Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Тәрбие сағаты | [ Добавить материал ] |
12.06.2014, 23:00 | |
Ұлттық ойын – халық мұрасы тәрбие сағаты
Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ойын – халық мұрасы -Халқымыздың тарихи – мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Солардың қай – қайсысы да адамға, соның игілігіне қызмет етуге бағытталған. Осындай аса құнды мәдени игіліктердің бірі – ұлт ойындары. - Дұрыс айтасың,бүгінде ойынды адам баласы жасаған жеті кереметтің қатарына сегізінші етіп осы ойынның аталып жүруі де жайдан – жай емес. Бұрын ел қорғаушы батыр, жауынгер, халық қайраткерлері, ойын үстінде көрінеді. Сол ойын арқылы шынығып, өзінің бойындағы табиғи дарынын шыңдай түседі. Ұлт ойындары осылайша атадан – балаға, үлкеннен – кішіге мұра болып жалғасып отырған. Ойын тек адамның дене күш – қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа дәлдікке т. б. тәрбиелеп қана қоймай, адамның ақыл – ойының толысуына, есейіп өсуіне де көп пайдасын тигізеді. -Манашыұлы Тұяқпай жырында: «Балалар ойнайды, ойнап жүріп ол бала кеудеге ақыл ойлайды» - деп түйіндейді. -Ал, балалар қандай ұлттық ойын түрлерін білесіңдер? Балалар: көкпар, күрес, теңге алу, жамбы ату, аударыспақ -Дұрыс айтасыңдар. Бұл ойындарда қандай мінез – құлықта болуды қажет етеді деп ойлайсыңдар? Балалар: -өжеттікті, батылдықты, шапшаңдықты, табандылықты, тапқырлықты -Олай болса балалар келесі кезекті ойын ережесімен таныстыруға берейік -Азамат, қандай ойын түрімен таныстырасың? -Әсем,қандай ойын түрімен таныстырасың? -Еркінбек, өзін өткізетін ойын ережесімен таныстыра қой. -Ұлтабек,қандай ұлттық ойынмен таныстырасың? -Бақтыгүл,балаларды қандай ойын ойнауға шақырасың?
-Осындай ойын түрлерінің бірі – жұмбақ айту. Бұл ойын – қол бос кездің бәрінде айта беруге болады. Жұмбақ айту ой – өрісті кеңейтуге, сауатты молайтуға үлес қосады. Оның шешуін табуда бала ізденеді, сұрайды, ойланады. -Кәне, олай болса біз де осы ойынды ойнап көрейік.
Алты аяқты, төрт көзді Көліксіз өмір сүрмейді
-Абылай,қандай ойын түрімен таныстырасың? -Нұрай балаларды қандай ойынға шақырасың? -Ақниет,қандай ойын түрімен таныстырасың? -Меруерт ,қандай ұлттық ойынмен таныстырасың? -Нұрлыбек ,балаларды қандай ойын ойнауға шақырасың? -Бүгін ,міне, ойын ережесімен танысып, сол ойындарды ойнай отырып, Қорытынды сөз: Сонымен ұлт ойындары – ата – бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан оны үйренудің күнделікті тұрмысқа пайдаланудың маңызы өте зор. Ойын адамның алдынан өмірдің есігін ашып, оның творчестволық қабілетін оятып, өміріне ұштаса береді. Ойынсыз ақыл – ойдың қалыпты дамуы да жоқ, болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзін қоршаған ортаны тану арқлы түсінік алады. Ойын дегеніміз тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан – ойға жетелейтін, адамға қиялымен қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе, ақыл – ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы. | |
Просмотров: 21694 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |