артымызда қала
Берсін....
Ұрпақтар,немере мен
Шөбереміз !!!

Қазақша сценарийлер | Просмотров: 8181 | Добавил: Admin | Дата: 12.11.2013 | Комментарии (0)

Наурызды тойлау /бесікке салу

Наурызды тойлау сценарийі

Бесікке салу дәстүрін көрсету

дайындаған Жанар Аманғалиева

 

Сынып іші наурыз нақыштарымен әдемі безендірілген. Көрініске ата-аналар, мұғалімдер, балалар қатысады.

 

1-көрініс. Бесік сатып алу.

 

Әкесі: - Саламатсыз ба, қария!  Мына бесігіңіз қанша тұрады?

Қария: - ә, шырағым, ала ғой. 20 мың теңге.

Әкесі: - қойыңыз, ол қымбат емес пе, атай? 15 мыңға беріңіз.

Қария: - әй, көргенсіз, бесіктің бағасын ешқашан саудаламайды қазақта.

Әкесі:  - ой, қария, сіз ренжімеңіз, шынымен қымбатсып тұрмын. 

Қария: - балам, есіңде болсын: бесікті саудаламайды. Айтқан бағасына алып жүре береді.

Әкесі:  - қымбат болса ше?

Қария: - бесік жасайтын шеберлер аса ынсапты, ниетті келеді. Олар киелі дүниенің бағасын аспандатпау керегін жақсы біледі,  балам.

Әкесі: - мына бесік неден жасалған?

Қария: - Қазақтар бесікті қарағайдан, қайыңнан, көбіне талдан жасайды. Бесікті «тал бесік» деп атаудың сыры осында. Бесік көшіп-қонатын қазақ тіршілігіне өте ыңғайлы. Оны түйе үстіне, өзге жүктермен қоса артып жүре береді. Кейде бала бөленген бесікті де осылай алып жүретін болған. Себебі «баланың ұйқысын бұзған періштенің үйін бұзғанмен барабар» деп ұққан.

Әкесі: - ал мынау не ілініп тұрған.

Қария: - ол бесіктің бір түрі – аспалы бесік.

Әкесі: - мақұл, ата. Әңгімеңізге рахмет. көп нәрсені білдім. Алайын бесікті. Мінеки 20 мың теңге.

Қария: - мынауың жөн. Сәбиің ғұмырлы болсын, халқының қалаулысы, елінің елеулісі, қоғамның  бетке ұстар азаматы болсын.

Әкесі: - рахмет ата, сау болыңыз.

Қазақша сценарийлер | Просмотров: 52752 | Добавил: Admin | Дата: 12.11.2013 | Комментарии (0)

Наурыз сценарий

 

Дайындаған Жанар Аманғалиева

Балалардың қатысуымен өткен НАУРЫЗНАМА-2010

 

Жүргізуші бала:

         Армысыздар, үлкен-кіші ағайын!

         Бүгін – Самарқанның көк тасы еріген күн.

         Бүгін – Жаңғыру мейрамы!

         Бүгін – Жыл басы, Жаңа жыл!

 

****** Сахна сыртынан шу естіледі***************

 

Жүргізуші бала:

Бұл не шу?

Бұлар кімдер?

Ә, көріп тұрмын, танып тұрмын.

Анау тұрған Қар екен,

Мынау тұрған Күн екен!

Ендеше, достар, біз қазір бүгінде ұмытыңқырап бара жатқан, жиі айтыла бермейтін, Ақ пен Қараның, Зұлымдық пен Залымдықтың, Жамандық пен Жақсылықтың тартысын суреттейтін Қыс пен Жаздың айтысына куә боламыз.

Қазақша сценарийлер | Просмотров: 47238 | Добавил: Admin | Дата: 12.11.2013 | Комментарии (0)

ЖАСАЙ БЕР, АНА ТІЛІМ – ҚАЗАҚ ТІЛІ!

(Тақырыптық кеш)

 

Ана тілі бәрінен де биік- ханнан да,      

қарадан да. Саясатшылар келеді,

кетеді, ал ана тілі – мәңгілік.  

Осыны есте ұстайық.                             

Марат Қабанбай.

 

Мақсаты: Оқырмандардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, ана тілін қастерлеуге баулу.

Дайындық кезеңі: Оқырмандарға ана тіліне арналған өлең шумақтары мен әндер жаттап келуге тапсырма беріледі.

Безендірілуі: "Қазақ тілі – болашағым, ертеңім...” атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, гүл шоқтары қойылады, нақыл сөздер, шарлар, қазақ тілін зерттеуші ғалымдардың портреттері ілінеді. 

 

Сахнаға екі бастаушы шығып, М.Қанафияұлының "Жасай бер, ана тілім!” өлеңін оқиды.

 

1-бастаушы:        Жылаған алғашқы іңгә үннен тілім,

                            Жөргекте былдыр қағып күлген тілім.

                            Жағымды ана әлдиі, ақ сүтімен,

                            Жүрегіме, қаныма сіңген тілім.

 

2-бастаушы:        Жанымды жадыратқан бала тілім,

                            Жыр, ертек жаттаттырған сана тілім,

                            Жаралып жермен бірге, күн көзімен,

                            Жасасқан қазақ тілі – ана тілім.

Қазақша сценарийлер | Просмотров: 29616 | Добавил: Admin | Дата: 12.11.2013 | Комментарии (1)

1-10 11-20 ... 51-60 61-70 71-80 81-81