загрузка...
Тақырыбы: Мәтіндік редакторлар. MS Word программасында мәтіндік құжат даярлау. MS Word-та кестелермен жұмыс. Графикалық объектілерді пайдалану.
1. WORD редакторын iске қосу және онымен жұмыс iстеудi аяқтау. MS Word программасында мәтіндік құжат даярлау.
Microsoft Word (MS Word) – дүние жүзі елдеріне кең тараған мүмкіндігі мол мәтіндік редактор. Word арқылы мәтінді теру, редакциялау, құжатта түрлі кестелер дайындау және қарапайым геометриялық фигуралар салуға болады. Құжатқа Windows операциялық жүйесінің басқа қосымшаларында дайындалған түрлі мәліметтік үзінділерді, суреттерді кірістіру де қиын емес.
WORD-пен жұмыс iстеудi бастау үшiн Windows жүйесiнiң басқа программалары сияқты оны бастапқы инсталляциялық дискеттерден немесе компакт-дискiден компьютерге жазып орнатып алу керек.
Орнатылған WORD редакторын iске қосу бiрнеше жолмен орындалады:
1.Бас мәзірдiң Iске қосу®Программалар®Microsoft WORD қатарында тышқанды шерту арқылы;
2.Windows жүйесiнiң Менiң компьютерiм немесе Жолсерік (Проводник) терезелерiнiң бiрiн пайдалану арқылы;
3.WORD редакторына бұрын дайындалған құжаттың шартбелгiсiне тышқанды екi рет шерту арқылы алдымен WORD программасы жүктелiп, сонан соң көрсетiлген құжат терезеге оқылады;
4.Жұмыс үстелiндегi WORD редакторының жарлығында тышқанның сол жақ батырмасын екi рет шерту арқылы;
5.Есептер тақтасында WORD редакторының жарлығында тышқанның сол жақ батырмасын бір рет шерту арқылы.
Редактормен жұмысты аяқтау кез келген стандартты тәсiлдермен жүргiзiле бередi, мысалы:
- Файл Þ Шығу (Выход) мәзір командаларын таңдау арқылы;
- редактор терезесiнiң тақырып жолының оң жақ жоғарғы бұрышындағы Жабу батырмасын (Х) басу арқылы;
- тiкелей Alt+F4 пернелерiн басу арқылы т.б.
Егер программамен жұмысты аяқтау барысында мұның алдында өзгертiлiп, бiрақ дискiге жазылмаған құжат бар болса, онда редактор экранға сұхбат терезесiн шығарып, өзгертiлген құжатты дискiге жазу (Иә) керектiгiн, ал жазбасаңыз (Жоқ) оны да растап беруiңiздi өтiнедi.
Word редакторының негiзгi терезесi ондағы орналасқан Құжат 1 терезесiмен бiрге 1-суретте көрсетiлген. Word редакторына тән қосымша элементтердi қарастырып өтейiк:
1-сурет.WORD мәтіндік редакторының терезесі.
1 – тақырып қатары – жүйелік мәзір, құжат аты және терезені басқару батырмаларынан тұрады;
2 – мәзірлер қатары – Файл, Правка, Вид, Вставка, Формат, Сервис, Таблица, Окно және Справка мәзірлері орналасқан;
3 – Форматтау саймандар тақтасы;
4 – Стандартты саймандар тақтасы;
5 – көлденең сызғыш – құжаттың өрісі мен азат жолды реттейді;
6 – жұмыс аймағы – құжаттың негізгі мәтіні бейнеленеді;
7 – көлденең және тік жылжу белдеулері;
8 – құжат пішінінің режім түймелері;
9 – Сурет салу саймандар тақтасы;
10 – қалып-күй қатары.
MS Word мәтіндік редакторының Форматтау және Стандартты саймандар тақтасындағы батырмаларды әр қолданушы өз қалауынша өзгерте алады.
MS Word мәтіндік редакторында мәтiндi бейнелеу режимдерiн iске қосу немесе қоспау тәртiптерi белгiлi бiр пернелiк командалармен орындалады. Оған қосымша, сол режимдi қарама-қарсы күйге ауыстыру қалып қатарына жалғаса орналасқан қажеттi индикаторға тышқан курсорын жеткiзiп, оны екi рет шертумен де орындалады (2-сурет).
2-сурет. Мәтінді бейнелеу режімдері.
Мәтінді бейнелеу режимдерiнiң батырмалары қалып қатары маңындағы көлденең жылжу алабының сол жақ шетiнде орналасады да мына режимдерден тұрады:
- қалыпты режим (обычный режим) батырмасы – бұл көру режимi үнсіздік бойынша редакторға кiргенде бiрден орнатылады. Ол мәтiндi форматтау элементтерiн қарапайым түрде көрсете отырып, беттердi бөлу шекараларын пунктир-сызықшамен бейнелеп, символдарды теру, түзету және көру процессiн жылдам орындайды. Бұл форматта суреттермен және кадрлармен жұмыс iстеуге болмайды;
- электрондық құжат режимi – парақты экранда құжат мәтiнiн оқуды оңайлататын күйге келтiредi. Бұл режимде парақ белгiленбей, әрiптер iрiленiп қатар ұзындығы жол енiнен шықпайтындай етiп бейнеленедi. Мәтiннiң сыртқы түрi қағазға түсетiн бейнесiне сәйкес келмейдi. Бұл форматта суреттермен және кадрлармен жұмыс iстеуге болады;
- беттердi белгiлеу (разметка страницы) режимi мәтiн қағазда қалай орналасса, айнытпай солай бейнелейтiн режим болып есептеледi, мұнда форматтау, мәтiндi түзету өте ыңғайлы, өйткенi қағаз шеттерi (поля) айқын көрiнiп тұрады;
- құрылым (структура) режимi, мәтiндi түйiндеп құжатты толық бейнелемей, тек тақырыптарын көрсете алады, сол себептi мәтiн тақырыптарын бастан аяқ қарап отырып, оны бақылау мүмкiндiктерiн бередi. Ал оны түйiндемей, ашылған күйде бейнелесек, өте көлемдi мәтiн өңделгенде, оның белгiлi бiр бөлiктерiн түгелдей жылжытуға, көшiруге және оның құрылымын байқап отыруға ыңғайлы тәртiп болып саналады.
Ұнады ма? Онда достарыңмен бөліс!
|