Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 23.9.2023
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Шығарма [ Добавить материал ]

В категории материалов: 92
Показано материалов: 1-10
Страницы: 1 2 3 ... 9 10 »

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам

Тәуелсіздікке 25 жыл

Ел қауіпсіздігі – Тәуелсіздік кепілі


  « Отан үшін отқа түс, күймейсің»


          
    Қай мемлекет болмасын өз жерін кез-келген қол сұғушылықтан қорғауға қабілетті болғанда ғана тәуелсіз бола алады. Сол себепті Тәуелсіздік жариялаған сәттен бастап мемлекет шешкен аса маңызды міндеттердің ішінде ұлттық қауіпсіздік, қазіргі заманғы  арнайы жасақталған және ұрысқа қабілетті армия құру проблемалары – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысының  кезек  күттірмейтін ісі болды.  Елбасының тікелей басшылығымен сол кезде қалыптасқан ахуалға байланысты Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің, аумақтық тұтастығының күзетінде болуға арналған армия құруға барлық жағдайлар жасалды.

Шығарма | Просмотров: 12793 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 04.11.2016 | Комментарии (0)

Бала

БАЛА, БАЛА, БОЛАШАҚ…

                        Жерінде – бабасының,
                        Елінде – атасының,
                        Көңілінде - әжесінің,
                        Қолында – анасының,
                        Жолында – ағасының,
                        Төсінде – даласының,
                        Тапқан өз жарасымын,
                        Мен – қазақ баласымын.
                                Е. Өтетілеуұлы.    

    Бала - әке-шешенің перзенті, ұрпағы. Жыныс ерекшелігіне қарай ұл, қыз, жас шамасына қарай: нәресте, сәби, бөбек, балдырған, жеткіншек, жасөспірім болып жіктеледі. Ұл қыздың жарық дүниеге келген сәтінен бастап кәмелетке толғанға дейінгі кезеңі бала ұғымына саяды.
    Ата-бабаларымыз бала тәрбиесіне ерекше назар аударып, «Баланы жетіге келгенше тыйма, жетіден он төртке келгенше құлыңша қина, он төрттен кейін құрдасыңдай сыйла» деп, баланың ой-өрісі даму кезеңін ерекше бағалаған.

Шығарма | Просмотров: 21149 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 21.03.2016 | Комментарии (0)

Ата-ана

АТА - АНАНЫҢ ПАРЫЗЫН, 
      ӨТЕУ -  СЕНІҢ ҚАРЫЗЫҢ

Ата-ананың қадірін білмеген – халық қадірін білмес.                                              
                     Ғ.Мұстафин
                                                                                           
    Ата-ана – отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананың қадірі ерекше әспеттелген.
    Әсіресе, тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің  кәусәр бұлағы – Ана есіміне қатыссыз дүниеде қасиетті ештеңе жоқ. Сондықтан ананы ардақтамайтын халық та жоқ.

Шығарма | Просмотров: 20189 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 21.03.2016 | Комментарии (0)

ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ

                                                            Адамның адамшылдығы – ақыл,
                                                            ғылым, жақсы ата, жақсы ана,       
                                                            жақсы  құрбы, жақсы ұстаздан                 
                                                           болады.
                                                                                                 Абай

Отбасы
                                             
    Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі.
    Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай. Өйткені ата-ананың балаға деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алар емес. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» – деген нақыл сөз отбасы тәрбиесінің маңызын айқындатып тұр емес пе?

Шығарма | Просмотров: 4755 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 21.03.2016 | Комментарии (0)

ОТБАСЫНЫҢ БЕРЕКЕСІ – ИМАНДЫЛЫҚТАН БАСТАЛАДЫ...

Имандылық – адамның қоғамдағы, күнделікті өмірдегі іс-әрекеттерін белгілі бір қалыпқа түсіретін ішкі рухани реттеуіш, қадір-қасиет, адам бойындағы адамгершілік, ізгілік, кісілік белгісі. Дәстүрлі қазақ қоғамында адамның имандылығына – мінез-құлық жүйесіндегі ерекшеліктеріне көп көңіл бөлінген. Адамның жарық дүниеге келуі, өсуі, ержетуі, тіршілік етуі, қартаюы, ата мен баланың қарым-қатынасы, үлкендік пен кішілік, сыйластық, әдептілік пен арлылық, инабаттылық тәрізді маңызды мәселелер имандылықтың маңызды құрамдас бөлігі ретінде ешқашан да назардан тыс қалмаған.
Жастардың үлкендерге құрмет көрсетуі, үлкендердің кішілерге ізет білдіруі өмір сүру салтына айналған. Қоғамда берік қалыптасқан осындай көрегенділікпен өмір кешу дағдылары жинала келіп, барша адамгершілік қағидалардың, Имандылықтың жазылмаған кодекстерінің қалыптасуына негіз болған.

Шығарма | Просмотров: 9958 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 21.03.2016 | Комментарии (0)

ОТБАСЫ – ОТАНЫМЫЗДЫҢ ОШАҒЫ
 
                                             Отбасында адам бойындағы  асыл 
                                            қасиеттер жарқырай көрініп,қалыптасады.
                                            Отанға деген ыстық сезім – жақындарына,                                                                  туған-туысқандарына деген 
                                             сүйіспеншіліктен басталады.
                                                                                      Н.Ә.Назарбаев       

    Көшпелі және рулық-тайпалық негізде құрылған халықтарда туыстық байланыстар қоғамдық қарым-қатынастың негізін қалайды. Рулас ағайын, туыс, жақын туыс, аталас, бір ата баласы, бір әке баласы арасында туыстық байланыстан туындайтын парыз бен қарыз міндеттер өте көп. Олар қазақтың ғұрыптық заң-салттарымен бекітілген.
    Отбасында негізгі туыстық қатынас - ерлер жағымен есептелген. Сонымен қатар әйел жағымен де туыстық байланыстардың атаулары бар. Қыздан туған балаларды жиен деп атап, балалар үшін шешесінің туыстары нағашы, нағашы жұрт деп аталды. Қазақ салты бойынша жиенді ренжітуге болмайды, сұрағанын беріп, көңілін жықпауға тырысқан.

Шығарма | Просмотров: 3584 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 21.03.2016 | Комментарии (0)

Мамандығым – мақтанышым
 
   Бұл өмірде адам үшін өміріндегі ең маңызды құбылыс, ол - оның болашақ мамандығы. Мен өз мамандығымды 9-сыныпта таңдадым. Мамандық тандау - бұл өте маңызды іс. Өйткені біз өзіміз таңдаған мамандық саласында өмір бойы қызмет атқарамыз. Мамандықтың саны әр алуан: дәрігер, мұғалім, ұшқыш, есепші, аспаз, елші, қаржыгер, архитектор, механик, көлік жүргізуші, сазгер, сатушы, ғарышкер және т.б. Бірақ бұларды байланыстыратын маңызды факт - бұлар бәрі халық үшін қызмет атқарады. Ал халық үшін қызмет жасап, жұмыс атқару өте маңызды мәселе. Түркі тілдес халықтың "жеті рет өлшеп, бір рет кес" деген нақыл сөзі мамандық таңдау мәселесіне сай келетіндей.

Шығарма | Просмотров: 31222 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 19.03.2016 | Комментарии (0)

Туады ерлер

″Туады ерлер, ел үшін″

Өлмeйдi iсi мәңгiлiк,

Өшпeйдi aбзaл eсiмдep.

Ұpпaққa жeтiп мәңгiлiк

Кeтпeйдi eстeн aсыл ep,-

дeп aқ жaлын aқын Жұбaн Мoлдaғaлиeв жыpлaғaн.

Шығарма | Просмотров: 35554 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 17.10.2015 | Комментарии (0)

Махамбет өлеңдері өзінің жанр жағынан да зерттеушілердің айрықша көңілін аударуға тиіс. Оның кейбір өлеңдерін лиро-эпикалық түрге жатқызуға болады. Ол өлеңдерінде ақын өмір құбылыстарын Исатай бастаған шаруалар көтерілісімен байланысты тарихи шындық, өз қалпында суреттелсе, сонымен қатар оған өзінің көзқарасын, қатысын, ол жағдайды өзінің қалай сезінуін де көрсетеді.

Шығарма | Просмотров: 20390 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 17.10.2015 | Комментарии (0)

Құлагер

ХІХ ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген қазақтың әнші-ақындар тобының көрнекті өкілдерінің бірі – Ақан Қорамсаұлы. Ақан 1843 жылы қазіргі Көкшетау облысының Володаровка ауданында Қоскөл деген жерде туған. Шын аты – Ақжігіт екен; ата-анасы еркелетіп Ақан атандырып жіберген. 13 жасында әкесі Ақанды діни мектепке оқуға берген. Бірақ ұғымтал, сергек ойлы бала дүмше молданың шалдыр-шатпағына көнбей, оқуды тастап кеткен. Одан кейін Қызылжар қаласында Уәли дегеннің медресесінде екі-үш жылдай сабақ алған. 

Шығарма | Просмотров: 24418 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 17.10.2015 | Комментарии (0)

1-10 11-20 21-30 ... 81-90 91-92