Өткір радиация – ядролық жарылыс сәтінде бөлінетін нейрондар мен гамма сәулелері. Бұлар қорғана алмай қалған адамдар, жан-жануарлар үшін өте қауіпті. Бұл радиация бары - сек ғана созылады. Бірақ сәуле ауруларын туғызу үшін осы уақыттың өзі де жеткілікті.
Алғашқы өткір радиация адамға сезілмейді, оның өткені біраз уақыттан кейін байқалады. Сәуле ауруларының ауыр-жеңіл болуы өткен радиацияның мөлшеріне байланысты ол сәулелену дозасымен өлшенеді.
Сәулелену дозасы депқоршаған ортада гр затты не куб.см. көлемді денені жоюға кететін қуат мөлшерін айтады. Бұл мөлшер рентген-Рентгеннасымен куб.см ауада, 0 С-температурада қысымы сынап бағынасымен 760мм болғанда -2,08 млд пар иондардың болу деңгейі.
Өткір радиация-әр түрлі нәрселерден өткенде гамма сәулелері әлсірейді, неғұрлым кедергі көп болса, соғұрлым ол әлсірей береді.
Ашық траншея – 3 есе азайтады
Жабық траншея – 7-10 есе
Бір қабатты ағаш үй – 3-5 есе
Бір қабатты тас үй – 10-15 есе
Жер астындағы үйде – 7-15 /землянка/.
Арнайы дайындалған жер асты үй – 400 есе
Көп қаталлы үй подвалы – 100-400 есе
Арнайы салынған баспана – 1000 есе
Темір бетоннан салынған баспана, шахты, тау қуысы – түгел қорғайды /еш зиянсыз/.
Радиоактивтік ластану – жарылыс болған жердегі топырақ, шаң жоғары көтеріліп желмен ыққа қарай жылжи береді де, жол бойы жерге түсіп ласайды – радиоактивті заттар жерге түседі.
Оның 3 зонасы:
1. қауіпті зонасы;
2. күшті ластанған зонасы;
3. аздау ластанған зонасы.
Ластау /ластану/ мөлшеріне байланысты:
жарылыс түрінен /бомбаның/;
оның күшінен /неше мегатонна/;
жарылыс болғаннан кейінгі өткен уақыттан;
эпицентрден қашықтығынан;
жарылыс кезіндегі ауа райынан;
жер бетінің рельефінен (таулы, жазық дала т.с.).
Жарылыстан кейінгі өткен уақытқа байланысты радияция деңгейі азаяды. Мысалы; 1 сағат өткеннен кейінгі деңгейді – 100% деп алсақ, екі сағатта екі есе азаяды, үш сағатта төрт есе, жеті сағатта 10 есе. Осы ластану деңгейінде қалған адам тиісті мөлшерде радиациямен зақымдалады /демалғанда, тамақпен, сумен/. Ол адамдар сәуле ауруларына ұшырауы мүмкін. Сондықтан осы жердегі орнатылған тәртіпті, сақтану ережелерін сөзсіз орындаған жөн.
Электрлік импульс: бұлар жарылыс кезіндегі электрлік және магниттік өрістер бірнеше секунд ішінде болады, байланыс құралдарын, электр қондырғыларын істен шығаруы мүмкін.
Ұнады ма? Онда достарыңмен бөліс!
|