Главная » Файлы » Курстық жұмыстар | [ Добавить материал ] |
В разделе материалов: 86 Показано материалов: 21-30 |
Страницы: « 1 2 3 4 5 ... 8 9 » |
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақ халқының басына тәуелсіздік бақытын сыйлаған, соңғы он бес шақты жылдың көлемінде рухани дамуымызға бірқатар оң өзгерістер дүниеге келді. Егемен ел болып дүние жүзіне танымал болдық. Алғашқы асуды алдық. Осы жемісті жетістікке жеткізу үшін Қазақстан халқының, соның ішінде рухани және материалдық игіліктерін арттыру үшін атқарылар іс ауқымды. Сондықтан Республика халқының ақыл-ой мәдениетін, білімін, ұлттық сана-сезімін көтермейінше, ілгері баса алмаймыз. Себебі, бұл бұрынғы жақсы салт-дәстүр, көне мәдениет, тарих, халықтық педагогика мен ұлттық тәрбие, тарихи тұлғаларды қалпына келтіру арқылы жүзеге аспақ. Бұрын жоғалтқан асыл қазыналарымызды қайта таптық және өлгеніміз тіріліп өшкеніміз жанды. Қоғамның құрылымдық сипаты ғана емес, тұтастай ойлау жүйесі жаңғырды. Тәуелсіздік қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған асыл мұраты еді. Ата-бабаларымыз қанын да, жанын да аямай, қанша арпалысса да жете алмай кеткен осынау қастерлі мақсатқа біздің ұрпақ ХХ ғасырдың аяғында дау-дамайсыз қол жеткізді. Тәуелсіздік Алланың берген бас бостандығы. Әлем жұртшылығы халқымыздың дербес елдігін таныды. Мұның өзі қоғамдағы орнықты саяси ахуал жағдайында халықтың басым көпшілігінің рухани жаңаруы арқасында жүзеге асуы мүмкін. Адамдар санасының өзгеру, халықтың басым көпшілігінің әлемдік өркениет үлгісімен рухани жаңару процесінің күрделі сипатын ашып көрсете отырып, ел Президенті бұл процестің қазіргі таңда қалай жүріп жатқанына да баға берді. «Адамдардың ой-санасын бір сәтте өзгерту мемлекеттің қолынан келмейді, бірақ мемлекет өзгерістер процесін, маңызды ақпаратты халыққа жеткізу жолымен және де ең бастысы, өзіндік молшылыққа бағытталған әлеуметтік-экономикалық саясатты іске асыру жолымен, жеделдетуге қабілетті. Адамдардың жаңа дүниетанымын қалыптасқанша ондаған жылдар қажет болады» - дейді Президент Н.Ә.Назарбаев. |
Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі тіл білімінде этномәдени тіл бірліктерін белгілі бір тақырыптар төңірегінде топтастыра отырып, оларды түрлі бағытта қарастыру кең үрдіс алып келеді. Тіл – тек қарым-қатынас құралы ғана емес, ол өзінің кумулятивтік (сақтап – жеткізушілік) қасиетінің арқасында адам қолымен жасалған материалдық және рухани мәдениетті бола-шақ ұрпаққа жеткізуші құрал. Тілдің осындай қызметінің арқасында ғана халықтың өмір сүру дағдысының, халықтық тәжірибелік білімнің, дәстүр жалғастығының сабақтастығы сақталып, олар жаңғыртылып, жетілдіріліп отырады. Осымен байланысты қазақ халқының тұрмыс- тіршілігін, материалдық және рухани мәдениеті мен дүниетанымын тіл арқылы зерттеп сипаттау – қазіргі тіл білімінің этнолингвистика, лингвомәдениеттану, лингвоелтану, когнитивтік лингвистика сияқты бағыттарының негізі болып отыр. Осы тұрғыдан алғанда, ата-бабаларымыздың материалдық және рухани мәдениетінің айқын көрінісі, ретінде әйел қолөнерінің туындылары практика-лық та, эстетикалық та қызметті қатар атқарған. |
Қазіргі қазақ қоғамындағы ерекше маңызды сипатқа ие болған ұлттық мүдделі мақсаттың бірі халық рухын, оның өзегі - мәдениетті жаңғырту. Көрнекті мәдениеттанушы ғалымдардың пікірінше, «мәдениет-адамның ақыл-ойы мен еңбегі жемісінің тізбектері, дәлірек айтқанда, материалдық және рухани құндылықтар жүйесі» (Э.Тэйлор); «мәдениет- дүниенің бөлшектері болып саналатын рухани көріністерді бейнелейтін тіл, миф, өнер, дін және т.б. негізде құрылатын семиотикалық жүйе» (Ю.Лотман). Осымен байланысты мәдениеттің таңбалық негізі тіл арқылы көрініп, рәміздік жүйедегі ұлттың психологиялық түрімен, сакрализация тәсілімен сипатталады. Бұл арада тіл тек коммуникативтік құрал емес, сонымен бірге адам болмысының, оның мәдениетінің көрінісі. Өйткені мәдениетің этнотаңбалық белгісі тілден тыс көріне алмайды. Осыған орай мәдениетпен сабақтастықта қарастырылатын тіл тек денотативті коммуникация құралы ғана емес, сонымен бірге коннотативті (белгілі бір әлеуметтік мәдени, танымдық мәні бар) құрал. Демек, тіл бірден бір коммуникативтік құрал ғана емес, тілдік қарым-қатынас негізінде мәдениетті де анықтайтын кешенді ұғым ретінде мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасының өзекті арқауын құрайды. Соның ішінде мәдениеттің коммуникативтік, мұрагерлік табиғатына сәйкес оның ашық жүйе ретінде сақталуы, кейінгі ұрпаққа жетуі, жаңғыруы, танымы, оның игерілуі, жетілуі тіл арқылы іске асатыны қазіргі тіл білімінің антропоөзектік бағыттағы зерттеулерінде нақты дәйектелуде. Қазақ тіл біліміндегі тіл мен мәдениет сабақтастығына негізделген қағидаға сәйкес жүргізіліп жатқан зерттеулерде мәдениеттің өзі метатіл деп анықталып, оның коммуникативтік, кумулятивтік, әлеуметтік қызметтерін талдауға қазақ тіл білімінде ерекше назар аударылуда. Осы тұрғыдан қарағанда, мәдениет метатілін этномәдени негізде сипаттайтын өзекті арнаның бірі жалқы есімдердің (антропонимдердің) лингвомәдени, әлеуметтанымдық жүйесі. |
Қазақ тілі осы мемлекеттің түпкілікті тұрғындары қазақтардан басқа Қытай, Монғолия, Иран, Ауғанстан, Түркия мемлекеттері мен ТМД-ның Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан сияқты республикаларында тұратын қазақтардың да ана тілі. Қазақ тілі – батыс түркі тілінің қыпшақ тармағына жатады. Бұл тармаққа кіретін тілдер – қарақалпақ, ноғай, татар, башқұрт, қырғыз, қырым татары, қарайшай, балқар, құмық және тағы басқа тілдер. Қазақ тілі - өзіндік әдеби, ғылыми және саяси жазу нормасы қалыптасқан бай тіл. Қазақ тілінің тарихы әртүрлі тарихи кезеңдерді бастан кешкен қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты. Оның қалыптасуға бет алуы ХІ-ХІІ ғасырлардағы Түрік қағанатының пайда болу кезеңінен басталып, ХҮ ғасырдағы қазақ хандығы тұсында әбден қалыптасып болған еді. Басқа түркі тілдерімен салыстырғанда, сөздік қоры жөнінен, қазақ тілі – ежелгі таза қалпын тұтас сақтап келе жатқан тілдердің бірі. Ғалымдардың пайымдауынша, қазақ тілінің ауыз әдебиеті және жазба әдебиеті сияқты екі қайнар көзі бар. Қалыптасудың барлық сатыларын бастан кешірген ана тіліміз – мейлінше жетілген ұлттық тіл. |
Кез келген әдеби тілдің дамыған, жетілген, өзіне ғана тән шынайы табиғаты оның функционалдық стильдік салалары мен тармақтарынан байқалатыны белгілі. Қазіргі қазақ тілінің қоғамдық әлеуметтік қызметі өрістеп, әр алуан қарым-қатынас қажетін өтеуі, ең алдымен, оның стильдік, тілдік бірліктерінің қасиет-сапаға ие болу ерекшелігімен тығыз байланысты болады. Бүгінгі таңда мемлекеттік тіл саясатының басым бағыттарының бірі – қазақ тілінің әлеуметтік қолданыс аясын кеңейту, конституциялық мәртебесін баянды ету болып табылады. Мұның өзі тілді «қарым-қатынастың аса маңызды құралы» қызметімен қатар, мәдениеттану құралы болуымен тілдік ұжымның саналы әрекетінің нәтижесінде қоғамдық салада жинақталған дүние – әлем туралы білім қорын, ұлттың өзіне тән мінез-құлық, жан дүниесін, психологиясын, дүниетанымын тілдің стилистикалық жүйесімен тығыз байланысты қарастыруды қажет етеді, өйткені халықтың рухы тілдік құрылымдар арқылы, олардың стильдік мән-мағыналары арқылы объективтенеді. |
Тіл білімі тарихын зерттеуші ғалымдардың басшылыққа алатын историзм принципі бойынша, әр дәуірде қалыптасқан, өмір сүрген алуан түрлі тілдік мектептер, концепциялар сол өз дәуірі тұрғысынан бағаланып, олардан бұрын не бар еді, бұлар оған не қосты, кейінгілердің өздерінен бұрынғылардан артықшылығы қандай деген тұрғыда қаралуы керек. Қазіргі заман тіл білімі – дамудың биік шыңына көтеріліп келе жатқан кең салалы, көп тармақты ілім. Оның құрамында әртүрлі лингвистикалық бағыттар, мектептер, зерттеудің әртүрлі әдіс-тәсілдері бар. Оның сипатын, бүгінгі күйін басқаларынан бөлініп алынған жеке бір мектеп, я зерттеудің жеке бір әдіс-тәсілі көрсете алмайды, оған өресі жетпейді. Сол бағыттарды, мектептерді, әдіс-тәсілдерді бірлікте алып қараған жағдайда ғана тіл білімінің қазіргі күйін, сипатын толық түсінуге болады. Осыған орай, жекелеген ғалымдардың мұрасын оқып-үйрену – ғылым үшін, оның болашағы үшін аса маңызды қажеттілік. Лингвистикалық мұраны зерттеу жалпы тіл білімінде, соның бірі түркі тілдерінде, ғылым туралы ғылым ретінде әбден орныққан, қалыптасқан дәстүр болып табылады. Қазақ тіл білімінде бұл мәселе 1970-ші жылдардан басталады. К.Ш.Хұсайынның «Исследование фонетики и лексики казахского языка в трудах В.В.Радлова» (А., 1971) атты кандидаттық диссертациясында қарастырылып, одан кейін жеке ғалымдардың мұралары монографиялық тұрғыда зерттеле бастады. Бұл қатарда К.Ертаев, Ж.Тектіғұлова, Г.Әмірова, А.Иманғазина, О.Жұбаева еңбектерін атауға болады. |
Антропонимика – кісі есімдерін арнайы зерттейтін ғылым ретінде Халықаралық ономастардың І конгресінде (Париж, 1938) тұңғыш рет ресми танылған, ономастиканың соңғы отыз жылдықта ауқымды зерттеле бастаған салаларының бірі. Соңғы 10-15 жыл ішінде ономастиканың тармақталып, теориялық, сипаттамалық, тарихи, қолданбалы және поэтикалық ономастика т.б. бағыттар бөлініп шықты. Көркем мәтіндегі ЖқЕ-дің қолданысы, стильдік ерекшеліктері, апеллятивтенуі, поэтикалық сипаты, лингвистикалық және этнолингвистикалық табиғатын экстралингвистикалық факторлармен байланыстыра зерттеу соңғы жылдары қолға алына бастады. Тіл құпиясының бір ұшығы адам есімдерінің пішім-бейнесі оны қоршаған ортаға көзқарасында, дүниетанымында, этикалық дәстүрінде, тұрмыс-салтында, әдет-ғұрпында, бүкіл ұлттық психологиясы мен логикасында, географиясы мен этнографиясында жатыр. Дүние есігін жаңа ашқан сәби есімі мен көркем туындыдағы кейіпкер атының қойылу мотивінде қандай да болмасын ұқсастық пен айырмашылық болады. Қазақ поэтикалық ономастикасында сатиралық шығармалардағы кейіпкер аттары туралы, олардың тілдік табиғаты әлі күнге дейін жүйелі зерттеу нысаны бола қойған жоқ. Кейіпкерлер көркем әдебиетте өмір сүретіндіктен, оның болмысы мен табиғатын тану көбінесе әдебиетшілеріміздің үлесіне тиіп келгені рас. Кейіпкер аты – жалқы есім (ЖқЕ), яғни жалпы есімге (ЖпЕ) барлық жағынан (грамматикалық, семантикалық, функциялық қызметі) қарама-қарсы ұғым мен категория. ЖқЕ-дер кез келген тілдің сөздік қорының біршама бөлігін құрайды да, ономастикалық универсалийлердің бірі болып табылады, өйткені олар тарих айнасы ретінде халықтың көптеген мәдени құндылықтарын сақтаған. ЖпЕ-дер лексикалық мағынаға ие болса, ЖқЕ-де бұл қасиет жоқ, олар тек атауыштық қасиетке ғана ие. Олай болса, кейіпкер аттары ЖпЕ-нен жасалғанымен, ЖқЕ-ге айналғанда, бастапқы ұғымынан, мәнінен, нәрінен айрылады. Көркем шығарма мәтіндеріндегі барлық ЖқЕ-дің қолданылу ерекшеліктерін әдеби ономастика (ӘО) зерттейді. Осыған орай әдеби ономастикада ЖқЕ зерттеудің барлық аспектілері мен бағыттар, қазіргі ономастикадағы олардың таптастыру ұстанымдары, көркем мәтін түрі, оның жанры мен семантикалық құрылымы, ономастикалық кеңістікте мәтіндегі ономастикалық бірліктердің эстетикалық байланысты қарастырылады. ӘО көркем шығармалардағы ЖқЕ – дер оның жанрлық, стильдік, тақырыптық және идеялық заңдылықтарына сәйкес қолданылады. Көркем мәтіндегі сатиралық - юморлық аттардың өзінің негізгі номинациялық (атауыштық) қызметімен қатар, аталу уәжділігі мен ерекшеліктеріне, поэтикасы мен стилистикасына сай бірқатар қызмет атқарады. |
Тақырып өзектілігі. Тарихи деректану саласында зерттелмеген, әрі өзектілігі артып отырған ғылыми мәселенің бірі қазақ шежірелерімен байланысты. Дала өркениеті тудырған шежіре мәлеметтеріне деректік талдау жасау, көшпелілік болмысқа тән тарихи ой-сана мен тарихи таным өрісін, оның табиғатын және құрамдық бөліктерін, әлеуметтік-мәдени қызметін тануға жол ашады. Тарихи ертегілер, жыр-дастандар, тарихи әңгімелер, аңыз, әпсаналар, қария сөз, шешендік, билер сөзі және басқа да ауызша айтылып, халық жадында сақталған мұралар шежірелік дәстүрді құрайтын ішкі деректерге жатады. Өз кезінде Ш. Уәлиханов, қазақта «бірде-бір мәнді оқиғасы, бірде-бір керемет кісісі туралы айтылмай қалғаны, халық жадында сақталмай қалғаны жоқ», - деп атап өткен [1, 157 б.]. Расында да, қазақ мәдениетінде, төл әдебиетінде үлкен деректік қор бар. Ол деректемелердің тарихи шындықты суреттеудегі ерекшеліктері ғылымда қарастырылмай келді. Қазақ шежірелерінің тарихи мәліметтерін сын көзқарас тұрғысынан тексеру, нақты ғылыми тәсілдермен шындыққа сәйкес келетін ақиқатын анықтау, қажетінше ғылыми айналымға енгізу – мемлекет, ұлт және мәдениет тарихын деректік тұрғыда зерттеуді жаңа деңгейге көтеретін келелі мәселе. |
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диссертациялық жұмыс қазақ көшпелі шаруашылығының жаппай отырықшылануының «ақтаңдақ» беттерін ашып, Кеңес мемлекетінің аграрлық саясатын талдауға және оған қарсы шаруа наразылығын сипаттауға арналған. Тақырыптың өзектілігі. Еліміз егемен болып, өз тізгінін қолға ұстап, әлемдік өркениет аясында даму сатысына қадам басқанда өткен тарихымызды саралап, бұрын тиым салынған ақиқатты бүкпесіз айтатын, оған жаңа тұрғыдан баға беретін кезең келгендіктен қарастырылып отырған мәселе өзекті екені күмән тудырмайды. 90–шы жылдардың басында тәуелсіз Қазақстан мемлекеті ерікті қоғам ретінде өз тарихы туралы ақиқатты білуге ерекше ынта қоя білді. Қазақстанның өткені, әсіресе кеңестік даму жолының басты және өзекті мәселелері тарихи ақиқат тұрғысынан қайта қаралып, түсіндірілуде. «Қазақстан Республикасында тарихи сана қалыптасуының тұжырымдамасында» Қазақстан тарих ғылымы алдында тарихи iлiм-бiлiмнiң үзiктiлiгi мен бiржақтылығынан мүмкiндiгiнше арыла отырып, өткен тарихымыздың шынайы бейнесiн жасау қажеттiгi айтылған [1]. Кеңес дәуірінде тарихи оқиғаларға, сол кездегі тіршілікке, әділдік пен зорлыққа берілетін баға кесіліп-пішіліп, өңі айналдырылып, өзгертіліп берілгендігі бәрімізге белгілі. Бұл шындықты ашық айтуға зерделеуге тәуелсіздік алған кезден бастап мүмкіндік алдық. Қазіргі кезде өз тарихымызды жан-жақты зерделеп, тәлімінен үйрену, одан сабақ алу келешек үшін маңызды екені сөзсіз. Өткен тарихи оқиғалардың маңыздылығы туралы «Жадымызда жатталсын, татулық дәйім сақталсын» деген еңбегінде Елбасы Н.Ә. Назарбаев «яғни өткенімізді тұтас күйінде, ешқандай боямасыз, қоспасыз, қаз-қалпында қабылдағанымыз ләзім. Ал өткен жылдар шежіресін үнемі әрі бұрмалаусыз зерделеп отырудың жөні бөлек. Мұның өзі өткендегі тәжірибенің жақсысынан үйрену үшін, ескі қателіктерді қаулата бермес үшін, жаманнан жирену үшін қажет», - деп баға берген [2]. Түрлі мұрағат қорларында қатталып, қолға берілмей, шаң басқан шындықты жарыққа шығарып, халықтың еншісіне беру - уақыт талабы. |
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ Д.Г.Қаржаубаева, Г.Б.Танирбергенова, М.Б.Мыңбаева Тараз мемлекеттік педагогикалық институт, Тараз қ. Демократия мен демография сөзі біздің тілге аударғанда «халықтық билеу» және «халықтың орналасуы» ұғымын білдіреді. Күнделікті өмірімізде ос екі ұғымның мән-мағынасы бір-бірімен жиі қабысып ұштас келеді. Демографиялық процестерге обьективтік түрде талдау жасамайынша Қазақстанның сан қилы күрделі тарихын қайта жазып шығу мүмкін емес. Оның соңғы үш жыл ішіндегі тарихын түрлі демографиялық метаморфозалардың, яғни күрт және кілт өзгерістердің кезеңі деп сипаттауға болады. Кезінде олардың Қазақстанның бүгінгі этногрфиялық келбетінің өзгеруіне әкеліп соқтырған этникалық астары тым мол болды. Егеменді ел болып, іргемізді бүіндеп отырған кезде ұзақ жылдар бойы отаршылдық тұзағына түскен ұлттық санамыз қайта жанданып, даму үстінде болды. Соның бір жарқын көрінісі ұлттық демографиялық мінез-құлқымызда орын алып отырған келелі өзгерістерден айқын байқалады. Халықтың демографиялық санасы көп қатпарлы, ол ұлттық санамыздың бастау алар мәйегі және оны өсіре алатын басты дәнекері. |