Главная » Файлы » Курстық жұмыстар | [ Добавить материал ] |
В разделе материалов: 86 Показано материалов: 71-80 |
Страницы: « 1 2 ... 6 7 8 9 » |
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстанның тәуелсіз дамуы уақыт өткен сайын қарқын алып, ұлттық, жалпыадамзаттық және демократиялық құндылықтар мен ұстанымдар негізінде биік мұраттарға бағыт түзеп келеді. Елімізде әлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық реформалардың іске асырылуы мәдени-рухани өмірімізге жаңа сипат, тың мазмұн берді. Сондай түбірлі өзгерістер тарих ғылымының әлеуметтік қызметіне де ықпал жасады. Осыған байланысты Нұрсұлтан Назарбаев "Тарих дегеніміз өткеннің ғана сабағы емес, ол едәуір дәрежеде болашақтың да көрінісі,” "қазақ тарихы фактілердің өлі қоймасы емес, бұл өзі орасан зор дәйектеуші және дәлелдеуші күш” [1] деп атап көрсеткен болатын. Бұл тұжырым еліміздің алдында тұрған қоғамдық сананың жаңару үдерісіндегі тарих ғылымының кешенді міндеттерін айқындайды. Тәуелсіздік жылдары отандық тарих ғылымының мазмұны тоталитарлық жүйенің идеологиялық ықпалынан арылуымен бірге тәуелсіздік идеологиясының әдістемелік негізінде тарихи дамудың ақиқат болмысын қалпына келтіру бағытында түбірлі жұмыстар атқарылды. Дегенмен, мемлекеттік маңыз алған осы бағытта әлі де терең ғылыми талдау жасап, концептуалдық тұрғыда қайта қарауға тиісті мәселелер мен тақырыптар жеткілікті. Отандық тарихтың мазмұнын байытып, осы кезге дейін қалыптасқан тарихи таным жүйесін қайта қарауда дәстүрлі тоталитарлық жүйенің әдістемелік негіздерінен бас тарта отырып, оны алмастыратын тың негіздер батыл тұрғыда іздестіріліп, зерттеу барысында қолданысқа енгізіліп келеді. Қоғам дамуының заңдылықтарын айқындап, тарихи үдерістерге баға беруде элита теориясы ұтымды тәсіл ретінде шетелдік қоғамдық ғылымдарда сәтті қолданыс табуда. Таптық қағидаларға балама позиция ұстанатын бұл концепция әзірге отандық тарих ғылымында іргелі зерттеу жұмыстарына негіз бола қойған жоқ. Отан тарихының ең күрделі де түйінді нысаны болған Түркістан тарихы, әсіресе оның ұлттық-мемлекеттік мәжелеуге дейінгі кезеңі белгілі деңгейде зерттелгенімен бұл тақырып концептуалды тұрғыда терең қарастыруды қажет етеді. Өйткені ғылыми зерттеу бағыттары алдыңғы қатарға шығарып отырған күрделі тарихи үдерістердің себеп, салдарлы байланыстарын, ортақ заңдылықтары мен ерекшеліктерін айқындау ғылыми зерттеу жұмыстарында тың әдістемелік тәсілдерді қолданып, жаңа бағыттарды игеруді қажет етеді. Осындай ерекшеліктерге байланысты тақырыптың мынадай өзектілігі айқындалады: - біріншіден, патшалы Ресейдің Қазақстанның оңтүстігі мен Орта Азияны отарлауы нәтижесінде құрылған әкімшілік-мемлекеттік бірлік ретінде Түркістан генерал-губернаторлығы мен кеңестік негіздегі Түркістан автономиялы республикасының тарихы отандық тарихтың ажырамас құрамды бөлігі ретінде үнемі назар аударуды қажет етеді. Тарихи жағдайлармен Түркістанға қосылған қазақ елі мен жерінің ұлттық мемлекеттілігімізді қалыптастырудағы маңызы өте зор. Жарты ғасыр әкімшілік-территориялық оқшаулық жағдайында бұл өлкеде патшалық, кеңестік биліктер отарлық тәртіпке тән озбырлықпен еркін ой-сананы бұғаулап, ұлттық рухани болмысты деформациялау саясатын жүргізді. Бұл саясат, әсіресе, өлкеде мемлекеттік билік құрылымдарының қалыптасуы мен ұлттық элита жүйесінің орнығуындағы кереғарлықтардан айқын байқалды. Осыған байланысты өлкеде ұлыдержавалық шовинизмге қарсы кең өріс алған түркілік бірлік идеясы мен кеңестік тәртіптің ұлттық-территориялық межелеу арқылы ұлт республикаларын құру саясаты да тәуелсіздік идеологиясы талаптарына сай дәстүрлі тұжырымдардың ықпалынан арылып қазіргі заманғы әдістемелік тұрғыда қайта бағалауды қажет етеді. - екіншіден, ХХ ғасыр басындағы дүниежүзілік ұлт-азаттық қозғалыстың Ресей отарындағы аймақтық көріністері түрінде пайда болып, даму барысында дербес саяси құбылыстарға айналған Түркістан ұлт-азаттық қозғалысы мен Алаш қозғалыстары да қазіргі кезде тарихи ойдың қызығушылығын оятып отыр. Қазақстан мен Орта Азия республикалары тәуелсіздігінің бастауында тұрған бұл қозғалыстарды бірін-бірі толықтыратын біртұтас ортақ құндылықтарымен және бірін-бірі қайталамайтын ерекшеліктерімен дара құбылыстар ретінде қарастыру қажеттілігі айқын сезіліп отыр. Бұл мәселеге элита теориясы тұрғысынан назар аударылар болса онда тарихи танымның игілігіне айналатын соны нәтижелерге қол жеткен болар еді. Өйткені, бұл қозғалыстардың идеялық сабақтастығы мен бағдарламалық мақсаттарының сәйкестігі үйлестіруші факторларының ортақтығымен бірге олардың басқарушы элита өкілдерінің де саяси көзқарасы мен рухани-мәдени ұстанымдарының ортақтығынан туындап жатты. Бұндай саяси, мәдени-рухани ортақ ұстанымдардың негізділігі қазіргі бауырлас мемлекеттер арасындағы интеграциялық ықпалдастықты одан әрі өрбітуге жаңа тыныс береді. - тақырып өзектілігінің үшінші қыры – қазіргі заманғы тарихи таным тәсілдерінің бірі ретінде элита теориясы концепциясын қолдану мүмкіндігінен туындайды. Еліміздің тарихи Ресей мен Кеңес Одағы құрамындағы даму факторларының жүйесінде саяси басқару факторы маңызды орын алып келді. Бұл жағдай мемлекеттік басқарудың субъектісі болған саяси элитаның рөлін арттыра түседі. Түркістан өлкесінде іске асырылған кез-келген модернизация осындай себептермен "жоғарыдан төменге" қарай бағытталғаны белгілі. Тоталитарлық билік қоғамдық дамудың эволюциялық ырғағына қарсы жүргізген саясаты терең әлеуметтік, саяси күйзелістерге ұрындырғандықтан да осының бәріне тікелей жауапты билік басындағы басқарушы элитаның қоғамдық құбылысқа айналған болмысын тану қажет-ақ. Осы міндетті шешуде жаңа әдістемелік тәсілдің маңызы арта түседі деп есептейміз. Қазіргі әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар мен бұрынғы кезеңдегі элитаайналымы үлгісінің түбірінен өзгергеніне қарамастан саяси элита бұрынғысынша еліміздегі саяси үдерістің маңызды факторы болып отыр. Соңғы кездегі саяси, әлеуметтік талдаулар көрсетіп отырғандай елімізде қалыптасқан мемлекеттік билік құрылымдарында саяси элита өзінің ролін нығайтып келеді. Бұл үдерістің алдағы уақытта да жалғаса түсетін тенденциясы байқалуда. Дәстүрлі қоғамдағы әлеуметтік институттардың билік құрылымдарын қалыптастыруда ұстанған құндылық бағдарлары қазіргі кезде де маңызын жойған жоқ [2]. Демек қоғамдық өмірде саяси элита ықпалының артуы Қазақстанда элитақалыптастырушы үдерістердің генезисін тарихи деректік материалдар негізінде концептуалдық тұрғыда зерттеудің маңыздылығы тақырыптың барынша өзекті екендігі танытады. Бұл себептерге қосымша айтармыз, ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде Түркістанның қоғамдық-саяси тарихын ғылыми ойдың тезінен өткізіп, тәуелсіздік идеологиясы талаптарына сай қайта қарау отандық тарихнамадағы олқылықтардың орнын толтырады деп есептейміз. Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақ қоғамындағы саяси-әлеуметтік құбылыстар элита теориясы тұрғысында осы кезге дейін жеке тақырып ретінде зерттелген жоқ. Ал Қазақстан тарихында жан-жақты ғылыми негізделген әдістемелік тәсіл ретінде бұл аталған үлгінің қолданылмағандығы белгілі. ХХ ғ. басындағы Түркістан ұлт-азаттық қозғалысының тарихнамасы аса қомақты, соның ішінде ұлттық элитаның қалыптасуы мен қызметіне қатысты зерттеулер сипаты, мазмұны жағынан өте күрделі болды. Тақырып тарихнамасының күрделі сипат алуының бірнеше себебі бар. Біріншіден, Түркістан ұлт-азаттық қозғалысы өзінің бағдарламалық мақсаттары, қызмет аясы, әлеуметтік-саяси негізі, тіпті ұйымдық құрылымы бойынша әлемде теңдесі жоқ қайталанбас ерекшеліктері мол тарихи құбылыс болатын. Сондықтан ол құбылыс аймақтық оқшаулауға көнбейтін, әлемдік ұлт-азаттық қозғалыспен саяси-идеялық тұрғыда сабақтасып жатты. Міне, осы күрделі сипат жүргізілген зерттеу жұмыстарының барынша әралуандығына негіз болды. Тақырыптың зерттелуіне күрделі сипат берген екінші себеп – қоғамдық-саяси көзқарастар жүйесінің өзгермелігінен туындайды. Кеңестік қоғам тарихнамасы біртұтас жүйе ретінде қарастырылғанымен оның өзі қоғамдық-саяси құндылық бағдарламаларының өзгеруіне байланысты тұтас кезеңдерге жіктелсе, сол кезеңдер концептуалдық тұрғыда жекелеген ағымдарға таралып кетеді. Демек, әр кезеңнің, әр ағымның тақырыпқа қатысты зерттеулерінің деректік, әдістемелік негізі әртүрлі болғандықтан олардың арасында бір-біріне қарама-қарсы бағалар да кездеседі. Бұндай жағдайда мәселені кешенді түрде қарастырып, тарихи тұрғыда салыстыра бағалау қажеттігі туады. Тақырыптың зерттелуіндегі ең түйінді деп есептеген үшінші себеп - зерттеу жұмыстарында қолданылған теориялық-әдістемелік тәсілдердің сипатымен айқындалады. Тақырып тарихнамасының қомақты бөлігін құраған кеңестік тарихнамада маркстік таптық-формациялық әдістеме тарихи танымының негізі болған еді. Бұл кезеңдегі қоғамдық ғылымдарда ғылыми зерттеудің элита теориясына орын болмады. Оның есесіне әлемдік ғылыми ойда бұл таным тәсілі қоғамдық-саяси құбылыстар мен тарихи оқиғаларға талдау жасап, ғылыми баға беруде батыл қолданып келеді. Ал идеологияланған кеңестік тарихнама оған "буржуазиялық қоғамның” кезекті сәтсіз тәжірибесі деген баға беріп қойды. Содан да кеңестік тарихнамадағы элитаға қатысты ой-пікірлерді ауқымды зерттеулердің арасынан біртіндеп іздеуге және ұқсас мәнді тұжырымдар мен концепцияларды элитологиялық қағидаларға сай талдап, тақырыпқа қарай "бұрып әкелуге” тура келеді. Демек, осы кезге дейін қолға алған тақырып концептуалды тұрғыда дербес зерттеле қоймағандықтан да алға қойған міндеттерді шешу ғылыми зерттеуді барынша мұқият жүргізуді қажет етеді. |
ТҮРКІСТАННЫҢ ИСЛАМ ӘЛЕМІНДЕГІ ЕРЕКШЕ ОРНЫ Мұртаза БҰЛҰТАЙ Ислами әдебиеттерде көбінесе "Йесе” (Йеси) деп аталатын заманауи Түркістан шаһарының діни, тарихи, әлеуметтік маңызын екшемес бұрын, "Түркістан” сөзінің мағнасын сәл талдап көрелік. VII-ғасырда Орта Азияны өз билігіне қаратқан арабтар (Әмәуилер) Жейхұн[1] өзенінің ар жағындағы елдерді "Мауера-ән-Нәһір”, яғни "өзеннің ар жағындағылар”, ал осы аймақты бағындырған олар кейінірек Сейхұн[2] өзенінің солтүстігіндегі елдерді "Биләд әт-Түрк”, яғни "Түрік елі” деп атаған.[3] Иран тілді халықтар да мағналас түрде "Түркістан”, яғни "Түрік Елі”, "Түрік Жері” деп атаған-тұғын. Заманауи түсінікте "Түркістан” – Жейхұн өзені бастауының солтүстігіндегі Орталық Азия елдерінің жалпы атауы.[4] Қарахан (942-1211), Ғазна (962-1187), Селжүк (1040-1157) ханадандары[5] кезінде түркілер билеген аумақтың үнемі өсуіне байланысты бүгінгі күнгі мағнадағы "Ұлы Түркістан” ұғымы қалыптасады. XVIII-XX ғасырлардағы саяси-әкімшілік өзгерістер салдарынан Ұлы Түркістан аймағы "Шарқи Түркістан” (Шығыс Түркістан) және "Ғарби Түркістан” (Батыс Түркістан) деп аталған екі бөліктен құралады. Ресей патшалғы мен Ежен Хандығының (Цин Имериясы) отарлаушылық іс-әрекеттерінің нәтижесінде Ұлы Түркістан аймағы осылайша бөлінеді. Батыс Түркістанға – Татарыстан, Басқортостан, Қазақыстан, Қырғызыстан, Тәжікістан, Өзбекістан, Түрікменістан жұмһұрияттары[6] мен Хорасан, Солтүстік Ауғаныстан енеді. Әсілі, Ұлы Түркістан ұғымы қамтитұғын жағырапиялық алаңның нақтылы тағрифы[7] жоқ, авторлар әр қилы тағриф етуде. Шығыс Түркістан елі болса Қашғар, Йаркенд, Тұрфан, Құмұл, Үрімжі секілді қалалар орналасқан Қарахан дәулеті (840-1212), Ойғыр мемлекеті (840-1337), Моғолистан Хандығы (1348-1514), Йаркенд Хандығы (1514-1644) қатарлы мұсылман-түркі мемлекеттері билеген ұлан-байтақ мекендер.[8] |
Қазақстандағы әлеуметтік-шаруашылық құрылым және 1822-1824 жылдардағы реформалар. Қазақстанның патшалы ресейге тәуелді болуының басы XVIIIғасырдың 30-жылдарына жатса да, бірақ патша өкіметі Қазақстанды тек XIX ғасырдың алғашқы жартысында ғана түпкілікті бағындыра алды. Шығыстағы байтақ даланы жаулап алуға ұмтылу патша өкіметінің дәстүрлі саясаты болды. Алайда Орта Азиядағы орыс өктемдігінің тоқтаусыз жүруіне қарамастан, XIXғасырдың 30-жылдарына дейін ортаазиялық істер патша өкіметінің "үлкен саясаты" саласынан сырт қалып келді. Негізінен Таяу Шығысқа, онда да ең әуелі иелігіндегі жерлерімен қоса Түркияға жер аударылды. Патша өкіметі Орта Азиядағы өз орнын баяу, әрі мықтап бекіте отырып, XIX ғасырдың екінші ширегі басталғанша бұл бағыттағы саясатын тездетпеді. Орта Азиялық хандықтармен сауда айналымын кеңейтуге ұмтылу бұл саясаттың негізгі өзегі болды. |
HTML негіздері HTML (HyperTextMarkupLanguage) – бұл құжаттарды кодтау үшін қолданылатын гипертекстік белгілеу тілі. HTML ді көбі программалау тілі деп ойласа да, бұл программалау тілі емес. HTML – мәтінді белгілеу тілі. HTML құжаттарды көру үшін браузерларды қолданамыз. Браузер-программалардың саны өте көп, мысалы көп таралғандар Netscape Communicator, Microsoft Internet Explorer, Opera. HTML тiлiнде колданылатын командаларды "тег” деп айтамыз. HTML тiліндегi тегтер екi топқа бөлiнедi: жұпты, жұпсыз. Жұпты тегтер дегенiмiз, бiр тег ашылса, келесi тег оны жабады. Мысалы, <html> тегтiң жұмысын ашады да келесi </html> тегi оны жабады. <title> ашылуы, </title> жабылуы. Жұпсыз тегтер дегенiмiз, тег ашылады да қолданыла бередi. Мысалы, <IMG> т.с.с. Көрсетілген мысалдарды компьютерде көрү үшін мәтінді Блокнот программасына теріп, оны htm түрінде сақтаңыз. Файлды браузерде ашыңыз. |
Жоспар: Кіріспе 1. Құнды қағаздар нарығы. 2. Құнды қағаздардың экономикадағы қызметтері. 3. Құнды қағаздар және оның айналу мәселелері. Қор биржалары. Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер Кіріспе Құнды қағаздар орта ғасырлардан бері қарай қолданыла бастады. Сол кезеңде ұлы географиялық жаңалықтардың ашылуымен байланысты сауданың аясы кеңіді, ал осы мүмкіндіктерді пайдаланып қалғысы келген кәсіпкерлердің ірі капитал сомасына деген қажеттілігі туды. Оның үстіне теңізден шалғай рынок пен шикізат кезін игерумен байланысты орын алатын шығындарды жекелеген адамдар көтере алмайтын да еді. Нәтижесінде ағылшын, голландық компаниялары акционерлік қоғамы Ост-Индия, Грудзон бүғазы компанияларымен сауда жасаумен байланысты дүниеге келді. Міне осылар құндықағаздарды бірінші шығарған ірі компаниялар болды. Олардың акциялары күні бүгінге дейін Лондон мен Торонто биржаларында сатылуда. XVI—XVII ғғ. Англиядағы акционерлік компаниялар капиталды көп қажет ететін көмір өндірісін қаржыландыру үшін де ұйымдасқан болатын. ХІХ ғасырдың 60-жылдары тағы да бір маңызды оқиға болды. Германияда ауыр өнеркәсіпті дамытуға шығарылған құндықағаздармен делдалдық операцияларды жүргізуді универсалды инвестициялық банктер өз қолдарына алды. |
ГӘККУ
Қай заманда қазақ үшін ән өнердің ұшар басында тұрды. Көшпелілердің сахнасын өлеңмен ашу ата дәстүрі болса, сол рухани азығымыздың өрісі өрлеп, өркендей түсті. Сұлу саз, көркем сөз, асқақ ән дегенде, қазақтың сал-серілерінің бейнелері көзге елестейді. Бұл орайда әңгіме қозғалса сексен көлі толқыған аққулы өлке Есіл-Көкше еске түседі. Сол асыл өңірді әнмен көмкерген Сегіз сері, Шал ақын, Нияз сері, Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай әндері халқымыздың мәңгі өшпес рухани азығына айналды. Бұл жолы қазақтың ақтангер ақыны, ұлы композитор, өз заманында алдына жан салмаған әнші Үкілі Ыбырайдың бүкіл шығармашылық әлемін түгелімен қозғамай, "Гәкку” атты әні жайлы ғана ой өрістетпекпін. Гәкку – арман, Гәкку – тағдыр, Гәкку – қазақ өнерінің сөнбес жұлдызы. Гәкку 1934 жылы (либреттосын Ғабит Мүсірепов жазған) Е.Брусиловскийдің "Қыз Жібек” операсындағы Жібектің ариясы болып жарқ етті. Бұл ария бүкіл операның музыкалық негізгі әуенін, басты сарынын құрады. 1936 жылы Мәскеуде өткен қазақ өнерінің онкүндігінде Жібектің рөлінде ойнаған бұлбұл үнді Күләш Байсейітова "Гәккуді” бірінші рет орындап, КСРО халық әртісі атанды. Гәкку деген ән жұлдызы мен Күләш деген әншіліктің жұлдызы қатар жанды. Күләштің де, "Гәккудің” де атақтары айға жеткендей ұлттық өнер өрісі кеңейді. Қазақ деген өз атын жаңа иемденген халықтың әні — "Гәкку” әлемдік өнердің биік өресіне көтерілді. Халық ақыны, Үкілі Ыбырайдың төл шәкірті, тамаша әнші Молдахмет Тырбиев "Гәккуді” айтқанда ерекше толғанатын. Әсіресе, қайырмасын қырық құбылтқанда естір жанды естен танғандай балқытып әкететін де, атақты ұстазының әншілік әлеміне апаратын. "Гәккуді” орындаушылар аз болған жоқ, олардың ішінде үздік орындап, қалыбына дәлме-дәл түсіруші ақиық ақын, асқақ әнші Иса Байзақовтың айтуымен нотаға түсірілген. Молдекең Күләш айтқан "Гәккуді” қуаттап, Иса ағамызға да алғысын айта отырып: "Ұлы ән ұшқыр қалпында, аққу-қаздың қаңқыл-саңқылындай құс үнімен үйлесіп, түпнұсқадан аумапты, тек қана Е.Брусиловскийдің операға икемдеп қайырмасын қанаттандыра түсетін сәл-пәл қосымшасы бар”, – дейтін. Үкілі бабамыздың аруағы қолдап, бұл ұлы сапарға туған жиені, әйгілі ақын, үздік әнші Тайжан Қалмағамбетов барып, Күләш "гәк-гәкке” басып "гәккулетсе”, ол сырнайын өзімен бірге сақ-сақ күлдіріп, нағашыдан бағы ашылған сәтін көрді. Дүние телегей теңіз "гәккушіл” әуенге толқып кеткендей көрінді. Қазақ әні шексіз биікке көтерілді. ХХ ғасырдың Гомері атанған қазақтың ұлы ақыны Жамбыл бабамыздың Тайжан мен Кененге: "Ыбырай марқұм бір аунап түскен шығар, уа, аруақ, қолдай бер, Күләштай бұлбұл қызымызды”, — дегені де Тайжекеңе айтып жүрерліктей естелік болып қалды. Әттең, дүние-ай, 1937 жылы "халық жауы” атанып Тайжан да атылып кетті. "Гәкку” әні осыдан кейін операдағы ария ретінде ел арасына тез тарады. Одақтық, республикалық радиодан Күләш "Гәккуді” өте жиі орындайтын. "Қыз Жібек” операсының ариялары ел ішінде кеңінен айтыла бастады. Ұлы Отан соғысы басталатын жылдың өзінде әйгілі опера күйтабақ күйінде алыстағы Көкшетау облысы, Айыртау ауданындағы ауылымыз Өскенге де жетті. Бұл ауыл Үкілі Ыбырайдың туған жері, қазір ұлы жерлесіміздің атымен аталады. Соғыс жылдары қаршадайымыздан біздерді жұмысқа салып, даладағы егістің қалың біткен сабақтарының арасындағы арам шөпті жұлдыруға апаратын. Түскі демалыс, қатты аптаптың кезінде бойжеткен қыздар мен ересек балалар Қыз Жібек болып әндетіп, Төлеген болып қамықтырып, Қаршыға болып ащы әнге басатын. |
ҮСТІРТ КЕРУЕН ЖОЛЫНДАҒЫ САМ ҚАЛАСЫ
Ш. Б. Әзірханов Бейнеу лицейі, Бейнеу ауданы, Маңғыстау облысы
Жамағат, біздің тарих-алтын шынжыр, Әр жерден жиі үзіліп-көп жалғанған. Есенғали Раушанов |
Айбек ҚАЛИЕВ Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты
ФАЙЗОЛЛА АҚЫН ЖӘНЕ АЛАШ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ
Қазақ әдебиетінің тарихындағы ақтаңдақ беттердің бірі – ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде Торғай өңірінде қалыптасқан ақындық мектеп. Өзіндік дәстүр ерекшеліктері бар бұл ақындық мектеп өкілдерінің шығармашылығы жөнінде кеңес заманында сөз қозғау өте қиын болды. Олардың шығармалары ел арасында жасырын түрде ғана айтылып жүрді. Мұның себебі – бұл ақындық мектептің ұстаздары Уақ Жұмабай Шалабайұлы, Есенжол Жанұзақұлы, Сейдахмет Бейсенұлы, Әбіқай Нұртазаұлы сияқты ақындар Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатовтың ақындық жолындағы алғашқы ұстаздары еді. Сонымен бірге бұл ақындардың шығармалары да идеялық жағынан кеңестік қоғамға жат болатын. Торғай ақындық мектебінің тағы бір топ өкілдері – Құбаша Шалбайұлы, Файзолла Сатыбалдыұлы, Әлмұхаммед Оспанұлы сияқты ақындар Ахмет Байтұрсынұлымен, Міржақып Дулатұлымен, Ахметсапа Юсуповпен «Алаш» қозғалысының басқа да мүшелерімен аралас-құралас, ниеттес, пікірлес болған. Сол себепті де «халық жауы» атанып сотталған, жер аударылған. Тәуелсіздігімізді алып, 1937 жылдары жазықсыз атылған, қуғын-сүргін көрген арыстарымыз ақталғаннан кейін жоғарыда аталған ақындық мектеп өкілдерінің есімдері қайта оралып, олардың әдеби мұрасымен қайта қауыша бастадық. 1916 жылы 25 маусымда Николай патша Орта Азия, Қазақстан және тағы бірқатар өлкеден 19 бен 43 жас араларындағыларды «қорғаныс бекіністерін және әскери шептерін» жасауға жұмысқа алу туралы жарлыққа қол қойды. Осы жылдың 28 маусым күні ішкі істер министрлігі мен қорғаныс министрінің «бұратана халықтарды» тыл жұмыстарына «реквизициялау» (мүлікті мемлекет қарамағына еріксіз алу) туралы бұйрығы Қазақстанға телеграф арқылы жетіп үлгерді [1]. |
1.1. Факторинг операциялары. Факторинг АҚШ-та шамамен 1890 жылы пайда болды. Экономикалық тұрғыда бұл борышты саудалау, есептік операциялардың бір түрі. Факторинг – банктің тауарлар жеткізуден және қызмет көрсетуден, берілген несиені қайтаруды талап ету құқығын қоса алғанда басқа шарттардан туындайтын төлем талаптарын сатып алуы. Мұндай мәміленің нәтижесінде банк өз клиентінің талабын қайта қаржыландырып қана қоймай, сонымен қатар төлемеу ықтималы тәуекелін өзіне қабылдайды. Өндіруші осының арқасында айналым капиталын алады. Факторингпен айналысатын адам фактор деп аталады. Ақысы төленетін (төлеу сатып алушының ақшасын алуына қарай жүргізіледі) факторинг және төленетін және қаржыландырылатын (соманың 90 пайызын бір уақытта төлеу тауарды өндіруші жеткізгеннен кейін және келесі ақы төлеу – барлық ақша алынғаннан кейін жүргізіледі) факторинг деп бөлінеді. Соңғы түрі қымбаттау, себебі үлкен тәуекелділік бар. |
ФАРАБИ ТРАКТАТТАРЫНДАҒЫ БІЛІМ, ТӘРБИЕ ЖӘНЕ АДАМГЕРШІЛІК —ГУМАНИЗМ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Ж. Исахметұлы Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Қазіргі дүниені неғұрлым дұрыс танып, білу үшін және жақсы өмірдің дұрыс жолын таңдай білу үшін және жаңа мыңжылдықта білімді, тәрбиені, адамгершілікті-ізгідікті дамыту үшін біз әр уақытта, әр дәуірде өзімізге дейінгі өткен идеялар мен қағидаларға сүйенгеніміз жөн. Ондай идеяларды Орта ғасырларда өмір сүрген Батыс пен Шығыстың ғұлама ойшылдары Аверроэсо (Ибн Рушд), Я.А. Коменский, Н.Макиавелли, Ибн Халдун, Ибн Сина, Әл Бируни және т.б. айтты. Осындай ой титандарының бірі-бірегейі, қазақ топырағынан шыққан ғұлама ғалым-философ Әл Фараби еді. Ол сонау Ерте орта ғасырлардың өзінде адамзат ілімінің молайып, ақыл-парасаттың жетілуін, оқу-ағартудың қажеттілігін айтып, білім алудың маңызын атап көрсеткен болатын. Фараби идеялары оның 140-тан астам трактаттарының арқауы болды. |