Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 29.6.2020
Главная » Статьи » Қазақша өлеңдер жинағы » Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

Отыздан асып барамын өлеңі (Мұқағали Мақатаев)
загрузка...

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

ОТЫЗДАН АСЫП БАРАМЫН!

Сұқтанып тұрып жанарың,
Сұрыма неге қарадың?
Солай да, солай, қарағым,
Отыздан асым барамын.

Шашымның санап әр ағын,    
Таңырқай берме, қарағым.
Санаулы басқан әр адым,
Отыздан асып барамын.

Белгісі тұр ма ағаның,
Бетіме неге қарадың?
Бақытын тілеп баланың,
Отыздан асып барамын.

Қуанып кейде қаламын,
Қуарып кейде қаламын.
Аттанған ата-ананың
Артынан қуып барамын.



Категория: Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы | Добавил: Admin (16.11.2016)
Просмотров: 1473 | Теги: Мұқағали, Отыздан, өлеңдер | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]