Темір туралы слайд,презентация

Темір табиғатта таралуы бойынша екінші металл. Оның жер қыртысындағы үлесі 5,1%. Метеориттердің құрамытемір бар.
Темірдің маңызды өнеркәсіптік кендері:қызыл теміртас (Ғе2О3), магниттік теміртас (Ғе3О4) , пирит (ҒеS2)
Темір минералды сулардың құрамында сульфат (FeSO4) және гидрокарбонат
Fe(НСО3)2 түрінде кіреді.
Темір – жылтыр, күмістей ақ түсті металл, оның тығыздығы – 7,87г/см3. Оның балқу температурасы +15390С – тан жоғары. Қаттылығы – 4,6. Темір иілгіштік, оның оңай магниттенетін және оны жоғалтатын қасиеттері бар, техникада кеңінен қолданылады.
Темір орташа белсенді металл. Белсенді бейметалдар темірді тотықтырады :
2Fe + 3CІ 2FeCІ
Fe + S FeS.
Қыздырылған темірдің жұқа жоңқалары оттекте темір қағын түзіп жанады :
3Fe + 2O2 Fe3O4 (FeO Fe2O3)
Қыздырылған темір су буымен әрекеттеседі:
Fe + H2O FeO + H2
Ылғал ауада темір тотығу өнімінің қоспасы тотпен қапталады :
4Fe + 6H2O +3O2 4Fe(OH)3
Қышқылдармен әрекеттесіп, сутекті тотықсыздандырады:
Fe +2HCІ FeCІ2 + H2
Темір белсендінгі төмен металдарды тұздарынан тотықсыздандырады:
Fe +CuCІ2 FeCІ2 + Cu
Ғе+3 темір ионын анықтау үшін калий тиоцианатын реактив ретінде қолданады.
ҒеСІ3 + 3КSСN Ғе(SСN)3 + 3КСІ
Ғе+2 темір ионын анықтау үшін калий гексацианоферрат (ІІІ) реактив ретінде қолданады

Ұнады ма? Онда достарыңмен бөліс!
|