Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 23.9.2023
Главная » Статьи » Қазақша анекдоттар

В разделе материалов: 63
Показано материалов: 1-10
Страницы: 1 2 3 ... 6 7 »

Баласы мен анасы:
- Шеше, неге әкеміздің басында шашы өте аз?
- Себебі ол көп ойлайтын ақылды адам.
  - А-а! Ал сенің шашың неге көп?
- Көп сөйлемей тамағыңды іш!

Қазақша анекдоттар | Просмотров: 4045 | Добавил: Admin | Дата: 13.11.2015 | Комментарии (0)

Баласы әкесінен:
- Әке, ақша деген немене?
- Ақша деген – қымбат көлік, зәулім сарай, кофе және сұлу қыздар!
 - Ал ақша жоқ болса, не болады?
- Ақша жоқ дегеніміз – автобус, жатақхана, қара шай және сенің шешең...

Қазақша анекдоттар | Просмотров: 3534 | Добавил: Admin | Дата: 13.11.2015 | Комментарии (0)

- Маам! Маа-мааа!
- Не болды сонша айқайлап! Мен қонақ бөлмедемін, бері келші, не керек өзіңе? Дұрыстап айтшы.
Бүкіл бөлмелерді аралап келген баласы:
- Мама, мен боқ басып кеттім!

Қазақша анекдоттар | Просмотров: 2654 | Добавил: Admin | Дата: 13.11.2015 | Комментарии (0)

 

 

Жол апатына түскен жүргізуші есін жиып сұрайды:
— Қайдамын?
Медбике жауап қайырады:
— Сіз 25-іншідесіз...
— Палатада ма, камерада ма?

 

Қазақша анекдоттар | Просмотров: 2621 | Добавил: Admin | Дата: 10.11.2014 | Комментарии (0)

- Жүргізуші, жылдамдықты неге асырасыз?
- Арақтың әсері жетпегенше, үйге дер кезінде жетіп алайын деп едім.
***
 
-Машина сатып алғалы өміріңде не өзгеріс болды?
-Жолдан абайлап өте бастадым.
***
 
 Газельдегі хабарландыру:
"Рөлге мінген жүргізуші нағыз маман, бұл оның 10-шы машинасы".

Қазақша анекдоттар | Просмотров: 3476 | Добавил: Admin | Дата: 10.11.2014 | Комментарии (0)

 Жол полицей қызметкері адамға толы джипті тоқтатып, аң-таң болады.
 Көліктегі адамдарды санап алып:
- Жігіттер, бәрін де түсіне аламын. Джипке 5, максимум 7 адам сияды. 16 болып қалай қыстырылыстыңдар?-десе, ішіндегі ақылдысы басын терезеден шығарып алып:
-Бауырым, мектепте оқымағансың-ау деймін. Артқы терезеде көріп тұрсың ба:"TOYOTA LAND CRUISER 4X4" деп жазылып тұр емес пе?!- депті.

Қазақша анекдоттар | Просмотров: 2248 | Добавил: Admin | Дата: 10.11.2014 | Комментарии (0)

 

-Қымбаттым, мені құттықтасаң болады. Бағдаршамның қызыл түсіне 5 рет өтіп кеткеніммен, маған бір рет те айыппұл салмады! Мен сол ақшаға сәл қаражат қостым да,  өзіме әдемі көйлек сатып алдым. Керемет емес пе?!

Қазақша анекдоттар | Просмотров: 2324 | Добавил: Admin | Дата: 10.11.2014 | Комментарии (0)

Сүйіп қарайтын киноңыз қандай?- деп Мюллер Штирлицтен сұрайды.

"Волга-Волга" деп айтқысы келген Штирлиц дер кезінде ойын жинап алып:

- "Фольксваген-Фольксваген" деген екен.

Қазақша анекдоттар | Просмотров: 2384 | Добавил: Admin | Дата: 10.11.2014 | Комментарии (0)

Жол полицей қызметкері машинаны тоқтатып, жүргізушіге былай дейді:

- Сіз осы қиылысты жол ережелерін бұзбай бірінші болып өттіңіз, міне сізге сол үшін 200 доллар.

-О! Керемет болды, барып жүргізуші куәлігін сатып алайын.

-Сіздің куәлігіңіз жоқ па еді?

Әйелі:

-Араққа тойып алған адам не демейді, тыңдамаңыз оны.

-Ішімдік ұрттадыңыз ба?!

Жүргізушінің енесі тұрып:

-Айттым ғой, ұрлап алған машинамен алысқа бара алмаймыз деп!

Қазақша анекдоттар | Просмотров: 2316 | Добавил: Admin | Дата: 10.11.2014 | Комментарии (0)

 

Лық толы автобусқа әрең мінген кемпірге ешкім орын бергісі келмейді. Сонда кемпір күбірлеп:

-Алматыда зиялы қауым қалмаған ба?-дейді. Сонда отырған біреу:
-Зиялы қауым... әжетай, автобуспен жүрмейді!-депті.  

***

Аялдамада автобус тұр. Шопыр қолына бір бөтелке алады да, жолаушылардан:

-Біреу-міреу ішкісі келе ме?-деп сұрайды. Ешкімде үн жоқ. Шопыр ішіп болып, темекісін тұтатып жатып, тағы бір бөтелкені қолына алып:

-Біреу-міреу ішкісі келе ме?-дейді тағы да. Тағы да ешкім тіл қатпайды. Сонда шопыр басына мотоцикл бас киімін киіп:

-Жарайды, ендеше, кеттік!-депті. 

Қазақша анекдоттар | Просмотров: 2263 | Добавил: Admin | Дата: 10.11.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 21-30 ... 51-60 61-63