Главная » Файлы » Курстық жұмыстар » Қазақша курстық жұмыстар | [ Добавить материал ] |
Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар
[ Скачать с сервера (370.0 Kb) ] | 24.02.2014, 16:08 |
МАҚСАТЫ 1. Осы Cтандарттың мақсаты қаржы есептілігін пайдаланушылар ұйымның жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар инвестициялары және ондай инвестициялардағы өзгерістер туралы ақпарат алуы үшін жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар есебінің тәртібін анықтау болып табылады. Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар есебінің негізгі мәселелері активтерді тану, олардың баланстық құнын және осыларға байланысты танылуға тиісті амортизациялық аударымдар мен құнсызданудан болған шығындарды анықтау болып табылады. ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ 2. Осы стандарт, басқа Халықаралық қаржы есептілігі стандарты басқа есепке алу тәртібін талап ететін немесе рұқсат ететін реттерді қоспағанда, жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтарды есепке алу үшін қолданылуға тиіс. 3. Осы Стандарт мыналарға қатысты қолданылмайды: (а) 5-«Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер және тоқтатылған қызмет» IFRS Халықаралық стандартына сәйкес сатуға арналу ретінде сыныпталған жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтарға; (b) ауылшаруашылық қызметіне байланысты биологиялық активтерге (қараңыз: 41-«Ауыл шаруашылығы» IAS); (c) минералдық ресурстарды барлау және бағалау жөніндегі активтерді тануға және бағалауға (қараңыз: 6-«Минералдық ресурстар босалқыларын барлау және бағалау» IFRS); және (d) минералдық ресурстарға және мұнай, табиғи газ және соған ұқсас қалпына келтірілмейтін ресурстар сияқты минералдық ресурстар босалқыларына құқықтарға. Алайда осы Стандарт (b) - (d) тармақтарда келтірілген активтерді әзірлеу және қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтарға қатысты қолданылады. 4. Басқа Стандарттар осы Стандартта көзделгеннен өзгеше тәсілдеме жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтардың сол немесе басқа баптарын тануды талап етуі мүмкін. Мысалы, 17-«Жалдау» IAS Халықаралық стандарты ұйымнан тәуекелдер мен пайдалардың жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтардың жалданатын объектісін тану белгісі ретінде берілуін қолдануды талап етеді. Алайда, мұндай жағдайларда, амортизацияны қоса, осы активтер үшін есепке алу тәртібінің қалған аспектілерінің барлығы осы Стандарттың талаптарымен анықталады. 5. Ұйым осы Стандартты инвестициялық жылжымайтын мүлік ретінде одан әрі пайдалану мақсатымен салу немесе даму сатысындағы, бірақ 40-«Инвестициялық жылжымайтын мүлік» IAS стандартында айтылған «инвестициялық жылжымайтын мүлік» анықтамасына әлі сай келмейтін жылжымайтын мүлікті есепке алу үшін қолдануға міндетті. Салу немесе даму аяқталғаннан кейін жылжымайтын мүлік инвестициялық жылжымайтын мүлікке айналады, және сол кезде ұйым 40 IAS қолдануға міндетті. 40 IAS Стандарты сондай-ақ инвестициялық жылжымайтын мүлік ретінде болашақта одан әрі пайдалану үшін жаңадан даму сатысындағы инвестициялық жылжымайтын мүлікке де қолданылады. 40 IAS сәйкес инвестициялық жылжымайтын мүлікті есепке алудың шығындық үлгісін пайдаланатын ұйым осы Стандартта көзделген шығын үлгісін пайдалануға тиіс. АНЫҚТАМАЛАР 6. Мына терминдер осы Стандартта төменде көрсетілген мәнінде қолданылады: Баланстық құн – кез келген жинақталған амортизация және құнсызданудан жинақталған залал шегерілгеннен кейін актив танылатын сома. Өзіндік құн – бұл активті сатып алу үшін немесе тұрғызу кезінде берілген төленген ақша қаражаттарының немесе ақша қаражаты баламаларының сомасы немесе өзге қарсылама берудің әділ құны, не бұл қолданылатын жерде мұндай активті басқа Халықаралық стандарттардың, мысалы, 2-«Үлестік құралдар негізіндегі төлемдер» IFRS нақты талаптарына сәйкес оны бастапқы тану кезіндегі бағалау сомасы. Амортизацияланатын құн – жойылу құны шегерілген, активтің бастапқы құны немесе бастапқы құнының орнына көрсетілген басқа сома. Амортизация – активтің амортизацияланатын құнын оның пайдалы қызмет мерзімінің ішінде жүйелі түрде бөлу. Нақты ұйымға арналған айрықша құн – ұйымның болжамына сәйкес қандай да бір активті пайдалануға және оның пайдалы қызмет мерзімінің соңында шығып қалуына байланысты, не қандай да бір міндеттемені өтеуге байланысты пайда болатын ақшалай қаражаттар тасқынының дисконтталған құны. Әділ құн – жақсы хабардар, осындай мәміле жасағысы келетін және бір-біріне тәуелсіз тараптардың арасында мәміле жасаған кезде активті айырбастауға болатын сома. Құнсызданудан болған залал - активтің баланстық құнының оның өтелетін сомасынан асып түсетін сома. жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар мынадай материалдық активтерді білдіреді: (а) тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіруде немесе жеткізуде пайдалануға, үшінші тұлғаларға жалға өткізуге, немесе әкімшілік мақсаттарға арналған; және (b) бір кезеңнен астам уақыттың ішінде пайдалану көзделетін. Өтелетін сома – екі мәннің ішіндегі үлкені: активті таза сату бағасы және оны пайдалану құндылығы. Активтің жойылу құны – егер осы актив, болжауға болатындай, пайдалы қызмет соңында болатын мерзімге және жағдайға жететін болса, шығып қалуға болжанып отырған шығындарды шегеріп, активті өткізуден ағымдағы кезеңде ұйым алатындай есептік сома. Пайдалы қызмет мерзімі - бұл: (а) ұйымның активті пайдалануы күтілетін уақыт кезеңі; не (b) активті пайдаланудан ұйым алады деп болжанып отырған өндіріс бірлігінің немесе сол сияқты бірліктердің мөлшері. ТАНУ 7. жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісінің өзіндік құны мынадай жағдайда ғана актив ретінде танылуға тиіс, егер: (а) осы активке байланысты болашақ экономикалық пайдалардың ұйымға келіп түсуі ықтимал болса; және (b) осы объектінің өзіндік құнын сенімді түрде бағалау мүмкін болса. 8. Босалқы бөлшектер немесе сервистік қызмет көрсету әдетте босалқылар ретінде ескеріледі және пайдада немесе залалда оның пайдаланылуына қарай танылады. Алайда, ірі босалқы бөлшектер және резервтік жабдық, егер ұйым оларды бір кезеңнен астам мерзім ішінде пайдалануды ұйғарса, жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар ретінде сыныпталады. Осы сияқты, егер босалқы бөлшектер және сервистік қызмет көрсету жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісін пайдалануға беруге байланысты пайдаланылуы мүмкін болса, олар жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар ретінде ескеріледі. 9. Осы Стандарт тану бірлігін, яғни жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісі нені құрайтынына ұйғарым жасамайды. Осыған байланысты ұйымдағы нақты міндеттемелерді тану өлшемдерін қолдану білікті пайымдауды талап етеді. Кейбір жағдайларда жекелеген шағын объектілерді, мысалы, үлгілерді, құралдарды және мөртаңбаларды біріктіріп, осы өлшемдерді олардың жалпы құнына қолдануға болады. 10. Осы тану принципіне сәйкес ұйым жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар бойынша өзінің барлық шығындарын оларды шеккен кезде бағалайды. Бұл шығындар жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісін сатып алуға немесе салуға байланысты шеккен шығындарды, сондай-ақ кейіннен үстелумен, ішінара алмастырумен немесе осындай объектіге қызмет көрсетумен шеккен шығындарды қамтиды. Бастапқы шығындар 11. жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін немесе қоршаған ортаны қорғау мақсаттарында сатып алынуы мүмкін. Осындай жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтарды сатып алу қолда бар нақты жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісін пайдаланудан алынатын болашақ экономикалық пайдалардың ұлғаюына тікелей байланысты болмаса да, ұйымға тиесілі басқа активтерді пайдаланудан алынатын болашақ экономикалық пайдаларды ұйымның алуы үшін қажет болуы мүмкін. жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтардың осындай активтері активтер ретінде танылуы мүмкін, өйткені, егер осы объектілер сатып алынбаған болса, алынуы мүмкін болатындардан тыс тиісті активтерден ұйымның болашақ экономикалық пайдалар алуын қамтамасыз етеді. Мысалы, химия компаниясы қауіпті химиялық заттарды өндіру немесе сақтау кезінде экологиялық нормалардың сақталуын қамтамасыз ететін жаңа технологиялар енгізе алады; технологиялар мен жабдықтарды жетілдіру жөніндегі тиісті шаралар актив ретінде танылады, себебі компания оларсыз химикаттарды өндіріп, сата алмайды. Солай бола тұрса да, ондай активтің және осыған байланысты активтердің баланстық құнының жиынтық мәні 36-«Активтердің құнсыздануы» IAS Халықаралық стандартына сәйкес құнсыздану мәніне байланысты тексерілуге тиіс. Келесі шығындар 12. 7-параграфта айтылған тану принципіне сәйкес, ұйым жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісінің баланстық құнында осы объектіге күнделікті қызмет көрсетуге арналған шығындарды танымайды. Оның орнына, ондай шығындар пайдалар мен залалдар шегу жағдайына қарай сонда танылады. Күнделікті қызмет көрсетуге арналған шығындар негізінен жұмыс күшіне және шығыс материалдарына жұмсалған шығындардан тұрады, сондай-ақ жиынтықтаушы бөліктер сатып алуға шығатын шығындарды қамтуы мүмкін. Бұл шығыстардың мақсаты көп жағдайларда жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісін «жөндеу және ағымдағы қызмет көрсету» ретінде көрсетіледі. 13. жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтардың кейбір объектілерінің элементтері ұдайы ауыстырып отыруды талап етуі мүмкін. Мысалы, белгілі бір жұмыс уақыты өткеннен кейін пеш футеровкасын өзгертуді, немесе ұшақтың ішкі жабдығы, мысалы, орындық және борттағы асүй, фюзелаждың қызмет мерзімі ішінде бірнеше рет ауыстыруды талап етуі мүмкін. Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектілері сондай-ақ ауыстыру арасындағы аралықты, мысалы, үйдің ішкі қалқаларын ұлғайту үшін, немесе ауыстыруды талап етпейтін конструкция элементін салу үшін сатып алынуы мүмкін. 7-параграфта айтылған тану принципіне сәйкес, ұйым тану өлшемдері сақталған жағдайда, осы шығындарды шеккен кезде мұндай объектіні ішінара ауыстыруға шыққан шығындарды жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісінің баланстық құнында таниды. Ауыстырылған бөліктердің баланстық құнын тану, осы Стандарттың тануды тоқтатуға қатысты ережелеріне сәйкес тоқтатылуға тиіс (67-72-параграфтарды қараңыз). 14. Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісін одан әрі пайдалану шарттары (мысалы, әуе кемесін), бұл жағдайда бөлшектер ауыстырылғанына немесе ауыстырылмағанына қарамастан, ақаулардың бар-жоғын ұдайы ірі техникалық тексеруден өткізу болуы мүмкін. Осындай әрбір тексерістен кейін оған шыққан шығындар, тану өлшемдері сақталған жағдайда, жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісінің баланстық құнында танылады. Баланстық құнда басқа алдыңғы тексеруге шыққан кез келген шығындар сомасы (бөлшектерді нақты ауыстыруға шыққан шығыстардан өзгеше) есептен шығарылуға тиіс. Бұл жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісін сатып алу немесе салу жөніндегі операцияда, алдыңғы тексеруге шыққан шығындар болған-болмағанына қарамастан, жасалады. Қажет болған жағдайда, осы сияқты тексеруді өткізуге жұмсалатын болжамды шығындар болашақта жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісін сатып алу немесе салу кезінде баланстық құнның құрамдас бөлігі болған, тексеруге шыққан шығындар сомасының көрсеткіші болуы мүмкін. ТАНУ КЕЗІНДЕ БАҒАЛАУ 15. Актив ретінде танылуы мүмкін жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісі бастапқы құн бойынша бағалануға тиіс. Бастапқы құнның элементтері 16. Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісінің бастапқы құны мыналарды қамтиды: (а) импорттық бажды, сатып алуға шығатын өтелмейтін салықты қоса және сауда жеңілдіктері мен қайтаруларды шегеріп сатып алу бағасы. (b) активті керек жерге жеткізуге және үйым басшылығының ниетіне сәйкес оның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін күйге келтіруге тікелей жатқызылған кез келген шығындар. (с) Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісін бөлшектеуге және жоюға және өздері тұратын учаскеде табиғат ресурстарын қалпына келтіруге шыққан шығындарды бастапқы бағалау, бұған қатысты міндетті, осы объектіні сатып алған кезде, не осы кезең ішінде босалқылар өндіруге байланысты емес мақсаттарда белгілі бір уақыт кезеңі бойы оны пайдалану нәтижесінде ұйым өз мойнына алады. 17. Тікелей шығындарға жатқызу мысалдары мыналар болып табылады: (а) жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісін салуға немесе сатып алуға тікелей байланысты туындайтын, қызметкерлерге сыйақы төлеуге арналған шығындар (19-«Қызметкерлерге берілетін сыйақылар» IAS Халықаралық стандартындағы анықтамаға сәйкес); (b) алаңды әзірлеуге арналған шығындар; (c) жеткізуге және түсіруге арналған бастапқы шығындар; (d) орнатуға және жинастыруға арналған шығындар; (e) активті керек жеріне жеткізу және оны қажетті күйге келтіру (мысалы, жабдықты сынақтан өткізген кезде алынған үлгілер) процесінде жүргізілген, кез келген объектілерді сатудан алынған таза түсім шегерілгеннен кейін активтің тиісінше жұмыс істеуін тексеруге шыққан шығындар; және (f) білікті қызмет көрсетулердің құны. 18. Ұйым 2-«Босалқылар» IAS стандартын объектіні бөлшектеуге, жоюға және өзі тұратын учаскеде табиғи ресурстарды қалпына келтіруге шыққан, бұл объектіні осы кезең ішінде босалқылар өндіру үшін пайдалану нәтижесінде белгілі бір кезең бойында шеккен шығындарға қолданады. 2 IAS немесе 16 IAS стандарттарға сәйкес ескерілетін шығындарға қатысты осы міндеттер 37-«Бағалау міндеттемелері, шартты міндеттемелер және шартты активтер» IAS стандартына сәйкес танылады және бағаланады. 19. жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісіне жұмсалатын шығындарға жатқызылмайтын шығындардың мысалдары мыналар болып табылады: (а) жаңа өндірістік немесе техникалық құрылыстар ашуға арналған шығындар; (b) жаңа өнімді немесе қызмет көрсетулерді енгізуге арналған шығындар (жарнамаға және өнімді жылжытуға арналған шығындарды қоса); (c) жаңа орында немесе клиенттердің жаңа санатына шаруашылық қызметті жүргізуге арналған шығындар (қызметкерлерді даярлауға және оқытуға арналған шығындарды қоса); және (d) әкімшілік және басқа жалпы үстеме шығындар. 20. Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісінің баланстық құнына шығындарды тану, ондай объект керек жерге жеткізіліп, ұйым басшылығының ниетіне сәйкес оның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін күйге келтірілген кезде, тоқтатылады. Сөйтіп, жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісін пайдалану немесе қоныс аудару барысында шеккен шығындар осы объектінің баланстық құнына қосылмайды. Мысалы, мына шығындар жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісінің баланстық құнына қосылмайды: (а) ұйым басшылығының ниетіне сәйкес жұмыс істей алатын объект әлі пайдаланылмайтын немесе толық қуатында жұмыс істемейтін кезеңде шеккен шығындар; (b) мысалы, осы объект өндіретін өнімге сұраныстың өсу процесінде шеккен бастапқы операциялық залалдар; (c) компанияның ішінара немесе толық қоныс аударуға немесе қызметін қайта ұйымдастыруға арналған шығындары. 21. Кейбір операциялар жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісін салуға немесе дамытуға байланысты жүзеге асырылады, бірақ осы объектіні керек жеріне жеткізу және ұйым басшылығының ниетіне сәйкес оның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қажетті күйге келтіру үшін қажет болып табылмайды. Осы қосымша операциялар салу немесе дамыту жөніндегі жұмыстар басталғанға дейін немесе соның барысында жүзеге асырылуы мүмкін. Мысалы, құрылыс алаңын құрылыс басталғанға дейін автоаялдама ретінде пайдаланудан кіріс алуға болады. Қосымша операциялар объектіні керек жерге жеткізу және ұйым басшылығының ниетіне сәйкес оның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін керек жағдайға келтіру үшін қажет болып табылмайтындықтан, кіріс және осындай операцияларға тиісті шығыстар пайда немесе залал ретінде танылуға және кіріс пен шығыстың тиісті баптарына енгізілуге тиіс. | |
Просмотров: 2204 | Загрузок: 449 | |
Всего комментариев: 0 | |