Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 2.12.2023
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Әлеуметтану,Социология [ Добавить материал ]

Теріс мінез-құлық әлеуметтануы


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

[ Скачать с сервера (62.0 Kb) ] 08.11.2013, 15:56

Теріс мінез-құлық әлеуметтануы.

Жоспары:

1.Әлеуметтік мінез-құлық және оның факторлары.

2.Әлеуметтік норма және одан ауытқу.

3.Девианттық мінез-құлық формалары және аномия.

1. Әлеуметтік мінез-құлық адамдардың қоғамдағы іс-әрекеттері мен дағдыларын, қылықтарын анықтайды. Қоғамда өмір сүріп отырған әрбір адам әрдайым өзін қоршаған басқа адамдар ортасында болады. Сондықтан оның жеке мінез-құлығы да қоршаған ортамен жиі қарым-қатынаста, байланыста болады. Әлеуметтік мінез-құлық бұл адамның қоғамға, басқа адамдарға, қоршаған табиғат пен заттарға қатысты іс-әрекеті. Адамдар бір-бірімен тікелей қарым-қатынасқа түсіп қана қоймай ,бір заттар арқылы не болмаса табиғат арқылы қарым-қатынасқа түседі. Сондықтан адамдар арасындағы қатынас белгілі бір уақытта және кеңістікте өте күрделі және әр алуан болуы мүмкін. Мысалы, сапасыз өнім шығаратын өндірушінің кесірінен жүздеген адамның денсаулығына зиян келуі мүмкін; ит асыраушының ластығынан , біреулердің киімі бүлінуі мүмкін; Парламенттегі заң шығарушылардың қабылдаған заңдары мен шешімдері көптеген адамдардың өмірін қиындатуы немесе жеңілдетуі мүмкін т.с.с.

Әлеуметтік мінез-құлық әртүрлі болып келеді: альтруистік(альтруизм-басқаның қамын ойлау), эгоистік, заңды мүлтіксіз орындаушы немесе заң бұзушы, ауыр немесе жеңіл мінезді, өжет немесе қорқақ, биязы немесе дөрекі т.б. Бұлар әлеуметтік мінез-құлықтың қоғамдық және жеке мінез құлық факторлары арқылы анықталады. (3-схема)Қоғамдық факторларға қоғамдағы әдет-ғұрыптарды, дәстүрлерді, әлеуметтік құндылықтар мен нормаларды, қоғамдағы позитивті және негативті мінез-құлықұ шарттарының пайда болуы жатады.

Ал жеке тұлғалық факторлар – бұлар индивидтің өзіне тән қасиеттері. Бұларға мыналарды жатқызуға болады:

            1. Адамның тума инстинкті, психикалық жағдайы,темпераменті.

2.Индивидтің қызығушылықтары мен мақсаттары, әдеттері.

3.Индивидтің өзіндік ерекшелігінің, дербестігінің дәрежесі.

1.    Индивидтің өзін-өзі дұрыс бағалай алуы.

2.     Жеке адамның қоғамға сай өмір сүруі, адамдармен қарым-қатынасқа түсуі, әлеуметтік нормаларға сай болуы, өзінің іс-әрекетінде еркін тәуелсіз болуы және т.б.

 2.     Әлеуметтік норма-адамдардың мінез-құлқын және олардың топтағы қарым-қатынасын реттейтін тарихи қалыптасқан әдет. Әлеуметтану ғылымының мақсаты әлеуметтік құндылықтарды зерттей отырып, әлеуметтік норманы орындау және орындамаудың әлеуметтік себептеріне талдау жасап, девианттық қылықтардың алдын алу шараларын мүмкіндігінше анықтау.

Қоғамдағы адамдардың мінез-құлықтары көптеген ауытқушылықтарға ұшырап отырады. Бұл социологиядағы келесі ұғым девианттық мінез құлықтың көрінісі болып табылады.

" Девиация” термині латынның "deviatio-ауытқу” деген сөзінен шыққан. Яғни девианттық дегеніміз-адамдардың мінез құлықтарының қоғамдағы әлеуметтік нормадан ауытқуы. Оны кең және тар мағынада қарастыруға болады. Кең мағынада девианттық мінез-құлық дегеніміз-кез-келген іс-әрекеттің қоғамда нормаларға сай келмеуі. Бұл жағдайда  девиацияны жағымды немесе позитивті, жағымсыз немесе негативті деп бөлеміз. (4-схема)

Ал тар мағынада девианттық мінез-құлық дегеніміз адамдардың іс-әрекеттерінің әлеуметтік нормадан негативті және жағымсыз түрде ауытқуы.

Позитивтік девиация дегеніміз – бұл мінеғз-құлықтың ауытқуы көптеген адамдарға оғаш көрінгенімен бірақ оған қоғам тарапынан айыптаушылық тудырмауы.

Бұған өзін-өзі құрбан ету,бірнәрсеге немесе біреуге шектен тыс берілу, шектен тыс ынта-жігер, шектен тыс жан ашу сезімі т.б.

Негативті девиация дегеніміз-керісінше көптеген адамдар тарапынан жақтырмаушылық ,айыптаушылық тудыратын девиация болып табылады.

Девианттық мінез-құлықтың себептерін социологтар бірнеше бағыттардан іздейді.

1. Адам бойындағы бірқатар кемшіліктерден-эгоизм, көре алмаушылық, өз мақсатын орындауға деген шектен тыс ұмтылыс, т.б.

2. Олардың биологиялық және психологиялық ерекшеліктерінен.

            3.    Қоғамдағы әлеуметтік жағдайдан. ( тәрбие, білім, қоршаған орта, жұмыс істеу мүмкіндігі т.б)

 3.     Әлеуметтану ғылымында ауытқушылықтың бірнеше түрі бар. Олардың негізгілері:

1. Қылмыскерлік 2. Маскүнемдік 3. Нашақорлық 4. Жезөкшелік 5. Гомосексуалдылық.

3.    Аномия.

Қылмыскерлік бұл-заңды бұзатын және қылмыстық жауапқа тартылуға алып баратын әрекет болып табылады.

Маскүнемдік –бұл спиртттік ішімдіктерді шектен тыс қолдану болып табылады. Маскүнемдік –барлық адмдарға орасан зор зиян келтіреді. Ол ішкен адамның денсаулығына және оның балаларына, отбасына және тұлғалық қасиетіне кері әсерін тигізеді және оның нәтижесі қылмыскерлікке, қоғамның экономикасы мен тұрмыс-тіршілігінің төмендеп кетуіне алып келеді. Мыс, АҚШ-та американ зерттеушілерінің есептеуі бойынша маскүнемдіктен халықтың 14 млн-дайы зардап шегеді және оған кететін жылдық шығын 100 млрд. долларды құрайды.

Нашақорлық - маскүнемдікке жақын ауытқушылықтың түрі. Ол наркотиктің әр түрін-ауруды басатын, ұйықтататын, көңілдендіретін және т.б түрлерінм қолданумен ерекшеленеді.

Сарапшылардың айтуы бойынша нашақорлардың 90 %-ке жуығы ер адамдар болатыны анықталды. Бұл негізінен жастардың дерті. Сұралғандардың 3/1 бөлігі нің жасы 25-тен аспаған екен. Негізінен нашақорлар қалада тұрады. Білім дәрежесі бүгінгі таңда ешқандай мәнге ие емес. Сұралғандардың 83 %-ті орта және жоғары білімді адамдар болып шықты. Ал нашақорлардың 4,8 %-ті бас бостандығынан айырылған жерлерде үйренсе, 37,2 %-ті өзінің не жолдасының үйінде, 4,8%-ті оқу орындарында, 1,8%-ті әскерде дағдыланған.

Нашақорлықтың себептері(зерттеулер бойынша ,12-17 жас) жасөспірімдеро арасында мынадай: өз ортасынан қалып қоймау ниеті 3%, ләззат алуға құмарлық 9%, жаңа сезімге бөленуге құштарлық-2%, сабаққа деген енжарлық- 27%6, әкенің ішімдікке салынуы-22 %, болашақ мамандыққа қанағаттанбаушылық, 18%, қызығушылық 8% т.б.

Әлеуметтік ауытқушылықты зерттеуде аса күрделі проблемалардың бірі-жезөкшелік.  Жезөкшелік( лат. Prostitutio-бұзылуға ұсынамын) дегеніміз ақы үшін некесіз жыныстық қарым-қатынасқа түсу. Зерттеушілердің айтуы бойынша жезөкшелікпен айналысатын әйелдердің 70%-тен астамының жасы 30-ға дейінгілер. Олардың көпшілігінің білім деңгейі төмен, арнаулы орта және жоғары білімі барлар 12.1 % қана. Ажырасқан және тұрмыс құрмаған әйелдер –85,5 %. Сонымен бірге олардың 40%-ке жуығының ыңғайлы үйлері, тұрмыс жағдайлары бар. Сондықтан жезөкшеліктің басты себебі-материалдық жағдайда деп айта алмаймыз.

Гомосексуализм(гр. Homos- бірдей + лат. Sexualis-жыныстық) –бұл бір жыныстағы адамдардың жыныстық қарым-қатынасы. Яғни әйелдер арасындағы, сондай ақ ер адамдар арасындағы  жыныстық қарым-қатынас.

Аномия (фр. "заңсыздық”, "шектеусіздік” дегенді бідіреді: "а” –қарама-қарсылықты білдіретін жұрнақпен "nomos” "заң”ген сөздің қосындысынан туындайды.)

Аномия –адамдардың өздеріне белгілі бір тәртіпті жүктейтін тәртіптің шектері бар екендігін біле тұра оған қарсы шығуын немесе олардан бейтарап қалуын бейнелейтін түсінік. Бұл түсінікті социологияға өзінің тарихи өрлеу тұжырымдамасының бір бөлігі ретінде Э.Дюркгейм енгізген. Дюркгейм өзінің аномия теориясында алғаш рет девиациялық құбылыстардың себептеріне социологиялық тұрғыдан талдау жасайды. Дюркгейм бұл теорияны өзінің классикалық адамның өзіне-өзі қол салу себептерін зерттеу концепциясында қолдданған болатын. Сонымен, ол адамның өзіне-өзі қол салуын аномияға байланысты деп көрсетеді.  Аномиялық жағдай заманның өтпелі кезеңдерінде болатын қоғамның экономикалық деңгейінің, имандылық дәрежесінің төмендеуіне байланысты пайда болады. Аномия адамдардың механикалық бірлігінен органикалық бірлігіне өтуінің толық анықталмау нәтижесі.

 





Категория: Әлеуметтану,Социология | Добавил: Admin
Просмотров: 12435 | Загрузок: 1198 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]