Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 1.11.2012
Главная » 2011 » Октябрь » 5 » Ереуілге шыққан "ӨзенМұнайГаз" жұмысшысы асылып өлді
14:56
Ереуілге шыққан "ӨзенМұнайГаз" жұмысшысы асылып өлді

Жаңаөзен қаласында ереуілге шыққан "ӨзенМұнайГаз" өндірістік филиалының бір жұмысшысы асылып өлді. 

фото с сайта aktau-news.kz
фото с сайта aktau-news.kz

30 жастағы Абай Әбеновтың өз-өзіне қол жұмсауына тұрмыстық тапшылықтар түрткі болған көрінеді. Себебі, ол 4 айдан бері жалақы алмаған. Марқұмның артында 3 баласы мен жары қалды.

ДӘУЛЕТ ЖҰМАДІЛ — "ҚАЗМҰНАЙГАЗ" БАРЛАУ ӨНДІРУ" АҚ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ: 

"Абай Абенов 1981 жылы туылған „ӨзенМұнайГаз" өндірістік филиалының Өзенэнерго мұнай деп аталатын басқармасында істеген. 2002 жылдың қыркүйек айынан бері осы биылғы жылдың 20 маусымына дейін. Үйленген адам еді. Артынан үш баласы қалды.

Әріптестері Абай Абенов салмақты жігіт еді дейді. Қайталап айтайын Абай Абеновтың өмірін не үшін қиғаны бізге белгісіз болып тұр. Бұл істі құқық қорғау органдары тергеу үстінде".

Мамыр айында басталған мұнайшылардың ереуілі әлі тоқтаған жоқ. Содан бері жетпіске жуық маман жұмыстан шығарылған. Өкініштісі, сол уақыттан бері үш адам қайтыс болған. Жергілікті құзырлы орган болса, адам өлімі туралы нақты тұшымды жауап айтпай отыр.

Просмотров: 331 | Добавил: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email:
Код *:
Новости музыки