Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 28.11.2023
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Өмір тіршілік қауіпсіздігі(ОБЖ) [ Добавить материал ]

Қазақстандағы әлеуметтік маңызы бар аурулар. Аса қауіпті инфекциялар (жұқпалар)


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

09.02.2014, 23:36

Қазақстандағы әлеуметтік маңызы бар аурулар. Аса қауіпті инфекциялар (жұқпалар).

Жоспар:

1. Туберкулез, бруцеллез.

2. Терінің паразитарлық аурулары.

3. Оба (чума), тырысқақ (холера).

4. АИТВ (ВИЧ) инфекциясы және ЖИТС (СПИД).

Тірек сөздер: әлеуметтік, паразитарлы аурулар.

 

Туберкулез – созылмалы жұқпалы ауру. Ол әртүрлі органдарда жайылуы мүмкін. Оларда ұсақ бұдырмақтар, латынша туберкулдер пайда болады, аурудың туберкулез атауы осыдан шыққан.

Сақтандыру. Әлеуметтік, санитарлық және арнайы сақтандыру шараларын қамтиды. Әлеуметтік сақтандыру халықтың денсаулығын жақсартуға, ана мен баланы қорғауға, елді мекендерді көріктендіруге, халықтың жалпы мәдениетін көтеруге, дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталуы тиіс.

Бруцеллез – бруцелл тобы қоздырғыштары туғызатын жұқпалы ауру. Адам ауру жануарлардың сүтін және сүт өнімдерін ішу кезінде немесе малды жайғаған кезде тері жамылғысының зақымдануы аркылы қоздырғыштың өту кезінде ауруға шалдығады.

Вирустык гепатит – жалпы уландыратын және негізінен бауырды закымдайтын жұқпалы ауру.

СПИД – адамның иммунды дефицит вирусынан туындаған (ВИЧ) және жыныстық қатынас кезінде сонымен қатар адам қанымен берілетін жұқпалы аурудың соңғы сатысы.

Терінің паразитарлы аурулары

Қотыр – қотыр кенесінен жұғатын терінің жұқпалы паразитарлы ауруы.

Сақтандыру. Қотыр шыққандарды өз уақытында анықтау, оларды емдеу, аурумен бірге тұратын адамдарды немесе ауру бала аныкталған балалар бақшасын дәрігерлердің тексеруі. Қотырдан сақтандыру үшін жақсылап жуыну, тазалық сияқты жеке гигиена тәртібін сақтаудың маңызы үлкен.

Педикулез (биттеу)

Биттеу – адамның биттен зақымдануы. Биттер – қан сорғыш жәндіктер, адамның паразиты және ұсақ қоректіліктер, олардың бүкіл өмірі адамда өтеді. Биттің 150 түрі белгілі. Адамда киім-кешек, бас және шат биті болады.

Жеке сақтандыру. Денені жиі жуу (аптасына кемінде 1 рет) және іш киіммен төсек жаймасын ауыстыру, бастың, әсіресе балалардың басын тісі жиі тарақпен тарау, битті адамдармен қатынасты шектеу арқылы жүргізіледі.

Бақылау сұрақтары:

1.      Қазақстандағы әлеуметтік маңызды аурулар.

2.      Терінің паразитарлы аурулары.

 





Категория: Өмір тіршілік қауіпсіздігі(ОБЖ) | Добавил: Admin
Просмотров: 19634 | Загрузок: 118 | Рейтинг: 3.7/3
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]