Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 5.12.2023
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Әлеуметтану,Социология [ Добавить материал ]

Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

[ Скачать с сервера (23.3 Kb) ] 08.11.2013, 15:42

Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде.
Жоспары:
1.Қоғамның анықтамасы, белгілері және құрылымы.
 
2.  Қоғамның даму сатылары.
3.  Қоғамның типтері және атқаратын қызметтері.
 
Қоғамның анықтамасы, белгілері және құрылымы.
 
Қоғам дегеніміз не, оның адам ӛміріндегі орны мен ролі қандай деген сұрақ әлеуметтану ғылымы үшін ең маңызды мәселе болып табылады.
 
Адам – қоғамдық қатынастардың жиынтығы, қоғамның тікелей жемісі. Адам – биоәлеуметтік жан.
 
Сонымен, қоғам дегеніміз не? Ең жалпылама мағынасында алғанда қоғам дегеніміз – адамдардың бірлестігі, жиынтығы. Қоғам – санасы, ақыл-ойы бар адамдардың жиынтығы. Қоғам адамдардың қалай болса солай жинала салуы емес, ол адамдардың арасында айтарлықтай тұрақты және жеткілікті дәрежеде қарым-қатынас орнаған бірлестік. Яғни, қоғам – бұл белгілі бір аумақпен және мәдениетпен біріккен адамдардың тобы.
 
Әлеуметтануда қоғам деп мынандай сипаттамалары бар жиынтықты атайды:
 
1.ӛмір сүретін террриториялық бірлігінің болуы;
 
2.  ӛзара байланысы тұрақты және біртұтас адамдар жиынтығының болуы;
 
3.  ӛзін-ӛзі қамтамасыз етуі, ӛзін-ӛзі басқарып отыруы, ӛзін-ӛзі ӛсіріп отыруы және тб.
 
4.  әлеуметтік байланыстардың негізін құрайтын мінез-құлық нормалары мен әдет-ғұрыптар жүйесін құрайтын дамыған мәдени дәрежесінің болуы.
 
Жалпы әлеуметтану ғылымы тұрғысынан алғанда қоғамға мынандай анықтама беруге болады. Қоғам дегеніміз кең мағынасында алғанда – адамдардың ӛздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатындағы ӛзара байланыстары мен ӛзара әрекеттерінің қалыптасқан формаларының тарихи бірлестігі. Яғни, ол ӛзін-ӛзі реттеумен, ӛзін-ӛзі дамытумен, ӛзін-ӛзі толықтырумен және ӛндірумен сипатталатын, мәдени деңгейі жоғары бірлестік. Ал, тар мағынасында алғанда қоғам деп тарихи, әлеуметтік-мәдени және басқа да ерекшеліктерімен кӛрінетін нақты қоғам түсіндіріледі. Әлеуметтану ғылымында қоғам әлеуметтік құрылым, адамдардың ӛзара әрекет ететін кеңістігі болып табылады.
 
Қоғам адамдардың ӛзара әрекетінің жемісі екендігін ӛткен заманның әлеуметтанушылары да, қазіргі заманғы әлеуметтанушылар да мойындайды. Дегенмен, оларға адамдардың қоғамға бірігуінің себептерін түрліше анықтайды. Мәселен, Огюст Конт қоғамға мынандай анықтама береді: «Қоғам – бұл ӛзара келісіммен байланысқан, оның құрылымдық элементтерінің барлығының функциялары келісімділікпен сипатталатын, бүкіл адамзаттың органикалық бірлігі». Карл Маркс: «Қоғам – бұл бірлескен қызмет процесінде қалыптасатын, адамдардың арасындағы тарихи тұрғыдан дамушы қатынастардың жиынтығы», - деп анаықтама береді. Макс


 
Ф КазНПУ 0703-12-09 Білім алушыларға арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені 23 бет Барлығы 164


ЯкорьВебер: «Қоғам – бұл әлеуметтік, яғни басқа адамдарға бағытталған әрекеттердің ӛнімі болып табылатын, адамдардың ӛзара әрекеті». Толкотт Парсонс: «Қоғам – бұл әлеуметтік жүйенің типі, ол жүйе ретінде қоршаған ортаға қатысты алғанда ӛзін-ӛзі жетілдірудің неғұрлым жоғары деңгейіне қол жеткізе алады». Осы берілген анықтамалардың бәрін жинақтай келе мынандай қорытынды жасауға болады:
 
 Қоғам – адамдарды қалай болса солай емес, белгілі бір ережелер бойынша байланыстыратын ӛзара әрекеттер жүйесі.
 
 Тұрақты әлеуметтік байланыстар мен қатынастар орнатудағы ӛзара әркеттердің жүйесі.
 
Оның құрамдас элементтері мыналар: адамдар, олардың арасындағы әлеуметтік байланыстар, әлеуметтік институттар мен ұйымдар, әлеуметтік топтар мен қауымдастықтар, әлеуметтік нормалар және әдет-ғұрыптар. Әлеуметтану ғылымының басты міндеті – қоғамның осындай құрылысын ашып кӛрсетіп, оның аса маңызды элементтерінің ғылыми классификациясын жасау болып табылады.
 
Сонымен әлеуметтік жүйе күйіндегі қоғам деп бір-бірімен тығыз байланысқан және ӛзара әрекеттегі және әлеуметтік тұтастықты құрайтын, үлкен реттілікпен жинақталған әлеуметтік құбылыстар мен процестер түсіндіріледі. Қоғамның даму формалары мен қозғаушы күштері жайлы кӛптеген теориялар бар. Бірақ олардың бәрін қарастыруға біздің мүмкіндігіміз жоқ. Атап айтар болсақ, күштеу теориясы, қажеттілік ӛсу теориясы, географиялық материализм теориясы, демографиялық теория және т.б. Бұл теориялардың бәріне ортақ бір нәрсе – олар қоғамның қозғаушы идеядан, адамның санасынан іздейді. Ал, марксизм ілімі болса басқаша қарастырады. Марксизм ілімі бойынша қоғамның жалпы даму заңына сәйкес, қоғам дамуы ӛндіріс дамуының нәтижесі, ал ӛндіріс негізгі әлеуметтік процесс болып табылады.
 
Қоғамның даму сатылары.
 
Бірінші саты. Аңшылықпен және терімшілікпен айналысқан аңшылармен терімшілер қоғамы.
 
Екінші саты. Бау-бақшамен айналысушы кӛсемшілік қоғам.
 
Үшінші саты. Мал шаруашылығымен және жер шаруашылығымен айналысушы қоғам.
 
Тӛртінші саты - неолиттік революция.
 
Бесінші саты - ерте мемлекеттердің пайда болуы. Алтыншы саты - аграрлық қоғам.
 
Жетінші саты – қазіргі заманғы қоғам.
 
Қоғамның типтері және атқаратын қызметтері.
 
Қоғамның кӛптеген түрлері болады және болған. Қоғамды жіктеу сол елдегі ӛндірістік қатынастардың сипатына, үстемдік етіп тұрған дінге, тілге, саяси жүйенің сипатына, техникалы даму деңгейіне байланысты алуан түрлі болып келеді. Қоғамды типтерге бӛлуде 60-жылдары жаңа кӛзқарастар қалыптасты. Соған сәйкес, қазіргі ғылыми әдебиеттерде қоғам дәстүрлі,


 
Ф КазНПУ 0703-12-09 Білім алушыларға арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені 24 бет Барлығы 164


Якорьиндустиарлды, постиндустриалды болып бӛлінеді. Дәстүрлі қоғамның мақсаты – билік, индустриалды қоғамның мақсаты – ақша, постиндустриалды қоғамның мақсаты болса – білім болып табылады. Қоғам мынандай қвземттерді атқарады: материалдық игіліктерді ӛндіру, дүниеге нәресте әкелу және адамды әлеуметтендіру, рухани игіліктерді ӛндіру және адамдардың белсенділігін зерттеу, еңбек ӛнімдерін бӛлу, мінез-құлық пен қызметті реттеу және басқару.
 
Әдебиеттер:
1.    Икенов А.И. Әлеуметтану негіздері. Оқу құралы. Алматы: Экономика,
2004.
 
2.    Садырова М.С., Мәуілшәріп М., Әженов М.С. және т.б. Социология негіздері. Оқу құралы. Алматы, 2003.
 
3.    Аберкромби Н., Хилл., Тернер С. Социологический словарь- пер с анг. Казань, 1997.
 
4.    Волков Ю. Г., Мостовая И.В. Социология в вопросах и ответах: Учеб.пособие. М., 2007.
 
5.    Комозин А.Н., Кравченко А.Н. Популярная социология. М., 2002.

 





Категория: Әлеуметтану,Социология | Добавил: Admin
Просмотров: 51246 | Загрузок: 2503 | Рейтинг: 4.4/5
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]