Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 26.9.2023
Главная » Статьи » Қазақша өлеңдер жинағы » Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

Наурыз айы туғанда өлеңі (Мұқағали Мақатаев)

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

 

НАУРЫЗ АЙЫ ТУҒАНДА

 

Наурыз айы туғанда,
Той болушы еді бұл маңда. 
Сақталушы еді сыбаға, 
Сапарға кеткен ұлдарға, 
Наурыз айы туғанда.

Наурыз, наурыз, күнгі игі! 
Күні игі жердің — түрі игі. 
Бауыры жылып науат қар, 
Бабымен ғана жібиді. 
Шашылып ырыс шанақтан, 
Шақырып бір үй бір үйді, 
Шаттанушы еді бір игі.

Осынау игі кең жерге, 
Наурыз айы келгенде. 
Наурыз тойын бергенде, 
Көрмегендер де арманда, 
Арманда оны көрген де. 
Келіп ем өмір-орманға, 
Наурыз айы келгенде.



Категория: Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы | Добавил: Admin (18.12.2016)
Просмотров: 4256 | Теги: Мұқағали, наурыз, өлеңдер | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]