Қазнетте 16 желтоқсанда биыл маусымда Ақтөбеде қырғын жасаған лаңкестер жайлы видео пайда болды. Қылмыскерлер өз істеріне өкініп, кешірім сұрады, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

"Оразадағы ойран" деп аталатын туындыда лаңкестердің өздері болған оқиғаны бүкпей айтып береді. Бейбіт күнде бүлік шығарғандар жүздерін жасырмай, өкініштерін халыққа жеткізуді сұраған екен. Сондықтан өзгелерге сабақ болар деген ниетпен фильмді әзірлеуге жергілікті билік тапсырыс берген. Оны әзірге жергілікті арналар мен арнайы сайттар арқылы ғана көрсетіп жатыр.
Бұл көріністегі атыс ортасында қалған ойын баласының даусын естіген жанның д ... Читать дальше »