загрузка...
Химиялық реакциялардың бағытталуы слайд,презентация

Қоршаған ортамен байланысына қарай үш топқа бөлеміз:
1.Жабық жүйе –қоршаған ортамен энергиясымен алмасып, массасымен алмаспайтын жүйе.
2.Оқшау жүйе(тұйық жүйе)-қоршаған ортамен массасымен де, энергиясымен де алмаспайтын жүйе.
3.Ашық жүйе –қоршаған ортамен энергиясымен де массасымен де алмасатын жүйе.
1.гомогендік жүйе-бір фазадан тұрады.
2.гетерогендік жүйе-бірнеше фазадан тұрады.
Фаза-кез-келген нүктеде құрамы мен қасиеттері бірдей, бөліну бетімен шектелген гетерогендік жүйенің бір бөлігі.
1.интенсивтік (қарқындылық) параметрлері –жүйелер бір-бірімен әрекеттескен кезде жүйенің қасиеттері массаға тәуелсіз теңесетін шамалар (температура,қысым,тығыздық,концентрация,μ- химиялық потенциал).Бұларды жүйе күйінің негізгі параметрлері деп атайды және оларды бірден өлшеуге болады.
2.экстенсивтік (сиымдылық )параметрлері-массаға тәуелді жүйенің қасиеттері(көлем,масса,Cm –жылу сиымдылығы,U-ішкі энергия, H-энтальпия,S-энтропия,G-Гиббс, F-Гельмгольц энергиялары).Бірден өлшеуге болмайтын параметрлерді (ішкі энергия, энтальпия,Гибсс энергиялары) жүйе күйінің негізгі параметрлерінің фунциялары деп атайды.
Термодинамиканың бірінші заңы-энергия жоқтан пайда болмайды және жоғалмайды, ол тек бір түрден екінші түрге эквивалентті өзгеріп отырады.Осыдан,жүйеге берілетін жылу (Q) жүйенің ішкі энегриясының (U) өзгертуге және сыртқы ортаға қарсы жұмыс (W) істеуге жұмсалады:
Q=ΔU+W немесе Q= ΔU+pΔ V (1)
(1)- термодинамиканың бірінші заңының математикалық теңдеуі.
Изохоралық процесс үшін (V=const): Qv= ΔU
Изобаралық процесс үшін (P=const):Qp= ΔH
Жүйенің сыртқы ортаға қарсы жасаған жұмысы- W=Pсыртқы ΔV

Ұнады ма? Онда достарыңмен бөліс!
|