Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 22.3.2023
Главная » Файлы » Курстық жұмыстар [ Добавить материал ]

В разделе материалов: 86
Показано материалов: 1-10
Страницы: 1 2 3 ... 8 9 »

КІРІСПЕ


Соңғы кездері “Ақпараттық көпшілік” термині жиі кездесіп жатады.Анализдердің жауаптарына қарасақ, ақпараттық көпшіліктің еңбегі болып табылатын ақпарат және білім, ал еңбек құралы болып - ақпараттық технология саналады.Электрлі санағыш техникасына негізделіп, ақпараттық технология деген жаңа атқа ие болды.Жаңа ақпараттық технологиялар бұрынғыдан да көбірек мүмкіндіктерін көрсетеді.Торға қосылған компьютерлер көптеген әртүрлі, қызықты мағлұмат бере алатыны бізге белгілі.Жылдан жылға осы ақпараттық технологияны қолданатын және қолдануға міндетті адамдар көбейіп жатқаны мәлім.Осы ақпараттық технология көп қажеттілігімізді қанағаттандырғанымен, бізге үлкен қауіп төндіретінін көбісі білмейді.Күннен күнге компьютер қылмыскерлері көбейіп жатыр.Осының бәрі экономика жарылысына әкеліп соқтыруы мүмкін.Ақпараттық технологиялар атомдық станциялармен химиялық өндірістерге қатысы бар.

Қазақша курстық жұмыстар | Просмотров: 3780 | Загрузок: 753 | Добавил: Admin | Дата: 19.01.2015 | Комментарии (0)

КІРІСПЕ

 

Интерфейс (ағыл. interface)— екі бағдарламалық қосымша немесе физикалық құрылғыларымен бірге қолданылатын облыс болып табылады. Қазіргі кездегі колданыстағы компьютерлердің көпшілігі бұқаралық дербес компьютерлер тобына жатады. Іс дербес компьютерлерінің графиктік бейнелеу құралдарына қойылатын талаптар шағын болады. Ықшам компьютерлердің кұрамында байланыс кұралдары болуы міндетті түрде талап етіледі. Жұмыс бекетіне жататын компьютерлердің мәліметтерді сақтау құрылғыларына жоғары талаптар қойылады.

Қазақша курстық жұмыстар | Просмотров: 2228 | Загрузок: 377 | Добавил: Admin | Дата: 19.01.2015 | Комментарии (0)

ИСЛАМИЯТТЫҢ ТҮРКІСТАНДА ТАРАЛУЫ
ЖӘНЕ ИРАН МӘДЕНИЕТІ

Исламияттың Түркістан елдерінде таралуындағы Иран халықтары мен мәдениеттерінің алар орны ерекше. Сонау, Хазіреті Мұхаммедтің (569-632 vV,: y[V2 yV7~ V.) өмірінде парсы жұртының өкілдері Исламиятты қабылдай бастаған-ды. Әсіресе, Халифа Әділетті Омар Хаттабұлы (581?-644) және Қоснұрлы Осман Ғаффанұлының (573-656) биліктері тұсында көне Сасани (224-651) патшалығы мен Мауера-ән-Нәһір елдері мұсылман билігіне қосылған-ды. Арабтар бастаған Исламды насихаттау шараларын кейінірек мұсылмандықты қабылдаған ирандықтар жалғастырады. Исламияттың Орталық Азияда жайылуында Иран жерінде туып өскен ғұламалардың, мемлекет қайраткерлерінің орасан зор үлесі бар.
Қазақша курстық жұмыстар | Просмотров: 1813 | Загрузок: 361 | Добавил: Admin | Дата: 24.02.2014 | Комментарии (0)

Ипотека дегеніміз б.з.д. І-ІІ ғ. Рим шекарасында белгілі болған. «Ипотека» термин ретінде б.з.д. VІ ғ. Пайда болды. Ипотека грек тілінен аударғанда кепілдік деген мағына береді.
    Қазақстанда ипотекалық несиелеу меншік туралы Кеңес Үкіметінің заңы қабылданғаннан кейін мүмкін бола бастады. Шын мәнінде алғашқы ипотекалық несиелеу тұрғын үй құрылыс мемлекеттік бағдарламасымен 1994-1995 жылы жүзеге асырыла бастады. Ал бүгінгі таңда коммерциялық банктердің дәстүрлі – базалық қызметі – экономиканы және халықты несиелендіру. Бұл қызмет банктік қызмет көрсету аясындағы маңыздыларға және банкінің актив операцияларына жатады. Көптеген елдерде ипотекалық несиелендірудің халықты тұрғын үймен  қамтамасыз етудегі  ролі баршаға белгілі.  Шағын болса да тұрақты табысы бар  халық топтары үшін  тұрғын үй сатып алуға  жағдайлар жасаумен қоймай,  ипотекалық несие  құрылыс саласына инвестициялар тартуға  мүмкіндік беріп,  қор рыногының  жаңа сегменті  -  ипотекалық  құнды қағаздар  рыногының әрекет етуіне  септігін тигізді. Осының барлығы  тақырыптың өзектілігін,  зерттеу  объектісін және  мәнін, сондай-ақ оның  мақсаттары мен  міндеттерін   таңдауға  негіз болды. 
Қазақша курстық жұмыстар | Просмотров: 2755 | Загрузок: 359 | Добавил: Admin | Дата: 24.02.2014 | Комментарии (0)

Қоғамдағы саяси-экономикалық, мәдени өзгерістерге байланысты  оқыту жүйесіне де өзгертулер енгізілді. Қоғам өмірі ең алдымен адамның (баланың) өздігінен дамуы мен жетілуін іске асыратын, педагогикалық теория мен практикаға ерекше мән бере бастады.
Оқушының дербестігін, шығармашылық ынтасын арттыруға бағытталған педагогикалық жүйе қазіргі білім берудің барабар талабы болып табылады.
Жеке бала – бұл күрделі бүтін жүйе және оның дамуын ашатын жүйеқұрағыш бөлігін табу өте маңызды. Сол бөлік ретінде ғалымдар өздігінен танымдылықты бөледі, ол жеке адамның дамуындағы бүтін интегралдық көрсеткіші, адамға жаңа жағдайда жеңіл жөн табуға, өзге жағдайда білім мен дағдысын қолдануға мүмкіндік береді. Сондықтан адамның өзіндік танымдылығын дамыту маңызды және мәнді мәселе.
Қазақша курстық жұмыстар | Просмотров: 1873 | Загрузок: 508 | Добавил: Admin | Дата: 24.02.2014 | Комментарии (0)

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Нарықтық экономиканы құрудың бүкіл кезеңінде инфляция тұрақтандыру үдерісіне анықтаушы ықпал ететін шешуші факторлардың бірі болып қала береді. Дамушы нарығы бар экономикаларда инфляцияның өзіндік ішкі ерекшелігі бар.
Экономикасы өтпелі елдерде өтпелі кезеңнің тез өзгеретін жағдайлары, ерекшеліктері және қарама-қайшылықтарымен белгіленетін инфляцияның ерекше түрі туралы сөз қозғау керек.
Бұл елдердегі инфляцияның негізінде бірнеше өзара байланысты себептер жатады. Ұсыныс жиынтығының көлемінен қысқа мерзімді сұраныстың асып кетуі байқалған жағдайда, ол сұраныс жағынан пайда болуы мүмкін (сұраныстың инфляциялануы). Ол өндіріс факторларының кенеттен қымбаттауы салдарынан жиынтық ұсыныс қысқарған кезде, өнімді шығару шығындары инфляциясынан пайда болуы мүмкін.
Инфляция қарқыны жұмыссыздық деңгейіне тәуелді болады. Инфляция қарқынының өсуі жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне ықпал етеді және керісінше. 
Қазақша курстық жұмыстар | Просмотров: 2704 | Загрузок: 724 | Добавил: Admin | Дата: 24.02.2014 | Комментарии (0)

Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі таңда инфляция Қазақстан Республикасының ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 19-сәуір, 2006 жылы айтқандай: «2002-2005 жылдары жыл сайынғы шығын 27,5 пайызды құраса, ақшамен есептегенде ішкі жалпы өнімнің өсуі 53,2 пайызды құраған. Экономиканың қызуы көтеріле бастағанын біз сезіп отырмыз», соған қарағанда кейбір экономистердің айтып жүрген пікірлері бекер емес: «инфляция ырыққа көнбейтін деңгейге жетеді, экономиканың қызуы көтеріледі, яғни Қазақстан «Голланд ауруының» алдында тұр». Сонымен енді Қазақстанда тез арада шешуге қажетті пробемалардың бірі – инфляция. /1, 7б./
Курстық жұмыстың мақсаты – инфляцияның пайда болатын себептерін толығымен анықтап және баға беріп, одан туатын салдарымен күресудің жаңа жолдарын іздестіру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- инфляцияның әлеуметтік-экономикалық құбылысқа әсерін анықтау;
- ҚР инфляциялық жағдайын талдау;
- инфляция мәселелерін талдаудағы перспективаларын қарастыру.
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция  көптен бері өмір сүріп келеді. Оны тіпті ақшаның қызметімен тығыз байланысты деп санайды. «Инфляция» термині (латынның inflasio сөзінен шыққан – кебіну, ісіну) ақша айналысына қатысты ХІХ ғасырдың орта шенінде пайда  болды және АҚШ – тың Азамат соғысы жылдары (1861-1865) қағаз долларының қисапсыз көп шығарылуымен байланысты болды. 
Қазақша курстық жұмыстар | Просмотров: 2918 | Загрузок: 641 | Добавил: Admin | Дата: 24.02.2014 | Комментарии (0)

Инвестицияның көзі болып жаңадан жасалған қосымша құнның, яғни таза табыстың пайдаланылмай сақталған бір бөлігі саналады. Басқаша айтатын болсақ, инвестиция көзі – жаңадан жасалынған құн немесе таза табыстың сақталатын бөлігі болып табылады. Шаруашылық субъектілері немесе кәсіпкерлер инвестицияны өзінің таза табысының есебінен, өзін-өзі қаржыландыру немесе ол үшін сырттан несие алу арқылы жасайды. Тағайындалу түрлері бойынша инвестициялар нақтылық және қаржылық инвестиция болып екі түрге бөлінеді. 
        Нақтылық инвестиция дегеніміз – шаруашылық субъектісіндегі белгілі бір материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің өсуіне, дамуына жұмсалыну үшін салынатын салымдар болып табылады. 
        Қаржылық инвестиция дегеніміз – акционерлік қоғамдар немесе мемлекет шығарған акцияларға, облигацияларға және басқадай құнды қағаздарға банктердің депозиттеріне салынған салымдар болып табылады. 
        Қазіргі өндіріс үшін ұзақ мерзімді факторлардың маңызын өсуі ерекше. Егерде кәсіпорын ойдағыдай жұмыс істейтін, өндіріс қуаттарын кеңейтетін, өзінің шығарған өнімдерінің бәсекеге жарамдылығын арттыратын және рынокта өзінің жайғасынын нығайтатын болса, онда капитал салу қажет және оны салу пайдалы. Сондықтан да оған инвестициялық стратегияны мұқият әзірлеп жоғарыдағы айтылған мақсаттарға жету үшін оны үнемі жетілдіріп отыруы қажет. Кәсіпорынның инвестициялық екі біріктіруден анықталады: көлемі және ресурстар сипаты, сол сияқты нарыққа және бәсекеге жарамдылығы. Бұл екеуінің біріктілігін талдау кәсіпорының стратегиясын қисынға келтіруге мүмкіндік береді.   
Қазақша курстық жұмыстар | Просмотров: 6654 | Загрузок: 1176 | Добавил: Admin | Дата: 24.02.2014 | Комментарии (0)

МАҚСАТЫ
1. Осы Cтандарттың мақсаты қаржы есептілігін пайдаланушылар ұйымның жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар инвестициялары және ондай инвестициялардағы өзгерістер туралы ақпарат алуы үшін жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар есебінің тәртібін анықтау болып табылады. Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар есебінің негізгі мәселелері активтерді тану, олардың баланстық құнын және осыларға байланысты танылуға тиісті амортизациялық аударымдар мен құнсызданудан болған шығындарды анықтау болып табылады.
ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ
2. Осы стандарт, басқа Халықаралық қаржы есептілігі стандарты басқа есепке алу тәртібін талап ететін немесе рұқсат ететін реттерді қоспағанда, жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтарды есепке алу үшін қолданылуға тиіс.
Қазақша курстық жұмыстар | Просмотров: 2181 | Загрузок: 447 | Добавил: Admin | Дата: 24.02.2014 | Комментарии (0)


Жоғары оқу орнында болашақ география мұғалімдерін этнопедагогикалық даярлауды жетілдіру

13.00.08 – Кәсіби білім беру теориясы мен әдістемесі



Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
авторефераты








Қазақстан Республикасы
Қарағанды, 2008
Жұмыс Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде орындалған



Ғылыми жетекшілер:                             педагогика ғылымдарының докторы,
                                                                 профессор Каргин С.Т.

                                                                  педагогика ғылымдарының кандидаты,
                                                                  доцент Сырымбетова Л.С.                 


Ресми оппоненттер:                               педагогика ғылымдарының докторы,
                                                                 профессор Кенжебеков Б.Т.

                                                                 педагогика ғылымдарының 
                                                                 кандидаты, доцент Манабаева А.Ш.


Жетекші ұйым:                                      Евразия гуманитарлық институты




Диссертация 2009 жылы «___» ___________ сағ._____ Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетіндегі педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін қорғау жөніндегі БД 14.50.05 диссертациялық Кеңесінің мәжілісінде қорғалады (100028, Қарағанды қаласы, Университет көшесі, 28, бас корпус, №1 кеңейтілген дәрісхана.

Диссертациямен Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің кітапханасында танысуға болады. 

Автореферат 2008 жылы _______________ таратылды.








Біріккен диссертациялық кеңестің
ғалым хатшысы                                                            Н.Ә.  Мыңжанов 
Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі. Егемендік алған кез-келген елдің, халықтың ең басты міндеті – жас ұрпақтың ұлттық санасын қалыптастырып, шыңдауға қызмет ететін білім жүйесін қалыптастыру. Білім берудің ұлттық жүйесін құру –ұлттық мәдениетті оқу-тәрбие процесінде пайдалану арқылы ұлтжанды ұрпақты тәрбиелеу. Болашақ мұғалімдерді этнопедагогикалық біліммен қаруландыру мақсатында, халықтық дәстүрлердің тәрбиелік мүмкіндіктерін ашу - осы мәселені шешу жолдарының бірі. 
Қоғамның кезек күттірмейтін талаптарының бірі – кәсіби бейімделген болашақ мамандарды даярлау. Болашақ мұғалім – баланың жеке тұлғасын қалыптастырушы басты тұлға. Бүгінгі жас өркеннің ертеңгі әлеуметтік-саяси қоғам мүшесі ретінде қалыптасуында тәлім-тәрбиенің маңызы зор екендігі белгілі. Ендеше қоғамдағы қол жеткен тәрбиелік жақсы дәстүр атаулыны пайдаланып, биік адамгершілік қасиеттерге баулу, тәрбиелеу – мұғалімнің басты міндеті. 
Қазақша курстық жұмыстар | Просмотров: 3041 | Загрузок: 747 | Добавил: Admin | Дата: 23.02.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 21-30 ... 71-80 81-86