Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 26.9.2023
Главная » Статьи » Қазақша өлеңдер жинағы

В разделе материалов: 72
Показано материалов: 71-72
Страницы: « 1 2 ... 6 7 8

Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы

Кейде есер көңіл кұрғырың, 
Махаббат іздеп талпынар.
Ішем деп бейнет сусынын,
Асау жүрек алкынар.

Тарткан бейнет, өткен жас, 
Жүрекгің отын сөндірмес. 
Махаббат — өмір көркі, рас,
Өлген соң ол да үндемес.

Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы | Просмотров: 3387 | Добавил: Admin | Дата: 04.11.2016 | Комментарии (0)

 

Қалың елім, қазағым, қайран жұртым, 
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.
Жақсы менен жаманды айырмадың,
Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың.
Бет бергенде шырайың сондай жақсы,
 Кұдайдан ғана бұзылды сартша сыртың? 
Ұқпайсың өз сөзіңнен баска сөзді,
Аузымен орақ орған өңкей қыртың.
 Өзімдікі дей алмай өз малынды,
Күндіз күлкің бұзылды, түнде — ұйқың. 
Көрсеқызар келеді байлауы жоқ,
Бір күн тыртың етеді, бір күн — бұртың. 

Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы | Просмотров: 8573 | Добавил: Admin | Дата: 04.11.2016 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 51-60 61-70 71-72