Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Әлеуметтану,Социология | [ Добавить материал ] |
[ Скачать с сервера (24.3 Kb) ] | 08.11.2013, 15:34 |
Әлеуметтік мобильділік түрлері. Жоспары: 1. Кәсіби мобильділік ұғымы. 2. Мамандықты таңдау мобильділігі. 3. Мамандықты ауыстыру мобильділігі. 1. Әлеуметтік мобильділіктің бірі –
мамандықты ауыстыруға байланысты жүзеге асатын кәсіби мобильділік. Кәсіби мобильділік деп – адамның
әлеуметтік статусының өзгеруіне не сақталуына алып келетін мамандықты өзгертуді
не ауыстыруды айтамыз. Мобильділіктің бұл түрі кәсіби топтағы сандық және
сапалық өзгерістерге, кәсіби жүйенің қайта жаңаруына алып келеді. Батыс социологтары кәсіби мобильділікті
индивидтердің тұрақты функционалдық орындарға ораласуындағы өзгерістер ретінде
, ал кейбір ғалымдар функционалдық орынның да, индивидтердің орналасуының да
өзгері ретінде түсінеді. Кәсіби мобильділіктің индикаторы ретінде жұмыстың
түрлері және мамандық алынады. Сонымен қатар табыс, бедел, мамандану, т.б.
белгілерді де кең қолдануға болады. Неміс социологтары Ф.Фюрстенберг, К.Больте,
Х.Босетский, т.б. кәсіби мобильділікті жұмыскерлердің алға жылжуы ретінде
қарастырады. Алға жылжу жұмыскерлердің өзінің мамандану деңгейін көтеру
барысында еңбек не басқару процесінде маңызды және жауапты орындарды біртіндеп
иемденуі мағынасында сипатталады. Бұндай алға жылжу Батыс социологтарының
тұжырымдауынша адамның шыққан әлеуметтік тегіне және мүліктік жағдайына
қарамастан кез-келген индивидке қол жеткізетін мүмкіндік. Алға жылжудың мақсаты
көп ықпалға ие болу мүмкіндігіне жету, үлкен өкілеттіктерді қолдану, өзінің
әлеуметтік жағдайын жақсарту. Әлеуметтік өзгерістер теориясына сәйкес
кәсіби мобильділік төрт деңгейдегі өзара қатынастың жиынтығы ретінде
қарастырылады: 1. Идеялардың: кәсіби бағыттың,
идеологияның, сенімдердің өзгеруі; Ережелердің: кәсіби топтың институттануы,
кәсіби нормаларды, құндылықтарды, ережелерді қайта қарау не одан бас тарту; Әрекеттердің: кәсіби мобильділіктің
каналдарын жасақтау, жіктеу және қайта құру, кәсіби топтардың пайда болуы және
жойылып кетуі; Мүдделердің: кәсіби мүмкіндіктерді бекіту
және қайта топтастыру, кәсіби статустардың өрлеуі мен құлдырауы. Әлеуметтік қатынастардың жоғары қабатында кәсіби мобильділік әртүрлі
себептер мен мотивтердің әсерінен қалыптасқан қатынас ретінде қабылданады.
Бірақ бұл қатынастың дамуына адам мен қоғам арасындағы күрделі байланыс әсер
етеді. Кәсіби орын ауыстырулар экономикалық қатынастар жүйесіне тығыз
байланысты. Кәсіби мобильділік кәсіби статустың өзгеруіне ғана емес, қоғамдық еңбекті
тиімді пайдалануға және түбірлі әлеуметтік өзгерістерге, соның ішінде
әлеуметтік құрылымның өзгеруіне алып келеді. Кәсіби мобильділіктің нәтижесінде
қоғамның кәсіби, аймақтық құрылымы өзгереді. Кәсіби мобильділік кәсіби құрылым мен экономикалық құрылымның элементтері
арасындағы сәйкестікті орнату құралы ретінде қарастырылады. Жұмысшылардың
қозғалысы белгілі бір жұмыс күшіне деген сұранысты және мамандануды анықтауды,
жұмысшылардың жеке сұраныстарын қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Кәсіби
мобильділік еңбек мазмұнының функционалдық, сапалық өзгерістеріне, жұмыс
күшінің сандық және сапалық сипаттамасына, мамандықтардың жойылуы мен пайда
болуына негізделеді. Сондықтан мобильділіктің бұл түрі мамандықты, жұмысты және
жұмысшылардың функцияларын өзгертуді қажет етеді. Кәсіби мобильділіктің сапалық сипаттамасы орын ауыстыру тәсілін,
мобильділікке әртүрлі әлеуметтік институттардың , құндылыөтардың, қоғамдық сана-сезімнің
қалыптарының және уақыт шектерінің әсерін қамтиды. Кәсіби мобильділік және оның қарқыны, бағыты адамның мамандықтаың деген
қатынасына , мамандықтың беделінің өзгеруіне, жеке тұлғалық мотивациялық
факторларға тығыз байланысты. Бұл тұрғыда мобильділіктің бұл түрі әлеуметтік
мобильділіктің басқа түрлерімен өзара байланыста көрінеді. 2.
Адамның ержеткен кездегі мамандықты таңдауы
социологияда әлі де зерттеуді қажет ететін мәселелердің бірі. Ресей
социологтарынан осы мәселемен айналысушы ғалымдардың ішінен Б.С.Братусты,
С.Л.Дановскийді, В.С.Магунды т.б. атауға болады. Дәстүрлі көзқарас бойынша
мамандық таңдау жеке адам дамуының нақты кезеңіне, яғни бозбалалық, жастық
шаққа тән деп есептеледі. Одан әрі қарай адамның таңдап алған мамандығы бойынша
мамандану процесі жүреді. Ал қазірге кезде қоғамда жаңа мамандықтың пайда болуы
мен кейбір мамандықтардың жойылуы, не жұмыс орындарының қысқаруы, басқа
жұмыспен айналысуға мүмкіндіктердің берілуі мамандықты таңдау тек қана мектеп
бітірген жастарға ғана емес, орта буын өкілдеріне тән екенін көрсетеді. Бұл
жерде маңыздысы адамның таңдаған мамандыққа деген көзқарасының уақытқа,
тәжірибеге, ортаның әсеріне байланысты динамикасы. Т.В.Кудрявцев адамның нақты
мамандықты таңдауының аяқталуы тек қана оны таңдауында ғана емес, адамның
мамандыққа деген тұрақты және оң қатынасының қалыптасуында деп есептейді. Батыс ғалымдары В.Врум, Д.Сьюпер, Дж. Хоманд
индивидтің мамандықты таңдауаның мотивтерін басқаша түсіндіріеді. Мысалы,
В.Врум жеке адамның мамандықты таңдау кезіндегі мінез-құлқының негізгі оның
кәсіби бағыттылығында деп есептей отырып, мамандықты таңдаудың келесі
кезеңдерін бөліп көрсетеді: · кәсіби
артықшылықтардың қалыптасуы; · кәсіби
бағдар; · мамандықты
таңдау кезі; · кәсіби
жетістіктер. Д.Сьюпер мамандықты таңдау адамның өзін-өзі түсіну тәсілін таңдауымен
бірдей деп есептейді. Оның айтуынша уақыт өткен сайын адамның өзін-өзі тануы
өзгеруі мүмкін, соның нәтижесінде жаңа мамандықты таңдау әрекеті жүзеге асады.
Дж. Хомандтың сипаттауынша мамандықты таңдау ортаны таңдау сияқты жеке тұлғалық
бағдармен және жеке адамның типімен сәйкес келеді. Мамандықты таңдау жас маманның кәсіби мобильділігінің бірінші кезеңі болып
табылады. Адамның мамандықты дұрыс таңдауы оның әлеуметтік мобильділік бойынша әлеумттік
баспалдақтың шыңына шығудың факторы болып табылады. Адамның мамандығын өзгертуінуң негізгі
себептері: · Мамандықты
ұнатпау; · Жалақының
төмендігі; · Штаттың
қысқаруы; · Мамандықтың
жойылуы; · Елді мекенін
ауыстыруы; · Отбасылық
жағдай; · Жаңа
мамандықтың ұнауы. Осы себептердің ішінде қазіргі кездегі
мамандықты ауыстыруға елеулі әсер ететіндері жаңа мамандықтардың статусы,
мамндық бойынша жалақының адамның сұраныстарын қанағаттандыруға жетпеуі, жұмыс
орындарының қысқаруы. Адамның денсаулығына байланысты да жұмысын ауыстыруы
болмай қоймайтын құбылыс. Ол бір жағынан, адамның организміндегі болып жатқан
психологиялық және физиологиялық процестерге байланысты. Екінші жағынан,
мамандықтың адамға қатысты қоятын талаптарына байланысты. Егер адам уақыт
ағымына қарай болатын мамандықтағы сапалық және сандық өзгерістерге ілесе
алмаса, мамандығын ауыстыруға тура келеді. Кәсіби мобильділікті жеке себептерге байланысты есептеудің жүйесі жоқ.
Объективтік тұрғыдан қарағанда , кәсіби мобильділік қоғамдық қатынастар
жүйесіне , оның қалпына, әлеуметтік құрылымның динамикасына негізделеді. Бұл
жерде мамандықты ауыстырудың барлығы әлеуметтік мобильділікке байланысты емес
екенін , екінші жағынан алғанда, , әлеуметтік орын ауыстырулардың жұмысты
ауыстыруға байланысты екенін ескеру қажет. Жұмысты ауыстыру мамандықты ауыстыру
болмағанмен де, нақты жағдайларда оның әлеуметтік мобильділікке әсері болады. Адамдардың кей жағдайларда басқа мамандық бойынша жұмыс орнын ауыстыруы оның
мекенінің жойылуына, штаттың қысқаруына, байланысты мәжбүр болуы не өз еркімен
жасаған әрекеті ретінде қабылдайды. Қазіргі кезде мамандықты ауыстыру
адамдардың жұмыссыз қалуына байланысты еріксіз кәсіби мобильділікке алып
келеді. Жұмыссыздардың ішінде өз мамандығын ауыстырғысы келмегендер, еңбек
биржалары арқылы мамандығы бойынша жұмыс табуға ұмтылады. Олар өздерінің
жұмыссыз қалуын көбініесе әділетсіздік деп есептейді. Адамдардың мамандықты ауыстыру себептері әлеуметтік топтардың
ерекшеліктеріне қарай әртүрлі болып келеді. Табыс деңгейі төмен топтардың
мамандығын ауыстыруының негізгі себептері материалдық жағдайын жақсартуға
ұмтылудан, әлеуметтік статусын жоғарылатуға байланысты туындаса, орта таптың
өкілдерінде мамандықты ауыстыруға деген ұмтылыс өзін-өзі амыту, мансапқа,
билікке ұмтылу,бәсеке т.б мотивтерден келіп туындайды | |
Просмотров: 10274 | Загрузок: 470 | |
Всего комментариев: 0 | |