Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Әлеуметтану,Социология | [ Добавить материал ] |
Қоғам мен табиғаттың өркениет тарихындағы қатынасы: тарихи аспект
18.02.2014, 17:29 | |
Қоғам мен табиғаттың өркениет тарихындағы қатынасы: тарихи аспект. Мақсаты: Қоғам мен табиғаттың қатынасын тарихи салада зерттеуді ұйымдастыру Жоспар: 1.Аулаулық-жинаулық мәдениет; 2.Аграрлы мәдениет; 3.Индустриалды қоғам; 4.Постиндустриалды қоғам (ноосфера) Тақырыптың қысқаша мазмұны: 1.Қоғамның, адамның және табиғаттың қарым-қатынасының қазіргі заманғы мәселелерін тереңірек түсіну үшін өткенге көз жүгіртіп, қоғамның дамуының әр бір кезеңінде осы қатынастар қалай дамығандығын мақсатты түрде зерттеу керек. Алғашқы кезеңде осы бағытта ғылыми зерттеулер антикалық кезеңнің – Анаксимандр, Эмпедокл, Лукреций тұсына сәйкес келеді. Осы зеррттеудің нақты жарылысы- ХІХ –ХХ ғ басында адамның пайда болуын зерттеуші археологиялық ашылулармен толықты / Шаафгаузен, Ларте, Дюбуа, Дарт т.б./, ал эмпирикалық материалдардың жинақталуы эволюциалық /Гексли, дарвин, Геккель/, және тарихи-мәдени /Морган, Тайлор, Леви-Брюль/ антропологияларының негіздерін қалаған. Шаруашылықтық- мәдениеттік факторға негізделе отырып, оғам мен табиғаттың қатынасының 4 эпохасын бөледі: 1. Аулау мен жинау мәдениеті 3.Аграрлық мәдениет 4.Индустриалдық қоғамның дамуының кезеңі 5.Постиндустриалды кезең 2. Антропологтардың жаңа зерттеулері алғашқы, көне қабілетті адам – homo habilis 2 млн жыл бұрын пайда болған деседі. Ал шамамен 200 мың жыл бұрын homo sapines пайда болған. Шамамен 10-15 мың жыл бұрын адамзат барлық ареалдарда таралды. Мезолиттің /10мың жыл бұрын/ басталуында адамзат саны 3-5 млнға жеткен. Осы периодта халықтың орташа тығыздығы- 0,05 адам/км квадратына. Адамзат қоғамының пайда болу негізінде палеолиттің барлығында адам ірі жануарларға аң аулауға бейімделген. Алексеевтің пікірінше, палеолиттің аулаулы шаруашылығының 2 формасы болған: ұрлау- қажеттілігіне қарай тағамның түсуін реттеуші мен қуу - аулау мен табу пайдаланудан жоғары болды. Палеолитті адам бастапқыда ұрлап аң аулауға мұқтаж болды. Шамамен 10-12 жыл бұрын мұздықтардың қайтуына байланысты адамға тағам болатын көптеген аңдар тіршілігін өзгертіп, немесе өліп қалған. Плейстоценнің соңына қарай /палеолиттің археологиялық периодтануы/ адамзат ерекше байқалатын суықтықпен соқтықты, нәтижесінде аңдардың жаппай қырылуы болған. Алекссеев осы жағдайдың дамуын экологиялық кризистің басталуы деп байланыстырады. 4-2,5 млн жыл бұрын адам тегі- австролопитектер қауіпті жануарлар үшін қару- жарақ жасаған. 200-300 мың жыл бұрын неандерталдық адам тас пышақтар, егеулер, тас балталар жасаған. 1,9 млн жыл бұрын адамдар баспана салуды меңгерген. Адам мен басқа жануарлардың экологиялық ерекшелігі отты ойлап табуы- 300 жыл бұрын шамамен адам отты, найзағайдан, торфтың жануынан ала бастады, ал 150 мың жыл бұрын отты өздері жағуды меңгерген. 3. Аграрлық период мал асырау мен жерді өңдеуден басталады. Алғашқы жерді пайдалану 10-11 мың жыл бұрын пайда болды. Осымен қатар иттерді қолдану, асырау жүрген, Алғашқы жерді өңдеу мен мал асырау Орталық Азия мен Солт Африкада пайда болған. Осыдан бастап ол Европаға таралған. Аграрлық мәдениетке өту- неолиттік революция деп аталды. Шамамен 7-8 мың жыл бұрын астық тұқымдастар- күріш, бұршақ, фасоль, лен игерілген. Тағам үшін қолданылатын аңдар 12-10 жыл бұрын қолға үйретілді. 4. Индустриалды кезең 18 ғасырда баталған. Бұл кезең тігін мен машина жасаудан және ауыл шаруашылығының машиналарын жасаумен байланысты. Бұл маиналардың болуы ауылшаруашылығының жедел дамуын қамтамасыз етеді. 19 ғ пайдалы қазбалар игеріле бастаған, темір рудалары мен көмір. Көмір чугунды алуда қолданылған. П.Кусси бойынша, экономикалық даму осы кезеңді қамтиды. Осы периодта адамзат үшін аурулардың вакциналары қолданыла бастады. Алғашқы вакциналық егулерді Пастер, Беринг, Китасато, П.Ру, Кальтмет, Боррель, Дженнер ойлап тапқан. 18 ғ 2 жартысы мен19 ғ толықтай жаратылыстану ғылымдарының дамуымен сипатталады. Геккель экология терминін енгізді. 5. Ф.Бэкон өзі қоғам мен табиғаттың қатынасының дамының ғылыми білімдеріне ерекше көңіл бөлген. Оның пікірінше аданың кұші табиғаттың заңдарына бағынбайды. В.Вернадский қазіргі адам ірі күшті геологиялық күш болып қалыптасып келеді деп жазған.Оның әсер ету мөлшері ғаламдық болып, табиғи процесстерді өзгерту арқылы экологиялық ауыр жағдайға ұшыратты. Бірақ В.Вернадский адамның санасының күшіне сенген. Ол ноосфера деп, адамның әрекеттері саналы болатын биосфераның жаңа сапалы жағдайын сипаттайды. В.И.Вернадский оқыған лекцияларға таңдана, француз ғалымы математик Э.Леруа 1927 ж ноосфера түсінігін енгізді. Леруаның ойынша, ноосфера дегеніміз биосфераның жаңаланған геологиялық сатысын айтамыз. Ол осы ойларын жолдасы геолог- палентолог П.Тейяр де Шарденмен бірге ойлап енгізгенін айтады. П.Тейяр де Шарден ноосфера туралы өзінің ойларын «Адам феномені» деген философиялық кітабында көрсетеді. Бұл кітабында ол ноосфераны жаңа жамылғы, саналы пласт деп анықтама берген. В.Вернадскийдің оқытуында, ноосфераны адамзаттың пайда болуы мен табиғат заңдылықтарын біле отырып, техникаларын дамыту арқылы биосфераға белгілі әсерлерін тигізетін биосфераның жоғарғы сатысы. Ол тірі материя – сананы ұстаушы – салмағы бойынша биосфераның аз бөлігін алады деп белгіліген. Жер бетінде адамның пайда болуы биосфераның жаңа жағдайын- сана қабатына ноосфераға көшу болып табылады. Адамның санасымен ғылыми ойларын ескере отырып В.Вернадский келесі түйіндер жасаған: * ғылыми шығармашылықтың жүргізілуі адамның өзі өмір сүретін биосфераны өзгертетін күші болды * ғылыми ойларға сәйкес биосфераның өзгеруі құтылуға келмейтін жағдай * биосфераның өзгеруі адамның ерігінен тыс табиғи процесс ретінде жүруде * өмір сүру ортасы ұйымдасқан қабаты биосфера болса, оған жаңа фактор адамның ғылыми әрекеттерінің енуі – биосфераның ноосфераға көшуінің табиғи процессі болып табылады. .Қазіргі рацинализм деген кітабында академик Н.Н. Моисеев биосфера мен коэволюция туралы ойларын жеткізді. Адамның табиғаттың тепе-теңдігін қайтаруға екі жолы бар екенін: толық автотрофтылыққа көшу, адамды кез келген техносфераға орналастыру немесе биосфераға тигізетін антропогендік күштерді 10 есеге азайту. Бірақ Н.Н.Моисеевтің бұл ойлары бүгін де ,ертең де шыншыл болмайды. Автотрофтылық мәселелері жайында Вернадскийде, Циолковский де оның болуын терең қарастырған. Осы мақсатта Вернадский жасанды геохимиялық циклдер жайында ойларын айтқан. Моисеев: адам – биосфера эволюциясының нәтижесі, биосфера адамсыз өмір сүрсе де, адам биосферадан тыс тіршілік ете алмайды. Адамның автотрофтылығы жайында ойлардың барлығы қиял болып табылады. Биосфера мен адамның коэволюциясын жағдайын қамтамасыз ету үшін адам табиғатты өзгертіп қана қоймай өзін өзі де өзгерту керек, яғни мақсатты түрде саналы әрекеттерге көшу керек. Табиғаттың табиғи тепе-теңдігін қамтамасыз ету, адамның әрекеттері табиғи биосфералық циклдерге енуі де шындыққа жанаспайды. Ол үшін биосфераға тигізетін антропогенді күш 10 есеге азаюы керек, бұл дегеніміз адам санының 10 есеге азаюы немесе әрбір адамға шаққандағы қажеттіліктерді азайту болып табылады. Экологиялық кризистен құтылу үшін іске асырылатын жол ойлап табылуы керек. Басқа сөзбен айтқанда адамзат стратегиясының болуы, бұл термин Н.Н Моисеевтің ойы бойынша табиғаттың коэволюциясы жағдайын қамтамасыз ете отырып, қарқынды дамудың сапалы жолын іздестіру болып табылады. Сондықтан да қазірден бастап, тұрақты даму түсінігін енгізу қажеттілігі туып отыр. Планетадағы тіршілікті қорғау бүкіл адамзаттың бірігуін талап етеді. 1987 ж БҰҰ Дүниежүзілік қоршаған орта мен даму комиссиясы «Біздің жалпы болашағымыз» атты есебінде қоршаған орта үшін қауіпсіз жолда экономикалық дәуірге» аяқ басуға шақырды. Алғаш рет тұрақты даму комиссиясы ұсынылды. «Тұрақты даму» дегенде қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, болашақ ұрпақтардың өзінің қажеттіліктерін қамтамсыз ететін тұрақта даму деп түсніеді. БҰҰ материалдары: біз ата-бабаларымыздың жерін мұраға алған жоқпыз, біз оны өзіміздің балаларымыздан қарызға алдық. 1992 ж маусым айында Рио-де –Жанейро қаласында өткен БҰҰ қоршаған орта мен даму бойынша өткен конференциясы «Тұрақты даму» концепциясын және «ХХІ ғ күн тәртібінде» атты ауқымды бағдарламаны қабылдады. Бұл бағадарлама шешілуі болашақта тұрақты дамуды қамтамасыз ететін жалпы мәселелер қарастырылған. Өзін тексеруге арналған тапсырмалар: 1.Тұрақты даму ұғымы 2. ХХІ ғ күн тәртібінде 3. Ноосфера және қоғам Әдебиеттер: 1,3,5,16,17 | |
Просмотров: 3857 | Загрузок: 79 | |
Всего комментариев: 0 | |