Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 2.8.2020
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » География

Алтын Орда слайд, презентация
загрузка...

Алтын Орда слайд, презентация

 

 

Шыңғыс хан (Тэмүүжин) — Азияда  тұңғыш біртұтас мемлекет құрушы, өз заманының аса ірі әскери және мемлекет қайраткері. Ежелгі ру басшысы Есүхей батырдың отбасында туған. Моңғол империясын
негізін қалаған хан.
Бату, Батый, Сайын хан (, қыт.   拔都可汗) (1208-1255ж)  Алтын Орданың негізін қалаған хан (1227-1255.ж), қолбасшы.  Шыңғыс ханның  немересі, Жошының  екінші ұлы.  Шешесі — қоңырат  Елші  ноянның  қызы Кочу хатун   Бату 1227 жылы Жошы  өлгеннен кейін Шыңғыс ханның ұйғарымымен әкесінің ұлысына  хан болды. 1229  жылы Үгедейді  моңғол  империясының ұлы ханы сайлаған Қарақорымдағы  Құрылтай  жиналысына қатысты. 1236—1242  жылдары біріккен ұлы хандық әскерінің Русь  пен Шығыс Еуропаға  жорығына қолбасшылық етті (қосымша Батудың Русь пен Шығыс Еуропаға  жорығы).   Жошы ұлысын  Ертістен  Дунайға  дейінгі байтақ өлкені алып жатқан Алтын Орда  мемлекетіне  айналдырды. 1251 жылы Онон  өзені бойында өткен Құрылтай жиналысында Батудың қолдауымен Мөңке  ұлы хан болып сайланды. Батудың  26 әйелі, Сартақ , Тоқан,  Әбуқан,  Улақшы,  есімді 4 ұлы болған. Бату Еділдің сағасындағы (Ахтуба  алқабы) аралдарының бірінде орналасқан Сарай  қаласында жерленген.
Батыйдың (1236-1242 ж.) Шығыс Еуропаға жорығының нәтижесі- Венгрия, Литва, Польша, Қрым және Русь жерлері  Моңғол меншігіне өтті.
1251 ж-Үгедей ұлысы  жойылады. Ұлыс жері  Төленің үлкен ұлына  Мөңке  ханға беріледі. Кейін 1260 ж  таққа Құбылай отырады.
'Берке''',Береке,Беркай (1209 — 1266) — Алтын Орда  ханы (1255 — 66),  Жошының  үшінші ұлы, Батудың  інісі. Берке әкесінің тірі кезінде-ақ  Дешті Қыпшақ пен Түркістанның әміршісі болып тағайындалды. Билік басына келісімен исламды ресми дін етіп жариялап, осыған орай Алтын Ордада билеуші топ өкілдерінің жаппай  мұсылман  дінін қабылдауы Дешті Қыпшақта араб мәдениетінің таралуына жол ашты. Берке  Құбылайды  Шыңғыс хан  империясының ең жоғарғы билеушісі ретінде мойындаудан бас тартып,  Жошы  ұлысын дербес мемлекетке айналдыруға тырысты. Тек халифтардың діни үстемдігін ғана мойындайтынын білдіріп, соңғы  халиф Наср әд-Диннің атымен теңгелер шығарды. Берке билік еткен тұста сауда, қолөнер дамыды. Ахтубада Сарай-Берке  қаласы бой көтеріп,  Еділ  бойында қала құрылысы өрістеді. Берке салық салу үшін Русьте халық санағын жүргізді (1257), оны жинайтын ''басқақ'' лауазымын белгіледі. Алтын Орда мен Ирандағы Хулагу мемлекеті арасындағы соғыс Беркені  Египеттегі  мәмлүк сұлтандарымен жақындастырды (қ. Алтын Орда — Египет қарым-қатынастары). Алтын Орда мен Дешті Қыпшақ|Дешті Қыпшақтың араб авторлары жазбаларында ''“Берке жері”'' деп аталуы осы достық қатынасты айғақтайды. 1262 ж. Берке әскері хулагуліктердің одақтасы Византияның иеліктерін талқандады. Берке 1266 ж. Кавказға жасаған жорық кезінде қайтыс болып, Сарай-Беркеде жерленді.
• Ордада ұлыстық жүйе қалыптасып, Батый хан тұсында мемлекет екіге бөлінді: ► Оң қанат - Батый хан билігі. ► Сол қанат - Орда Ежен хан билігі (Жошының үлкен баласы). 
Қазақстан жерінің көп бөлігі сол қанат кұрамына енді. Басқару құрылымы: • Сұлтандар - ханнан кейінгі әлеуметтік басқарудың ең жоғарғы тобы. • Құрылтай - ақсүйектердің жалпы империялық жиналысы. Құрылтайда хан жариялау жэне таққа отырғызу рэсімдері жасалды. • Диуан - ең жоғарғы атқарушы орган. Қаржы, салық мэселесін, мемлекеттің ішкі істерін атқарды. • Беклербек - эскери істерді басқарушы. • Уәзір - азаматтық істі басқарушы • Мәлік - азаматтық басқару билігін жүргізушілер (түрік эулетінен). • Даруғалар - салық жинады, халық санағын өткізіп, эскер жинады, байланыс қатынасын ұйымдастырды. • Басқақтар - басқару қызметін атқарды, эскери бақылау жүргізді, салық жинады. • Білікшілер, хатшылар - іс қағаздарын жазушылар • Нояндар, бектер, әмірлер, баһадүрлер -эскербасылар. Алтын Орда хандары ислам дінін қабылдағаннан кейін іс жүргізу жұмыстарын түрік (ұйғыр) жазуымен жүргізді. XIV ғ. - Алтын Орда мұсылмандық мемлекетке айнала бастады.
ХІІІ-ХІV ғ.-да Алтын Орда күшті мемлекет болды. 
Батый хан тұсында (1227-1255) Алтын орда Моңғол империясына тәуелді болды. 
Берке хан (1257- 1267) тұсында тәуелсіздігін жариялады. 
Мөңке хан (1267-1280) өз атынан теңге шығарды. 
1260ж. – Моңғол империясы бірнеше тәуелсіз ұлыстарға ыдырады. 
ХІV ғ.- ң бірінші жартысында Өзбек (1312-1342) және Жәнібек (1342-1357) хандар тұсында мемлекет күшейді. Батыс Еуропамен, Кіші Азия, Египет, Үндістан, Қытаймен сауда қатынасы дамыды. 
1312 - Өзбек хан исламды мемлекеттік дін етіп жариялады. 
50 ж.-дың ортасында Жәнібек ханды үлкен баласы Бердібек өлтіргеннен кейін “ұлы дүрбелең” басталды.
1357-1380 жж 25 хан ауысты
1380ж Куликова шайқасында түменбасы Мамай әскері Дмитрий Донской әскерінен жеңілді.
Тоқтамыс(1380-1395) осыны пайдаланып хан болды. 
1389,1391,1395ж. Әмір Темір шабуылдап Алтын Орда әлсіреді. 

 

 

 



Категория: География | Добавил: Admin (20.03.2014)
Просмотров: 7556 | Теги: презентация, Алтын Орда, ыдырау, орда, тарих, мемлекет, слайд | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]