Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Өмір тіршілік қауіпсіздігі(ОБЖ) | [ Добавить материал ] |
09.02.2014, 23:30 | |
Азаматтық қорғаныстың төтенше жағдай кезінде халықтың
тіршілігін қамтамасыз етудегі орны мен міндеттері: Жоспар: -Жоғары оқу орындарының
Азаматтық қорғанысын (АҚ) ұйымдастыру; -АҚ құрамалары, оның мақсаты
мен құрылу тәртібі; -«Азаматтық қорғаныс» туралы Қазақстан Республикасының Заңы - Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру
принциптері мен тәртіптері -Азаматтық қорғаныс жүйесінің
басқару ұйымдары мен құрылымы Тірек сөздер: Азаматтық қорғаныс
құрамалары, ҚР «Азаматтық қорғаныс» туралы Заңы.
Жоғары оқу
орындарының Азаматтық қорғанысын (АҚ) ұйымдастыру. ЖОО Азаматтық қорғанысының бастығы - ректор. Ол Азаматтық қорғаныстың
ұйымдастырылуы мен жәй-күйіне, оның күштері мен құралдарының құтқару және өзге
шұғыл жұмыстарды жүргізуге тұрақты даярлығына, сондай-ақ, профессор-оқытушы құрамының,
студенттер мен қызметкерлердің тосын жағдайлардағы іс-әрекетке икемділігі үшін
жеке жауап береді. АҚ
құрамаларының негізі түрлері: - құтқару құрамалары - инженерлік құрамалар - АҚ және ТЖ қызметтерінің
құрамалары «Азаматтық қорғаныс» туралы Қазақстан Республикасының Заңы Азаматтық қорғаныс туралы Казақстан
Республикасының Заңы 1997 жылғы 7 мамырда қабылданды. Заң Қазақстан
Республикасының Азаматық қорғанысының негізгі міндеттерін, кұрылуы және жұмыс
істеу принцип, орталық, жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың, ұйымдардың
өкілеттілігін және Азаматтық қорғаныс(АҚ) саласындағы азаматтардың құқықтары
мен міндеттерін анықтады. Азаматтық қорғаныстың мақсаттары: ·
әр қоғамдағы ең
басты және бағалысы – адам. Сондықтан барлық қорғану шараларында адамдардың
кауіпсіздігін ескерту – негізгі мақсат. Адамды қорғай білу – мемлекет үшін маңызды.
Сондықтан халықты қорғау адамның өмірін сақтап қалу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз
ету азаматтық қорғаныс жүйесінің негізгі жұмысы. ·
халықтың еңбегімен
жасалған барлық байлықты сақтап қалу. АҚ ережелерінде олар сенімді түрде қорғалуы
қажет деп көрсетілген. Азаматтық қорғаныс міндеттері: ·
халықты жаппай қыру
құралдарының (ядролық, химиялық, бактериялық) зардаптарынан сақтап қалу; ·
төтенше жағдайда
өндіріс орындарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету; ·
зардапқа ұшыраған
адамдарды құтқару және қалпына келтіру жұмыстарын жеделдетіп жүргізу; ·
апат болған, қираған
жерлерде барлау жұмыстарын жүргізу; ·
зардап шеккен
адамдарды іздестіру, құтқару, оларға қажетті көмек көрсету; ·
төтенше жағдайда
шыққан өртпен күресу, олардың өршуіне жол бермеу; ·
өндірістік
орындардағы апаттық көрші тұрғын объектіге зиянын келтірмеуін көздеу және қалпына
келтіру; · адамдарды және техникаларды басқа да объектілерді улы,
бактериялық, химиялық заттардан санитарлық тазалықтан өткізу;
Сурет- Азаматтық қорғаныс
штабының құрылымы
Бақылау сұрақтары: 1.
Жоғары оқу
орындарының Азаматтық қорғанысын (АҚ) ұйымдастыру. 2.
АҚ құрамалары, оның
мақсаты мен құрылу тәртібі. 3.
«Азаматтық қорғаныс» туралы Қазақстан Республикасының Заңы. 4.
Азаматтық қорғанысты
ұйымдастыру принциптері мен тәртіптері. 5.
АҚ және төтенше жағдайды
(ТЖ) басқару органдары мен қызметтері. | |
Просмотров: 23948 | Загрузок: 111 | |
Всего комментариев: 0 | |