Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Өмір тіршілік қауіпсіздігі(ОБЖ) | [ Добавить материал ] |
13.01.2015, 18:39 | |
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұиымының дерегі боИынша адам денсаулығының тек 8 -10 пайызы ғана денсаулық сақтау жүйесінің жұмысымен байланысты екен. Оңтүстікте туып өскен ел ағасы кезінде спортпен шұғылданып, мектепте мұғалім, аудандық спорт комитетінде нұсқаушы кейін мектеп қабырғасында директор болып қызмет етеді. Ауылға келген соң жанына серік болған спортты тастап дене қозғалысын азайтып, арақ - шарапқа әуестеніп барлық рахат осында деп бей - берекет тамақтанудың салдарынан салмағы 120 киліге жетеді. Қан қысымы жоғарылап, өзінің 35 жасында жүрек - қан тамырлары ауруы, асқазан ауруы, тұз кеселдері, көз аурулары қылаң беріп, денсаулығы нашарлай бастайды. Сол кезде көпшілікке белгілі Үнді иогасымен айналысып, спорт жарыстарына қатысып, 30 килі салмақ тастап, қан қысымы реттеле бастайды. Ауру деген қонақ келеді де кетеді. Оны қалайда жеңетініңізге сеніңіз. Шыдамдылықты, сабырлықты серік етіңіз. Жалпы денсаулық түзету әркімнің өз қолында. Ақылды адам дәрі-дәрмекке ақша жұмсамай- ақ өз денсаулығын түзейді. Бір сөзбен айтқанда салауатты өмір жолын сақтау керек дейді ағамыз. Салауатты өмір салты дегеніміз -адамның тұрмыстағы күнделікті қалыптасқан дағдысы мен әдеті бойынша еңбек ету, бос уақытын дұрыс пайдалана білу, өзінің рухани және материалдық қажеттіліктерін қанағаттандырып, саяси және қоғамдық өмірге белсене қатысуы. Адам денсаулығы көптеген факторларға қатысты десек те, ең алдымен, кейбір шарттардың орындалуы тиіс. Мәселен: тамақтану (бұл туралы жоғарыда жан-жақты сөз болғандықтан, тоқталып жатпаймыз), аурудың алдын алу, қозғалысы, шынығу, ұйқы… Сырқаттың алдын алу Адам баласы күнделікті және ұзақ жылдар бойы әр түрлі тағамдарды тұтынғандықтан, оның денесінде тұздар тұнып, қалдықтардың жиналатыны мәлім. Бірақ, соны ағзадан шығару жолдарын көпшілігіміздің білмейтініміз де рас. Мысалы, итті, мысықты, жылқыны, сиырды алайықшы. Таңертең керіліп, созылып жатқанын байқайсыз. Бұл жайбарақат ұйқы емес, өзінің бойындағы қалдықтарды шығарып жатқаны. Қорыта айтқанда сырқаттың алдын алу -сыртқы ортаның жағымсыз әсерінен болатын, ағзадағы «тәртіпсіздіктерді» болдырмау үшін табиғи қажеттілік болып табылады. Дене қозғалысы Адам органдары мен мүшелеріне күш түсіп, қозғалып тұрмаса, онда олар өз қызметін нашарлатып, біртіндеп семіп қалатынын мамандар дәлелдегені қашан. Сондықтан қозғалыссыз өмірдің жоқтығын түсінетін уақыт жетті. Қозғалыстың жеткілікті болуы ағзаның тыныс алуын, қан айналымын жақсартып, дене мүшелерінің оттегімен, қоректік заттармен жабдықталуын жақсартып, жұмыс істеу қабілетін жетілдіретіндігі белгілі. Ағзаның әрбір мүшесі белгілі бір уақытта пайда болып, қозғалыстың арқасында өсіп, жетіліп отыратындығы анық. Сондықтан сәби дүниеге келгеннен бастап, өмір-бақи күнделікті және тұрақты бір мөлшерде әр түрлі қозғалыс арқылы жаттығулар алып тұруы керек. Онсыз оның мүшелерінің дамуы жеткіліксіз болуы мүмкін. Бұл жағдай қазіргі жастарымызға тән. Қозғалыс жеткіліксіз жағдайда өкпенің жоғары бөлігі ғана жұмыс істеп, қалған бөлігі бітеліп, демалуға оттегі жетіспей, өкпеміз сырылдап, таяқ тастамдай жерге жаяу жүре алмайтынымыз сондықтан. Қозғалысты ауыстыратын ешқандай құрал жоқ. Өмірінің ұзақтығы жөнінен дүние жүзінде алдыңғы қатарлы орынға шыққан жапондықтар дене тәрбиесімен тұрақты шұғылданудың арқасында, 40 жыл ішінде өмірлерінің ұзақтығын 30 жылға ұзатты. Ғалымдардың дәлелдеуі бойынша, денсаулықты жоғары дәрежеде ұстау үшін күніне 10 шақырым жол жүру керек екен. Жапондықтар сол көрсеткішті орындамаса, тыныш ұйықтай алмайтын сияқты. Қалтасындағы қадам өлшегіш тетігінің көрсеткіші белгіленген мөлшерге жетпесе, жұмыс соңында оны міндетті түрде жүгіріп орындауды әдетке айналдырған. Ал, біздер, дене тәрбиесін былай қойғанда, ішкен тағамымызды сіңіру үшін ептеп сергігіміз келмейді. Сөйтіп, «қанымыз тасыды, жүрегіміз ауырды» деп қыңқылдаймыз. Өркениетті елдер тұрғындарының дене тәрбиесімен тұрақты шұғылдануына баса мән беріп, өткізілетін жарыстарды көбейтіп, соның арқасында жүрек, қан ауруларын бірнеше есе азайтуға қол жеткізді. Біздің Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев салауатты өмір сүрудің арқасында жас жігітше таудың шыңына шығып, шаңғы теуіп, теннис ойнап, суға шомылып, атпен серуендеп, ауырмай өмір сүрудің үлгісін көрсетуде. Ендеше, Абай атамыз айтпақшы, «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық, аздырар адам баласын» дегендей, еңбексіз, белсенді дене қозғалысынсызқ мықты денсаулық, бақытты өмір жоқ. Сонымен қозғалыс шын мәнінде адам ағзасының барлық мүшелерінің жұмысын жетілдіру үшін табиғи қажеттілік болып табылады. | |
Просмотров: 11408 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |