Тақырып: Мемлекет
Жоспар:
1. Мемлекет ұғымы
2. Қазіргі кездегі мемлекеттер түрлері
3. Құқықтық мемлекет
Мемлекет – бұл саясатты жүзеге асырудың негізі болып табылады.
Мемлекет категориясы анықтауыштардың бірі болып табылады, өйткені барлық басқармалық функцияларды мемлекет жүзеге асырады. «Мемлекет» термині екі мағынада беріледі.
1. Кең мағынада: Мемлекет – бұл шекарамен шектелген, басқармалық орталығы бар территория. Алғашқыда мемлекет туралы көзқарас мұндай болған.
2. Тар мағынада: Мемлекет – бұл үкіметті жүзеге асыратын саяси институт. Саясатта мемлекет туралы сөз әрқашанда тар мағынада беріледі. Мемелкет жайында сөз айтар алдында ең біріншіден оның пайда болу себептерін анықтау керек. Бұл туралы Маркстік теориясында кең түсіндіріледі. Бұл теория мемлекеттің пайда болу себептерін келесідей түсіндіреді:
1) Пайда болған алғашқы қауымның ыдырау нәтижесінен қоғам байлар мен кедейлер болып бөлінеді. Байлар мен кедейлер арасында өте үлкен қарама-қайшылықтар бар және бұл қарама-қайшылықтары қандай да бір әдістермен шешуге болмайды. Кедейлерді байларға жұмыс істеткізу үшін, басқарушы класс арнайы ұйым ұйымдастырып, оған күш береді. Осы ұйым күшінің иесі – мемлекет және бұл бірінің жұмысын бірі жұмыс істеуге итермелейді.
2) Бірақта ғылымда тағы да бірқатар теориялар бар. Олардың кейбіреулері мемлекеттің пайда болуын былай түсіндіреді: Бұрынғы заманда соғыстардың нәтижесінде бір халық, екінші халықты жаулап алады және жаулап алушылар жеңілгендерді бағындыру үшін мемлекет құрайды, ал бұл мемлекеттер жаулаған халықты тұншықтырады.
3) Ал келесі теория мемлекеттің пайда болуын былай түсіндіреді, әртүрлі тайпалардың қоршауында болып және олардың агрессиясын көрген халық, олардан қорғану үшін бірігеді.
4) Адам табиғаттан – қоғамдық пенде болып табылады, сондықтан ол қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Осы себептен адамдар бірігіп, мемлекет құрайды.
Бұл теориялардың дәлелдемесі тарихта белгіленген және бұл дәлелдемелерді мемлекеттің пайда болғанын түсіндіргенде қолдануға болады. Кез келген мемлекеттің бірқатар ерекшеліктері бар, және бұл ерекшеліктердің бірігуін мемлекет деп атайды.
Ерекшеліктер:
1. Қоғамда үкіметтің орнауы, яғни бұл үкімет барлық қоғамға жатпайды, ол тек қана белгілі бір басқарушылық адамдарға жатады. Және бұл адамдар үшін басқару ісі мамандық болып табылады. Алғашқы қауымда белгілі бір мәселелерді шешуге руме тайпаның барлық мүшелері қатысты. Тайпа көсемі де басқа адамдармен бірге еңбек әрекетімен айналысты. Бұл мемлекеттің пайда болуынан бастап басқарушы адамдармен басқалармен жұмыс істемейді. Олар тек қана басқарады, егер ертеде басқарушылар сыйлық алуды тілесе, ал қазір олар төлемді талап етеді. Яғни қоғамнан тыс шығып өз категорияларын құрайды.
3. Шекараның болуы. Мемлекеттердің пайда болуынан бастап шекаралар жүргізілді және шекараны бұзу, мемлекеттің ішкі ісіне араласу болып саналады.
4. Күш жұмсауға заңдық құқығы. Адамның өміріне араласып, оны азаматтығынан айыруға тек қана мемлекеттің құқығы бар.
5. Заң шығару құқығы. Ешкім (партия, класс) заң шығару құқығы жоқ.
6. Әскерді, мемлекеттік аппараттарды қамтамасыз ету үшін салық алу құқығы.
Мемлекет саяси ұйым ретінде 6 мыңға жуық жыл өмір сүріп келе жатыр. Алғашқы мемлекеттік бірігулер ежелгі Шығыста пайда болды. Осы 6 мың жылда маңызды эволюциялық өзгеріске ұшырады. Осы өзгерістерді екі ірі кезеңдерге бөлуге болады.
1. Дәстүрлі мемлекеттер – Алғашқы мемлекеттер бірігуі, өткен салттар мен дәстүрлерге сүйеніп. Бұрынғы көсем-монарх болып ауысады. Дәстүрлі мемлекет монархиялық мемлекет болып саналады.
2. Конституциялық мемлекеттер – негізін реттелген және қабылданған конституция құрайды.
Қазіргі замандағы мемлекеттер түрлері: Қазіргі замандағы мемлекеттердің көбі конституция негізінде өмір сүріп, дамып келе жатыр.
Конституция –мемлекеттің негізгі құжаты, барлық заңдар мен кодекстердің алдында мәртебесі үлкен. Қазіргі заман конституциясы бірнеше бөліктен тұрады.
1) мемлекеттердің саяси құрылысын анықтайды
2) Азаматтардың негізгі құқығын анықтайды.
3) Үкімет органдарының құрылымын, қызметін және бір-бірімен қарым-қатынасын анықтайды.
Конституция өмірі әр мемлекетте әртүрлі. Негізгі эталоны болып АҚШ конституциясы табылады. Бұл конституция өзінің 200 жылдың өмірінде 26 рет түзетуден өтті. Франция конституциясы жиі ауысты (қазір 16) 6 жыл ішінде Қазақстанда 2-ші конституция әрекеттің ұзақтығы нақты факторлармен анықталады.
1. Қазіргі заман мемлекеттердің барлығы басқару түрі бойынша 2 ірі түрге бөлінеді.
1) Монархиялар – негізгі ерекшелігі – басқарушы монарх болып табылады, заңдық соттық басқару өз қолында. Бұл басқару түрі мұра болып қалады. Монархиялар 2-ге бөлінеді.
- Абсолютті монарх өзі елді басқарады
- Шектелген (конституциялық)
Монархпен қатар өкілетті орган өмір сүреді, ол парламент түрінде болады. Мұнда басқарушы монарх емес – парламент. Монархтың бар болуы – мемлекеттің дәстүрі мен тұрақтылығының көрсеткіші және конституциялық монархиялар барлық дамыған капиталистік мемлекеттер саналуы мүмкін.
2. Республикалар – негізгі ерекшелігі – басқарушы болып халық табылады. Ол өз басшылығын тікелей немесе жалғастыра жүзеге асырады, тікелей – сайлау кезеңінде, жалғастыра – сайлау өкілдері арқылы (депутаттар т.б.) Республика үшін сайлау органдарының нақты болуы тән.
Республика бөлінеді:
- президенттік
Басшылықты жүзеге асыру президентке жүктеледі. Ол мемлекет басшысы болып саналады. Оның қызметі парламент қызметінен жоғары. Мұндай республикалар дамыған мемлекеттерге тән. (Мысалы: Батыс Европа).
Парламент басшылықты жүзеге асырушы парламент. Мұндай республикалар саяси қарым-қатынастағы орташа дамыған мемлекеттерге тән (Африка).
Қазақстан Республикасы бұл президенттік республика. Президент жұмысы өте кең, сондықтан оны алып тастау мүмкін емес. Қазіргі заман мемлекеттердің территориялық құрылысының сызығы бойынша саяси болу.
1. Унитарлы территориялы құрылыс. Оның территориясында 1 ғана субъекті үкімет бар. Мұндай мемлекеттерге басқарушы орталығының шешімі барлығына міндетті. Мемлекет бойынша бір заң, бір президент (Қазақстан)
2. Федеративті мемлекет құрылымы. Мұнда бірнеше субъекті басқару бар (Ресей, Германия, АҚШ). Басқару орталығымен қатар жергілікті басқару субъекті бар. Ресейде орталық үкіметімен қатар бірнеше субъекті үкімет өмір сүреді. Ресейдегі мұндай бөліну ұлттық бөлінуімен байланысты. Бірақ мұндай шарт міндетті емес, АҚШ-та барлық азаматтар, американдықтар, бірақ мұнда басқару орталығымен қатар басқару штаттары бар. Әрбір жеке штатта өз заңы бар, ең қиын мәселе орталық басқару қызметі мен жергілікті басқару қызметінің бөлінуі. Осылардың әрқайсысы өзіне көп басқарушылықты немесе күшті алғысы келеді. Осының себебінен қақтығыс болуы мүмкін (Шешенстан).
3. Конфедеративті мемлекет құрылымы бірнеше мемлекеттер достастығы. Бірақ бұл достастық барлық аспектілері қоспайды, тек қажеттерді ғана (СНГ).
Көбіне тұрақсыз, басқа тез және жеңіл ауысады.
Құқықты мемлекет және оның негізгі нышандары.
Құқықты мемлекет идеялары мемлекеті құрылымымен анықталады, ол ондай мемлекеттің жоқтығымен мақтанады. Құқықты мемлекет ол идеал утопия. Құқықты мемлекетте 1-ші орынды адам алады. Мұндай мемлекетте адам толық бұғаудан босатылу тиіс. Мемлекет адамды оның құқығын қорғау үшін қолдан келгенін жасау керек. Негізгі нышандары:
1. Дамыған азамат қоғамның бар болуы.
2. Мемлекет іс-әрекет сферасындағы шектеулік.
Мемлекет азаматтардың ерікті шаруашылығымен айналысуына мүмкіндік жасау керек.
3. Барлық азаматтардың құқықтық теңдігі.
4. Құқықтың азаматтарға, кәсіп орындарға, ұйымдарға ортақ болуы.
5. Халық тәуелсіздігі. Халық басшылығы. Бұлбасшылық мемлекет тұрғысынан қорғалып, сақталынады. Халық басқарудың негізгі және соңғы көзі болады, соңғы сөзді халық айтады.
6. Үкіметтің бөлінуі. Үкімет бір, ол адамдарға тиісті, өз басшылығын өкілдер арқылы жүзеге асырады. Жоғарғы басшылық бір болса да, ол 3-ке бөлінеді:
- заңдық
- орындаушылық
- соттық
Бұл бөліну мынадай мақсаттарды көздейді:
а) Әр басқаруды басқа 2 басқаруға қарсы қойып өлшеу
б) бөліну қоғамды неғұрлым компоненті басқаруға мүмкіндік береді.
7. Қоныстандыру әдісінің тыйым салу әдісінің үстемдігі.
8. Индивидтің бостандығын шектейтін жалғыз басқа адамдардың бостандығы мен құқығы. Азамат барлық істерін жасай береді. Басқа адамның бостандығын бұзбағанша. Осылайша қазіргі заманғы мемлекеттер нақты үшін топтарға бөліне алады, өзіне тиісті мінездемелермен. Осы үлкен топтарда жүздеген басқару түрлерін жүзеге асыратын нюанстар бар, ол территориялы құрылыс түрінде. Барлық мемлекеттер басқару түріне қарай бөлінеді:
- демократиялы
- демократиялы емес
Ұнады ма? Онда достарыңмен бөліс!
|