Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Жұмбақтар мен жаңылтпаштар | [ Добавить материал ] |
15.12.2013, 00:58 | |
Бар екен бір мақұлық
ұннан майда, Өз басын айдайды екен
қиын жайға, Ұстасақ үгітіліп
жоғалады, Дамылдап отырмайды ешбір
жайға. ( Көбелек )
Гүл ұшып гүлге қонады, Гүл бақшам гүлге толады. ( Көбелек )
Шидім, шидім, шидім құс, Ши басына қонған құс. Қарқаралы қара құс, Хан басына қонған құс. ( Шыбын )
Иісшіл - ит емес, Ұшады -құс емес. ( Шыбын )
Бар жұмысы ермегі. Талмай қанат қағады. Еңбекті қош көрмейді, Жат ыдысты бағады. ( Шыбын )
Қыс кезінде ұйықтап
жатар, Жаз мезгілі думан ашар. ( Шыбын )
Қарабай аттан жығылды, Халық соған жиылды. ( Түкірікке жиылған
шыбын )
Аспанда ақ сары құс шу
салады, Жабысып тақыр жерден су
алады. Адамнан су алған тым
өзгеше Дуылдатып денеңе у
салады. ( Безгек масасы )
Өзім үшін сені ұрам, Сен үшін өзімді ұрам, Сен үшін өзімді ұрсам- Ағады менің қаным, Жарылады сенің қарның. ( Маса )
Бір құс бар ұшып жүріп
ән салады, Әркімге қонақ болып бір
барады. Барлығы мақұлықтың ығыр
болып, Дауысын естігендер зар
қағады. ( Маса )
Ат басты, Арқар мүйізді, Бөрі кеуделі, Бөкен санды, Қос қанатты, Құмырсқа ізді, Бота тірсекті. ( Шегіртке )
Бар еді бір жұмбағым
жүрген сайда, Қолында қылышы жоқ, екі
найза. Қарынды екі найза
болғанменен Қылыш пен ай балтадай
болмақ қайда. ( Бұзаубас )
Біз жаздық аулым қонған
текшесіне, Етіктің жез қақтырдым
өкшесіне. Айуанда төрт аяқты бір
нәрсе бар, Бөренесін байлаған
бөксесіне. ( Инелік )
Ана таудың басында
ұйыған қатық, Ол қатықты көрмейді
дәмін тартып, Дәмін татқан қалады
сеспей қатып. ( Қара құрт )
Бір мақұлық айдалада
қорған салған, Азапты ажалдымен соған
барған. Мен емес бұл жұмысты
айтып жүрген, Бұрынғы азамат ер содан
қалған. ( Қара құрт )
Ғажайып бір нәрсе бар
қатқан тері, Өзінің қалың тоғай
жатқан жері. Бір күні аштан өлмей,
тоқтан өлер, Жігіттің мұны табар
кемеңгері. ( Түйе кене )
Қарайып ұшты қарғадай, Бармаған жері
қалмады-ай. Жерге түсті, ін қазды, Аяғымен тырмалай. ( Қоңыз )
Кішкене ғана түйме тас, Атан түйе тарта алмас. ( Кене )
Аспаннан ұшып түсті
жатқан тері, Қалың тоғай ну жыныс
жатқан жері. ( Кене )
Ұзын-ұзын ұзардай, Ұзыннан аққан сулардай. Ағаш атқа мінгізіп, Ұзартып қойған мұнардай. ( Өрмекші )
Екі басы жұдырықтай, Ортасы қылдырықтай. ( Құмырсқа )
Қатар-қатар қара нар, Аспанменен бара бар, Алды биік, арты жар. ( Құмырсқа )
Тыру-тыру тырналар, Тауға қарай жорғалар. ( Ара )
Алпыс тісті айдаһар, Ешқайда қадам баспайды. Қозғамасаң жатады, Ештеңеден саспайды. Ағаштан тамақ жейді
екен, Жұтпай шайнап тастайды. ( Ара )
Домалақ таудың басында Тоқты қошқар ойнайды. ( Бит )
Кішкене ғана бойы бар, Адам жейтін ойы бар. ( Бит, бүрге )
Бір мақұлық мойны жуан,
тірсегі ұзын, Тікпесе өзі етік, сақтар
бізін. Тағы да іске ыңғайлы
қайшысы бар, Іс тігіп көрген де емес
еш қызығын. ( Шаян )
Бір мақұлық келе жатыр
маң-маң басып, Құтылмас көзге түссе
жолдан қашып. Бұл жерде оны табар еш
адам жоқ, Таппаса үлкен молда
кітап ашып. ( Бит )
Бекінген бір тау теке
тұшалау үйге, Құдайым оны салды мұндай
күйге. Күн шықса жатады салқын
үйде, Күн жауғанда кетеді
жапан түзге. ( Ұлу ) | |
Просмотров: 10071 | Загрузок: 101 | Комментарии: 1 | |
Всего комментариев: 1 | |
| |