\ Кененің шағуы
Кененің кіруі кенелер көктемнің аяғы-жаздың басында пайда болады. Кенеден дұрыс киілген киім қорғай алады, оның барлық ашық жері түймеленіп, қымталуы тиіс. Кененің шаққаны білінбейді: ол жараға ауыртпайтын затты сіңіреді. Сондықтан кене бірден байқалмайды. Кене көп жағдайда қолтықтың астын, мойынды, құлақтың ішін, шапты сорады. Басқа жерлерді де шағуы мүмкін.
Алғашқы көмек. Қанды сорған кенені қысуға немесе қатты сілкуге болмайды. Бұл тек энцефалитпен зақымдануды күшейтеді. Ең алдымен кене мен терінің төңірегіне май немесе сұйық май құйып, сөлден соң ұшына дәкі байланған пинцетпен немесе саусақпен ұстап, оны теріден баяу қозғалыспен алып тастау қажет.
Басқа жағдайда кененің басы терімен түйіскен жерде жіпті ілгекпен байланады. Жіптің ұшын тартқанда оның ілгегі кенені ақырындап тартып шығарады.
Кенені алғаннан кейін шаққан жерінен қолды залалсыздандыру қажет.
Зардап шегушінің хал-күйі бастың маңдай-сфамай тұсының ауруынан, әлсіздіктен, ыстықтан, бұдан кейін құсудан, құрысудан, көз бен естудің нашарлауынан төмендеген жағдайда, оны кешіктірмей емдеу мекемесіне апару қажет. Ыстық сумен жуындыруға болмайды. Зардап 3-14 күннен кейін байқалғанда оны шұғыл емдеу орнына апару қажет. Ыстық ванна қабылдауға болмайды.
Ұнады ма? Онда достарыңмен бөліс!
|