Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 4.6.2023
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Әлеуметтану,Социология [ Добавить материал ]

В категории материалов: 83
Показано материалов: 1-10
Страницы: 1 2 3 ... 8 9 »

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам

Қазақтың ұстаздық ілімі


Жоспар:


1.Ұстаздық ілімнің ұзақ сонар тарихынан.
2.Заманауи ұстазға қойылар талап,артылар сенім,мамандық өзгешелігі. 3.Ұстазды жасынан бейімдеп, жеткілікті дайындап,ғұмырлық жетілдіру жолы.


Қазақ-өткенді қадірлеген,жаңаны байыптаған, болашақты болжап бағдарлаған дана халық .Ежелгі ескі заманнан бастап күні бүгінге дейін ғұмыр кешкен қазақ халқы: отбасы,әулет,ауыл,ата-ру,тайпа,топ,одақ,ұлт қатарлы қауымдастықтың сан түрін құрай отырып, елдікке жетіп, аты әйгілі (шамамен 16 империя орнатып) мемілекет құрып, Ұлы Дала кеңістігінде бес мыңнан астам уақыт тіршілік еткен көне,текті, байырғы қауым.

Әлеуметтану,Социология | Просмотров: 3171 | Загрузок: 0 | Добавил: Abaiagahobd | Дата: 29.01.2019 | Комментарии (0)

Заманауи ұстаздың атқарар міндеті,игерер қабылеті


Ел болашағы-жас ұрпақты тәрбиелеу сияқты жауапкершілігі мол, ізгі де игілікті іс Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Ахмет Байтұрсынов, Бекет Өтетілеуов сынды ұлы ұстаздардан бастау алады.Осы ұлылардың ұлағатты істерін жалғастырушы ретіндегі бүгінгі заман талабына сай, жаңа тұрпатты мұғалім қандай болуы керек? Оған жүктелетін жауапкершілік пен қойылатын талап қандай? Кәсіптік деңгейіне арқау болатын кәсіп құрылымы (профессиограммасы) — жеке басының сапалық негізгі қасиеттері: мемлекеттің, әлеуметтік ортаның идеясын насиахттаушы; өз кәсібіне жан-тәнімен берілгендік; маман ісіне адалдық, ұжымшылдық, кәсіптік-педагогтік бағыттар Сапалық белгілер: мұғалімдік қызметке бейімділік, қабілеттілік, баланы сүю, байқағыштық, ұйымдастырушылық, орынды талап кою, ұстамдылык, әдептілік, сенім арту, бедел, мақсатты айқындау, ізгілік.

Әлеуметтану,Социология | Просмотров: 3473 | Загрузок: 0 | Добавил: Abaiagahobd | Дата: 07.01.2019 | Комментарии (0)

«Ұстаздық ілім»-ұлы мұра


      Қазақ-өткенді қадірлеген,жаңаны байыптаған, болашақты болжап бағдарлаған дана халық.Ежелгі ескі заманнан бастап күні бүгінге дейін ғұмыр кешкен қазақ халқы- отбасы,әулет,ауыл,ата-ру,тайпа,-топ,одақ,ұлт қатарлы қауымдастықтың сан түрін құрай отырып, елдікке жетіп, аты әйгілі (шамамен 16 империя орнатып) мемілекет құрып, Ұлы Дала кеңістігінде бес мыңнан астам уақыт тіршілік еткен көне,текті, байырғы қауым. Мемлекеттің шаңырағы бір де биіктеп,бір де шайқалып, скифтердің тұңғыш патшасы Торғытайдан бастап,қазақтың соңғы ханы Кенесарыға дейінгі уақыт кеңістігінде тасқын судай сапырылған сақ, ғұн, түркі,оғыз-қыпшақ ұрпақтары ұзақ сонар тауарихын найзаның ұшымен ғана емес,ақыл-парасат күшімен де,ұрпақ тәрбиелеу ісімен де,ұлағатты үлгі өнегелі сөзімен де, «кісі» болдыру амал-айласымен де, ақыл-кеңес үлгісімен де айшықтап,бізге сарқылмас ілім мұрасын мирас етті.

Әлеуметтану,Социология | Просмотров: 1984 | Загрузок: 0 | Добавил: Abaiagahobd | Дата: 23.12.2018 | Комментарии (0)

Қобдабай Қабдыразақұлы

Имандылыққа баулу қазақ ілімі
«Адамзатты басқа бүкіл тіршілік иелерінен ажыратып тұрған нәрсе –руханият». Өнерге, білімге құштарлық, ғылымға талпыну, ата-ана алдында парызды түсіну, ерікті еңбексүйгіштік, туған топырақ – Жер Ананы, ана тілді қастерлеу, Отанды сүю сияқты тек азаматқа лайықты ізгі сипаттар әрбір кісінің руханиат белгілері болып табылады. Руханиат адамның бүкіл жан дүниесін, оның дүние танымын, білім деңгейін, ұлттық қадір – қасиет, құндылық-тарды меңгеру биіктігін, жалпы адамдық мінез-құлық, іс-әрекеттері мен қоғамға үйлесімділігін қамтитын игі қасиеттер жиынтығы. Осы тұрғыдан алып қарасаңыз қазақта мынандай рухани құндылықтар қалыптасқан;-имани дәстүр;-ұлттық имани сана;имани ұлттық ұғым: имани ұлттық тәрбиелеу ілім.

Әлеуметтану,Социология | Просмотров: 3161 | Загрузок: 0 | Добавил: hovdavai | Дата: 27.05.2018 | Комментарии (0)

Әлеуметтік прогресс - қоғамдық өмірдің күрделенуі, "өндірістің, мәдениеттің әлеуметтік еркіндік, тендік, әділеттіліктік, өркениеттік бағытга дамуы. Келешекге әлеуметтік прогресс бүкіләлемдік, экологиялық мәселелермен сабақтас құралады. Адамдардың үнемі туындап отыратын қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсаты Әлеуметтік прогресстің негізгі қозғаушы күші болып табылады. Сондықтан Әлеуметтік прогресстің өлшемін осы күштің аркасында қозғалысқа келетін өндіргіш күштердің дамуымен салыстыруға болады. Әлеуметтік прогресс қоғамды әлеуметтік қатынастардын өзгерісіне жетелей отырып, оны әлеуметтік теңдікке, әлеуметтік бостандықтың өркен жаюына, әлеуметтік әділеттілікке жетелейді.
Әлеуметтік прогресс қоғамының бірте-бірте күрделеніп, оның құрамдас бөліктерінің сапалық жаңа сатыларға көтерілуі, әрі тарихи жетілуі, қоғамның тарихи бір формациялық құрылыстан келесісіне өтуі, өндіргіш күштердің сапалық және сандық дамуларымен байланысты. Тарихи нақтылы кезеңдегі белгілі бір мемлекет көлеміндегі Әлеуметтік прогресс сол елдің әлеуметтік топтары арасындағы қайшылықтардың азайып, олардың араларындағы байланыстардың, бірліктік түсіністіктің нығаюы арқылы анықталады. Осылардың негізінде жеке адамның әлеуметтік құрылымда алатын орнына қарамастан олардың азаматтығының жан-жақты дамып жетілуі бірте-бірте шындыққа айнала бастады, әрбір адамның адамзаттык, рухани және материалдық мәдениетке, ғылым мен техника жетістіктеріне араласуы, солардың жетегіңде өзінің шығармашылық қабілеттерін жүзеге асыруы мүмкін. [1]

Әлеуметтану,Социология | Просмотров: 2329 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 01.12.2014 | Комментарии (0)

Қазақстандағы азаматтық қоғамның дамуы

Қазақстанда азаматтық қоғамның қалыптасуы мен дамуы Батыспен салыстырғанда өзіндік ерекшеліктері бар.Қазақстанда әлеуметтік және мәдени негіздегі модернизацияны  «жедел қуып жету» байқалды.
 Қоғам белсенділігінің артуы Қазақстанның адам құқықтары бостандықтарын,өмір сапасын  жоғарлату ,тұлғаның өзін -өзі
Толық көрсете алуы жағдайларын қамтамасыз етуге қабілетті  демократиялық мемлекет ретінде қалыптасуның басты шарты болып табылады.Азаматтық қоғам орнықтырудың маңызды мәселелерінің бірі сан жағынан көп орта тап қалыптастыру  болып табылады.Орта тап демократияға  төменгі және жоғары жік өкілдеріне қарағанда анағұрлым мүдделі. 

Әлеуметтану,Социология | Просмотров: 3863 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 22.07.2014 | Комментарии (0)

Азаматтық қоғамның түсінігі және құрылымы

«Азаматтық қоғам» түсінігін Аристотель, Цицерон, Гроций, Т. Гоббс, Дж. Локк, Гегель, Маркс және т.б. ойшылдар қалыптастырған. Барлық ғалымдар азаматтық қоғамдағы негізгі идея ретінде адам идеясын таниды.
 Азаматтық қоғам - адамгершілік, діни, ұлттық, әлеуметтік-экономикалық, отбасы инсти-туттары мен қатынастарының жиынтығы, солардың көмегімен жеке тұлғалар мен топтардың мүдделері қанағаттандырылатын орта.
       Азаматтық қоғамның құрылымына мыналар кіреді:
- мемлекеттік емес, әлеуметгік-экономикалық қатынастар мен институттар (меншік, еңбек, кәсіпкерлік);
- мемлекеттен тәуелсіз өндірушілердің жиынтығы (жеке фирмалар және т.б.);
- қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер;
- саяси партиялар мен қозғалыстар;

Әлеуметтану,Социология | Просмотров: 24251 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 22.07.2014 | Комментарии (0)

Қоғамдағы мемлекеттің орны мен мәні

Қоғам - жалпы мағынасында, мәдениеті ортақ, белгілі бір аумақта тұратын және өздерін біртұтас, өзгеше бірлестік деп білетін адамдар тобы; тар мағынасында бұрыннан немесе жақсы танымал ұлттық бірлестік. Бұл ұғым әлеуметтанудағы ең маңызды ұғымдардын бірі болып табылатындығына қарамстан, оны қолдану әсіресе оның екінші өзіндік отбасылық, экономикалық және саяси институттары мен анық шеқаралары бар әйгілі ұлттық  мемлекеттерге қолданыла алатын мағынасында пайдалану біркатар қиындықтар мен кикілжіндер туғызып отыр.

Әлеуметтану,Социология | Просмотров: 3672 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 22.07.2014 | Комментарии (0)

БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ

Қазақстан Республикасының 1995 жылы қабылданған Конституциясының 18-бабының 3-пункті бойынша азаматтар мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктерден, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарынан еркін ақпарат алуға құқықты. Осы салаға қатысты басқа да қалыптық-құқықтық актілерде сөз бостандығы және ақпараттану құқықтары туралы айтылған. Азаматтар өздерінің ой-пікірлерін еркін баяндауға да құқықты. Бүгінгі демократиялық қоғамдардың негізгі шарттарының бірі еркін БАҚ-тың болуында. БАҚ-тың еркіндіктерімен қатар мемлекеттің әлеуметтік, саяси және экономикалық өмірін дамытудағы жауапкершіліктері де демократиялық елдерде алдынғы қатардағы маңызды мәселенің бірі болып табылады.
Әлеуметтану,Социология | Просмотров: 15867 | Загрузок: 84 | Добавил: Admin | Дата: 03.03.2014 | Комментарии (0)


Балабақша балалары болашақ иесі болғандықтан дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзінің төл мәдениетін білетін, сыйлайтын, рухани дүниесі бай, саналы ойлайтын деңгейі жоғары білікті болуы міндетті. Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесін, мәдениетін жасөспірімдер бойында саналы сіңіріп, қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, мінез-құлқын, өмірге деген көзқарасын, бағытын дұрыс қалыптастыру тәрбиеге байланысты. 
Мектепке дейінгі мекемелерде адамгершілік тәрбиесі тәрбиелеу және білім беру үрдісінде әр түрлі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Олармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады. Ал балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері сабақтарында өлі-тірі табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сапалары қалыптастырылады.   

Әлеуметтану,Социология | Просмотров: 4329 | Загрузок: 507 | Добавил: Admin | Дата: 28.02.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 21-30 ... 71-80 81-83