Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 2.12.2023
Главная » 2016 » Ноябрь » 30 » Ойыншықтар сыры балабақша ойындары
15:16
Ойыншықтар сыры балабақша ойындары
загрузка...

Ойыншықтар сыры

 

Тақырыбы: Ойыншықтар сыры.
Тобы: Бірінші сәбилер тобы.
Мақсаты: Балаларды ойыншықтардың түрімен, оның көлемімен, пішіндерімен таныстыру. Ойыншықтар туралы тақпақтар айтқызу арқылы, сөздік қорын молайту. 
Балалардың қабылдау, есте сақтау қаблетін дамыту. Ойындар ойнату арқылы балалардың ынтасын арттыру.
Көрнекіліктер: Түрлі-түсті ойыншықтар, үлгі суреттер, үнтаспа.
Әдіс -тәсіл: Түсіндіру, көрсету, әңгімелеу, сұрақ -жауап ойыны.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің барысы: Балалар музыка әуенімен залға қолдарын шапалақтап кіреді. Келген қонақтармен амандасады.
Тәрбиеші: Балалар, бізге күн сәулесін төгіп тұр. Қане қолымызды жоғары көтеріп күннен жылулық алайық. Осы жылуды бойымызға төмен қарай береміз. Енді бір-біріміздің қолымыздан ұстап, күліп қарап жылы лебімізді білдіриік. Осы алған жылуды бәріміз бір ортаға жинап, топты нұрландырамыз.
Осы кезде әсем әуенмен Күлдірген келеді.
Күлдірген: 
-    Сәлеметсіздерме, балалар?
-    Сәлеметсіз бе?
-    Мен балалар күлдіргенмін.
-    Балалар сендердің аттарын кім?
-    Менің атым Назерке.
-    Ал сенің атың кім?
-    Менің атым Темірлан.
-    Ал сенің атың ше?
-    Менің атым Әсем.
-    Ал сенің жасың ше?
-    Менің жасым екі де.
-    Ал сенің жасың нешеде?
-    Менің жасым үште.
Ой қандай жақсы балалар аттарың да, дастарың да нешеде екенін біледі екен.
Күлдірген: Апай мен керемет сиқыршымын. Мен жүрген жердің бәрі ғажайып әлем, мен сіздің балаларыңызға керемет көрсетіп берейн бе?
Тәрбиеші: Жарайды көрейік, кереметіңді көрсетші онда. Үстел үстінде түрлі-түсті әдемі ойыншықтар тұрады, беті жабулы, Күлдирген жапқышты ашып  қалғанда...
Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы қандай керемет әдемі ойыншықтар бар. Олай болса қане балалар ойыншықтармен сырласайқ. Сендер қандай ойыншықтар көріп тұрсыңдар айтыңдаршы? Аю, қоян, ит, қой, сиыр, мысық.
Балалар, мысық қалай дыбыстайды екен?
-    Мяу-мяу дейді,
-    Қане балалар қайталаңдаршы мяу-мяу.
-    Қой қалай дыбыстайды?
-    Бә-бә дейді.
-    Ал сиыр ше?
-    Мө-мө дейді.
-    Ал ит ше?
-    Аф-аф дейді.
Балалар сендер қандай ойыншықтар жақсы көресіңдер?
-    Мен мысықты жақсы көрем.
-    Мысықтың түсі қандай?
-    Сары.
-    Бізге құлағын көрсетші?
-    Құлағы міні.
-    Дұрыс.
-    Мысық не ішеді екен?
-    Сүт ішеді.
-    Осы мысық туралы тақпақ білесің бе?
-    Иә.
Пеш түбінде мысық отыр,
Аздап көзін қысып отыр.
Тышқан етін жегісі кеп,
Тісі оның қышып отыр.
Назерке сен қандай ойыншықтарды ұнатасың?
-    Қоянды қнатамын.
-    Қоянның аяғы барма?
-    Иә.
-    Құлағы ше?
-    Иә бар, құлағы ұзын.
-    Қоян не жейді?
-    Сәбіз жейді.
-    Қоян туралы тақпақ білесің бе?
-    Иә.
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы қырлы жерлермен ,
Ытқып-ытқып жүгірді.
Нұрсылтан сен қай ойыншықты алдың?
-    Допты.
-    Доптың түсі қандай?
-    Көк.
-    Дотың пішіні қандай?
-    Дөңгелек.
-    Доп туралы тақпақ білесің бе, айта қойш.
Добым, добым домала,
Балшыққа сен жолама.
Бүлдіресің қолымды,
Жек көремін оныңды.
Балалар мына доп әдемі екен. Қане осы доппен ойын ойнайықшы.
Ойынның шарты: Балаларды екі топқа бөліп, бір-  біріне жылдамдылықпен доп беру ойыны.
Қане балалар санаймыз бір, екі, үш дегенде бастаймыз. Енді балалар, бала-бала балақан әнімен серуен жаттығуын жасайық.
Бала-бала балақан,
Қане қайсы алақан?
Саусақтарың әйбат,
Былай-былай ойнап.
Топ-топ болайық,
Жалаудан күн жасайық.
Жаса-жаса жарқын күн,
Жаса-жаса алтын күн. 
Ойын: Күлдірген балалармен бірге пирамидалар құрастырады, балалармен бірге жарысып мұнара құрастырады.
Күлдірген: Балалар мен сендермен тағы бір ойын ойнағым келіп тұр. Күлдірген балаларға ойын шартын түсіндіреді.
Ойынның шарты: Кіші пирамидаларды құрастырп жинайды. Күлдірген әр баланың алдына жеке-жеке пирамиданы беріп, содан мұнараны құрастырп жарыстырады. Өзі де балалармен жарысып ойнайды. Тез құрастырған баланы Күлдірген мадақтайды.
Тәрбиеші: Қане балалар осы ойыешықтарға арнап ән айтайық.
Ән: Ойыешықтар.
Күлдірген: Балалар мен сендермен қоштасайын, мені басқа да топта балала күтіп тұр. Әлі де сендерге қонаққа келемін.
Тәрбиеші: Балалар біз ойыншықтар сырымен таныстық. Сендер ойыншықтар туралы көп нәрсе білесіңдер, ойыншықтар туралы өлең, тақпақ айттыңдар, ойын ойнадыңдар.  Сендерге көп-көп рахмет. Балалар, енді қонақтармен қоштасайық.
Балалар: Сау болыңыздар!

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақша ойындары | Просмотров: 2239 | Добавил: oldtraford7 | Теги: балабақша, ойындары | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]