Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 26.9.2023
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Шығарма [ Добавить материал ]

В категории материалов: 92
Показано материалов: 21-30
Страницы: « 1 2 3 4 5 ... 9 10 »

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам

Табиғат

 

Жоспар:

І.Кіріспе. 
Ақ бұлттай кірсіз табиғат. 
ІІ. Негізгі бөлім 
1) Табиғат тіршіліктің қайнар көзі. 
2) Табиғат пен адам тамырлас. 
ІІІ. Қорытынды. 

Табиғатты қорғау- біздің парызымыз 
Табиғаттың ғажайып әсемдігін көз алдына елестете отырып, өзің бір керемет сезімге бөленесің. Табиғаттың бар әсемдігін, бар кереметін, оның әрбір әсерін сөзбен де, жазумен де жеткізу оңай емес. Оның керемет көрінісі жаныңды тербетеді. Бұлттары аппақ мақтадай, шөптері жасыл кілемдей төселген. 

Шығарма | Просмотров: 24608 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 03.10.2015 | Комментарии (0)

Табиғат

 

Табиғат - адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағын шашатын сұлулық пен әсемдік әлемі, баға жетпес байлық. Ол – ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі, сондықтан халқымыз: «Табиғат -  адамзаттың өмір нәрі,  қажеттінің табылар содан бәрі» - деп бекер айтпаған.  Қазіргі уақытта жас ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуына ізгілік, ғылымилық, жүйелілік ұстанымдарына негізделген үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін құру, оның тәрбиелік мүмкіндіктерін саралау өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Табиғатпен таныстыру – балалардың танымын дамытудың басты құралдардың бірі. Мұнда балалардың қоршаған орта жөніндегі ұғым түсініктерін байытатын жалпы және нақты ғылыми мәліметтер алуының маңызы зор. Табиғатпен таныстыру барысында «Табиғат – бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, тал бесігі, өсіп-өнер мекені» екендігі жөнінде нақты түсініктер беріледі.

Шығарма | Просмотров: 46072 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 03.10.2015 | Комментарии (0)

Әке

 

Әке – асқар тау. Отбасында әкенің орны бөлек. Әке – сол шаңырақтың бар ауыртпалығын көтеретін, асырап-бағуға да, жақсы тәлім-тәрбие беруге де міндетті адам. Әке – бала үшін асқар тау. Әке қамқорлығы дегеніміз – отбасы мүшелерін әртүрлі пәле-жаладан қорғап отыратын қасиетті ұғым. Сондықтан әкені сыйлау, оған үлкен құрметпен, ілтипатпен қарау баланың парызы болмақ.

Шығарма | Просмотров: 8464 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 03.10.2015 | Комментарии (0)

Тұрмыс - салт жырлары

 

Кез келген халықтың өзіне тән тұрмыс-тіршілігі, салт-санасы, әдет-ғұрпы болады. Қазақ халқының ауыз әдебиетінде тұрмыс-салтқа, әдет-ғұрыпқа, салт-дәстүрге байланысты туған шығармалар тұрмыс-салт жырлары деп аталған. Тұрмыс-салт жырлары мазмұны жағынан бірнеше түрге бөлінген. Олардың негізгілері:

1. Төрт түлік малға, еңбекке, аңшылық кәсіпке байланысты туған шығармалар. Наурыз жыры.

2. Баланың дүниеге келуіне, есейіп ержетуіне байланысты туған шығармалар.

3. Үйлену салтына байланысты туған өлең-жырлар.

4. Көңіл күйді білдіретін өлең-жырлар.

5. Бата-тілектер.

Шығарма | Просмотров: 5725 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 02.10.2015 | Комментарии (0)

айтыс

 

Айтыс – қазақтың халық ауыз әдебиетінің әлеуметтік жүгі мол, кең өрісті үлкен бір саласы. Ол суырып салып айтатын тапқырлық, өткірлік мазмұныменде дараланады. Осындай әлеуметтік мәні зор бір алуан айтыстарды сол екздегі ел өмірінің көркем шежіресі деугеде болар еді. 
«Айтыс» - қазақтың байырғы төл сөзі, ежелден айтысу, сөз жарысы, өнер бәсекесі ұғымында қолданып келген. Бізде екі адамның бетпе – бет келіп өнер жарыстырып бәсекеге түсуі сөз арқылы да, белгілі бір аспапта кезектесіп күй тартысу менде, қолма - қол шығарып айтылатын өлеңмен болуыда мүмкін. Мұның бәрі «қиыннан қиыстыратын» кәнігі шеберлік, алғырлық пен тапқырлықты керек етеді. 

Шығарма | Просмотров: 14296 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 02.10.2015 | Комментарии (0)

Қамбар батыр

 

«Қамбар батыр» жыры өзге эпикалық туындылар тәрізді батыр тұлғасын, оның ел үшін еткен еңбегі мен ерлігін дәуір рухына сай көркемдеп жеткізуді мақсат еткені анық. Жырдың 12 варианты бар. Осыған орай кейбір нұсқаларда біршама ауытқушылықтар кездеседі. Алайда барлығына ортақ нәрсе - өз бойына көне сюжеттерді сақтай отырып, ел қауіпсіздігі маңызды болған тарихи кезеңді жырлау болғаны ақиқат. 

Шығарма | Просмотров: 13374 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 02.10.2015 | Комментарии (0)

Аңыз әңгімелер

Қазақ халқының оқиғасын шындық өмірден алып ауызша шығарған көркем шығармаларының бір саласы – аңыз әңгімелер. Аңыз әңгімелер тарихта болған белгілі бір адамдардың атына, іс-әрекетіне байланысты туады. Мұндай адамдардың ел үшін еткен еңбегі, қамқорлығы, халық намысын қорғауы, сол жолда жасаған игілікті іс-әрекеттері ел аузында аңыз әңгімеге айналып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен. Аңыз әңгімелерде халықтың қоспасы болғанымен, негізгі ой түйіні барлық жерде бірдей сақталады. Олардың өміріне байланысты әңгімелерде ертегілердегідей әсіре қиялдау көп кездеспейді. Уақиға желісі күнделікті өмірде кездесетін қарапайым сюжетке құрылады. 

Шығарма | Просмотров: 7838 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 01.10.2015 | Комментарии (0)

 

Қарадан бір-ақ тусайшы, 
Артымыздан біздердің 
Ақырып теңдік сұрарға 
(Махамбет) 
Қай елде, қай халықта да дана тұлғалар, данышпан қайраткерлер тарих ағымының биік жалында, халық тағдырының терең шайқалыс шақтарында дүниеге келетіні белгілі. Қолбасшы батыр, қаһарман ақын Махамбет Өтемісовты тудырған ондай кезеңді шақ – патша отаршылдығы мен хан өкіметінің езгісі мен қысымына қарсы бұрынғы Ішкі Орда шаруаларының 1836-1837 жылдардағы көтерілісі. Махамбет – сол қозғалыстың ұйымдастырушы, басқарушы көсемдерінің бірі, жалынды үгітшісі, жауынгер жыршысы.  

Шығарма | Просмотров: 19897 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 01.10.2015 | Комментарии (0)

Махамбеттей мұңдыға 
Енді келер күн қайда 
Ханға құрған шатырды 
Сүңгімен түртіп ашарға?!

І. Кіріспе бөлім 
а) Атадан туған әруақты ер

ІІ. Негізгі бөлім 
ә) Тайманның ұлы - Исатай 
б) Алаш азаттығы үшін күрескер 
в) Батыр - жырау

ІІІ. Қорытынды бөлім. 

г) Құсалықпен өтті ғой, Махамбеттің көп күні

Махамбет Өтемісұлы (1803 - 1846) 
Махамбет Өтемісұлы – 1803 жылы Ішкі Бөкей ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауд. Нарын құмының Жанқұс жерінде туған. – 20.10.1846, Қараой өңірі, қазіргі Атырау облысы Махамбет ауданында жерденген - қазақтың көрнекті ақыны, сонымен бірге 1836-38 ж. Исатай Тайманов бастаған шаруалар кетерілісінің жалынды жыршысы ретінде де мәлім, қозғалысты ұйымдастырушы тарихи қайраткер тұлғалардың бірі. 

 

 

Шығарма | Просмотров: 35767 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 01.10.2015 | Комментарии (0)

Жоспар


Батыр, батырлық, батылдық - егіз сөздер...

Батыр деп киімді санаймын?

Заманауи өмірдің батырлары.

Шығарма | Просмотров: 44897 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 05.02.2015 | Комментарии (0)

1-10 11-20 21-30 31-40 41-50 ... 81-90 91-92