20:53 Майғазиев NINETY ONE продюсеріне: Қазақтың қара домалақтарын құбыжық қылып көрсетуді доғар | |
Сәкен Майғазиев NINETY ONE тобының жетекшісі Ерболат Беделханға әлеуметтік желіде сын айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Сәкен Майғазиевтің Іnstagram желісіндегі жеке парақшасына сілтеме жасап. Ол өзінің парақшасында былай деп жазды: Халықтың наразылығын тудырып жүрген нәрсе - сыртқы келбеті, яғни көздерін қара қаламмен бояуы, шаштарын қызыл-жасылға бояуы және сырға тағуы.
Ал бесінші себебі деп Майғазиев жігіттердің сабырлы әрі байсалды қасиеттерін атады. "Оларға бағыттап, балағаттап, бейпіл сөздер айтылса да, боқтай білмейтін байсалды балалар. Мен өнер адамы болғаннан кейін оларды зерттедім, қарадым. Олар психология тұрғысында қандай да сынға дайын болды. Алтыншы, олар - еңбекқор. Кәсіби сахнаға шығу жолында екі жыл дайындалды. Жетінші, сахналық би қимылдары кәсіби, синхронды қимылдайды, сахнадағы еркіндігі өте керемет. Сахнадағы жұмысын Интернеттен тамашаладым. Өзім ұстаз болғаннан кейін аттандай бермей, қарап көрейін, зерттейін дедім. Сегізіншісі, Қазақстан эстрадасында үлкен пікірталас, сын-ескертулер, дау туғызған, былайша айтқанда "Атың шықпаса, жер өрте" деген мысалына "амал" жасап жүрген алғашқы топ", - деді Сәкен Майғазиев. Ал соңғы, тоғызыншы қасиеті деп әнші топтың қайырымдылықпен үнемі айналысатынын айтып, өз ойын осылайша қорытындылады. Источник: Tengrinews.kz Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын! | |
|
Всего комментариев: 0 | |