Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 8.12.2023
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Информатика [ Добавить материал ]

Жергілікті желілер реферат


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

03.01.2016, 18:29

Компьютерлерді жергілікті желіге біріктіру (бірліктен бірнеше жүздіктерге дейін) түрлі типті кабельдер көмегімен, желілік карта немесе желілік адаптер аталатын арнайы қүрылғы арқылы жүзеге асады. Адаптер компьютердің аналық тақшасындағы кеңейту слотына қондырылады.
Компьютерлерді қосуға болатын көптеген әдістер бар. Компьютерлердің түрі көбейген сайын өдістері де көбеюде . Әр қосылу — деректер үшін жаңа маршрут. Желі топологиясы — бүл оның геометриялық пішіні немесе компьютерлердің бір-біріне қатысты физикалық орналасуы. Желі топологиясы түрлі желілерді салыстыру және жіктеу өдісін береді. Топологияның үш негізгі типі бар (жүлдызша, сақина жөне шина).
«Жұлдызша» топологиясы бар желідегі барлық компьютерлер ортаяық компьютер л ермен немесе концентратормен жалғастырылған. Мүндай желідегі екі компьютер арасында тікелей қосылу болмайды. 39-суретте «Жүлдызша» топологиясы бар желі көрсетілген.
Мұндай жүйе қарапайым және тиімді, деректер пакеттері өр компьютерден концентраторға бағытталады. Концентратор өз кезегінде пакеттерді тиісті жеріне жеткізеді. Мүндай топологияның
 
1- сурет. «Жулдызша» топологиясы бар желі.
негізгі жетістігі мынада: компьютерлер мен концентратор арасындағы жекелеген жалғағыштар істен шыққанмен, бүкіл желі жұмыс істей береді.
«Жүлдызша» топологиясының кемшілігі оның негізгі жетістігінен туыңцайды: егер концентратор бұзылса, онда ол бүкіл желіні түгел істен шығарады.
«Сақина» топологиясына төн бір нөрсе — жалғағыштардың соңғы нүктесі болмайтыны; деректер берілетін біртүтас сақина қүраған (міндетті түрде шеңбер емес) желі түйықталған. Мүндай сақинада бір нүктеден қозғау алған деректер ақыр аяғыңца желінің басына барады. Осындай ерекшеліктен деректер сақинада барлық уақытта бір бағытта қозғалады. 2-суретте «Сақина» топологиялы желі мысалы көрсетілген.
 
«Сақина» топологиясы бар желі.
«Сақинаның» «Жүлдызшадан» бір ерекшелігі — оған барлық желілік компьютерлер арасында үзіліссіз жол қажет, өйткені желінің бір жері істен шықса, бүкіл желі тоқтап қалады. «Сақинаның» тағы бір осал жері — деректер біреулердің желілік компьютер! арқылы өтетіндіктен де, ақпаратты бөгде үстап қалуына мүмкіндік береді.
«Шина» топологиясы бір жеткізетін каналды, әдетте «шина» деп аталатын коаксиалды кабельді пайдаланады. Барлық желілік компьютерлер «шинаға» тікелей қосылады. 
 
«Шина» топологиясы бар желі.
«Шина» топологиясы бар желіде деректер екі бағытта бірдей жылжиды. Кабель-шинаның екі шетінде арнайы бұқтырмалар (терминаторлар) орнатылған. «Сақина» жағдайындағыдай, желінің бір жеріндегі қосылудың бұзылуы жұмысты бірден тоқтатады. «Шина» желісіндегі деректердің қауіпсіздігі «Сақина» желісіндегідей, оның осал тұсы — бүкіл желінің деректері әр желілік компьютерден өтеді.
Деректерді беру жылдамдығымен, оның қүнына сәйкес өзгешеленетін деректерді берудің түрлі технологиялары (тәсілдері) бар. Ең танымалдары: Enthernet, ARCNET және IBM token ring.
Enthernet технологиясын 1973 жылы бір топ американ зерттеушілері Palo Alto зерттеу орталығында жасады. Enthernet желілері жүлдызша түрінде де, шина түрінде де қүрыла береді. Канал ретінде коаксиалды кабель қолданылғанда, Enthernet желісі шина сияқты кескінделеді. Егер есулі қос өткізгіш қолданылған болса, Enthernet жүлдызша кескінделеді. ARCNET технологиясы Datapoint Corporation фирмасында 1968 жылы жасалған. ARCNET технологиясының желісі де, Enthernet желісі сияқты, екі топология бойынша («жүлдызша» немесе «шина») қүрыла алады. Token Ring «жұлдызша» топологиясы бойынша «көп пайдаланушы кіруге болатын станция» аталатын IBM арнайы қүрылысымен (Multi-station Access Unit, MAU) орталық хаб ретінде жүмыс істейді. Бірақ онымен байланысу үшін әр
 
                    3- сурет. Tokin Ring желісі.
компьютердің екі кабелі бар, біреуі бойынша ол деректерді жібереді, басқасы бойынша — қабылдайды. 3--суретте Tokin Ring-тің IBM желісіндегі деректер маршруты көрсетілген.
Осылайша, Tokin Ring желісі сақина секілді дерлік, бірақ жүлдызша сияқты безендірілген.
Жергілікті желіде ақпарат жеткізу жылдамдығы 5-тен 100 Мбит/с-қа дейін жетеді.
Жергілікті есептеу желілері бірыңғай жөне иерархиялық болып бөлінеді. Бірыңғай желі — барлық компьютерлері тең құқылы жөне бірдей қызмет орындайтын жергілікті желі. Олар желіге аз ғана — 10-15-тен көп емес компьютер л ер санын біріктіру үшін қолданылады. Бірыңғай желілерде (1-3 суреттер) сервер дегеніміз — ресурстары осы сәтте басқа компьютерден де алына беретін компьютер, сервер бір мезгілде клиент те бола алады, яғни өзі ресурстар беретін компьютердің ресурстарын пайдаланады. Жергілікті ресурстың ортаққа айналдырылуы компьютерді пайдаланушымен, ОЖ құралдарымен жасалады. Қажет болған жағдайда ол өзін пайдалануға арналған парольді де белгілейді.
Бірыңғай желілердегі операциялық жүйелер ортақ ақпараттық ресурстардың оқылуын және редакциялануын, «бөтен компьютерден» программаларды қосуға мүмкіндік беретін тікелей басқарудың қүралдарын қамтамасыз етеді.
Иерархиялық жергілікті желеілерде бір немесе бірнеше сервер болады. Иерархиялық желілердің жұмысын басқаратын программалық
қамтамасыз ету екі бөліктен тұрады:
•    серверде орнатылатын желілік операциялық жүйе;
•    жұмыс станциясындағы программалық қамтамасыз ету, бұл жұмыс станциясында бар операциялық жүйенің басқаруында жұмыс істейтін программалар жиынтығынан түрады. Әлбетте өр түрлі жүмыс станцияларында бір желіге алуан түрлі операциялық жүйелер орнатылуы мүмкін.
Серверді иерархиялық желілерде пайдалану жолдарына байланысты серверлердің мынадай типтерін бөліп айтуға болады:
•    файлдық сервер — бірлесіп өндейтін файлдар, бірлесіп
пайдаланатын программалар сақталатын жөне оларға пайдаланушы адамның қолы жетуін қамтамасыз етуші компьютер;
•    деректер базаларының сервері — деректер базасы файлдарын
сақтау, өңдеу, басқару жөне жүмыс сатнциясынан келіп түскен сүраныс бойынша ақпараттар беру функциясын орындаушы компьютер;
•    басып шығару сервер! — басып шығару қүрылғысы,
қолданушылардың қолы жетуге қолайлы желілер қосылған компьютер, ол басылым сүранысына қызмет етеді, олардың орындалу кезегін үйымдастырады;
•    пошта сервері — жергілікті желілер, бойынша да, ішкі модем
бойынша да жіберілетін және алынатын ақпараттар сақтаулы компьютер. Оны пайдаланушы адам өзіне ыңғайлы кез келген уақытта өз атына келіп түскен ақпаратын жібере алады.
Протоколдар:
Файлдарды тасымалдау хаттамасы (ҒТР)
Интернет серверлерінде файлдар түрінде сақтаулы құжаттар көп. Оларды қабылдап, экранға шығару үшін ҒТР атаулы қызметші хаттамасы пайдаланылады. Бұл file Transler Protocol – файлды тасымалдау хаттамасы деп аталады.
Файлдар барлық компьютер серверінде сақтала бермейді. Оларды сақтап, ҒТР арқылы қызмет көрсететін арнайы компьютерлер бар. Оларды ҒТР серверлер деп атайды. ҒТР хатамасын іске қосу үшін Internet Express терезесінің Адрес өрісіне файл серверінің адресін енгізу қажет. Мысалы: ftp://ftr.reclom.ru/ сияқты адрес енгізу керек.

 





Категория: Информатика | Добавил: Admin
Просмотров: 2751 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 1.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]