Бейбіт уақыттағы төтенше жағдай
Бейбіт уақыттағы төтенше жағдайды 5 топқа бөлуге болады:
қоршаған ортаға зиянды заттарды тастауға алып келіп соғатын;
жарылыс,өртке алып келіп соғатын;
көлік комуникациясындағы орын алатын қатынас жолы;
әскери саясаттық сипатта болатын;
стихияға (бедетвия) әкеліп соғатын.
Төтенше жағдай кезінде қоршаған ортаға зиянды заттарды тастауға алып келіп соғатын жағдайларға:
атом электрстанцияларындағы апаттар;
атомдық кемедегі апаттар;
ғылыми-зерттеу орталықтарындағы ядролық қондырғыларындағы апаттар;
зиянды химиялық және биологиялық обьектлердегі апаттар.
Жарылыс,өртке алып келіп соғатын төтенше жағдайларға жататындар:
елді мекемелердегі өрттер;
көлік қатынастары мен обьектілердегі жарылыстар;
тұрғын үйлердегі жарылыстар.
Көлік жол қатынастарында орын алатын төтенше жағдайларға төмендегілер жатады:
авиациялық катастрофа;
темір жол көліктерінің соқтығысуы мен жолдан шығып кетулері;
су жол қатынастарындағы апаттар. Оған су жүйесінің мұнай өнімдері мен улы зиянды заттармен ластануы жатады;
құбырлардағы апаттың әсерінен тасымалданушы заттың ауаға тасталуының арқасындағы қорған ортаның зиянға ұшырауы.
Бейбіт уақыттағы әскери саясаттың сипаттағы болатын төтенше жағдайларға жататандар:
ядролық қаруды тасмалдаушының апатқа ұшырауы;
әскери қоймаларға, байланыс торабына, басқару пунктеріне жасалынатын әскери шабуылдар;
қоғамға қарсы және ұлтшыл топтардың әрекетімен болған халықтың арасындағы қозғалыстар.
Стихиялық апатқа әкеліп соқтыратын төтенше жағдайлары төмендегідей:
геологиялық сипаттағы стихиялық апат;
метеоралогиялық сипаттағы стихиялық апат (боран, бұрқисын т.б.);
гидрогеологиялық сипаттағы стихиялық апат (тасқын, цунами т.б.);
табиғи өрт.
Ұнады ма? Онда достарыңмен бөліс!
|