Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Информатика | [ Добавить материал ] |
[ Скачать с сервера (221.6 Kb) ] | 15.11.2013, 22:34 |
Интернеттің негізгі түсініктері және
Internet Explorer. Модем немесе алыста орналасқан север кемегімен жүзеге асатын
аймақтық тармақталған желілер функциясьш жергілікті желілер құрамына енгізе
отырып, сыртқы коммуникация технологияларының төміндегідей мүмкіндіктерін
пайдалануға болады: - электрондық пошта арқылы мәліметтерді қабылдау және жөнелту; - Интернетпан байланысу. Интернет дегініміз - дүниенің әр түішіріндегі тұтынушыларды бір-бірімен
мәліметтер қоймасы, бейнелер және дыбыстар жазбалары арқылы жеңіл
байланыстыратын ен ауқымды желі түрі. Өз көлемін жылдам ұлғайта отырып (шамамен
жылына 200%), ол біздің емірімізде күннен күнге өте елеулі рөл атқарып келеді. Қазіргі кезде Интернеттің ең негізгі функцияларына электрондық пошта
қызметі мен мамандықтары бір немесе ортақ мәселемш айналысатын топтардың немесе
зертеушілердің бір-бірімен жылдам мәлімет алмасуы жатады. Интернет күнші-күнге куатты екпін алып, оған көптегін компаниялар мен
фирмалар және қарапайым тұтынушылар үздіксіз қосылуда. Компаниялар мен олардың
жабдықтаушылары және тұтынушылары арасындағы байланыс дәшкері релін атқаратын
осы Интернет желісі болып табылады. Қазіргі кезде мекемелер және әрбір жеке
отбасы үшін атқарылатын алыстан оқыту жүйелері, алыстан кеңес беру, емдеу
жұмыстары тәрізді мәліметті, сөзді, бейнені, қозғалысты қашықтан жылдам жеткізу
жұмыстары осы Интеренет арқылы жүзеге асырылады. Интернет – бұл
бүкіләлемдік желі. Интернет – TCP/IP
хаттамасын қолдана отырып мәліметтер алмасатын технология (5-сурет). Хаттама – бір
деңгейдегі компьютерлердің желіаралық байланысының «тәртібі». TCP/IP - әр түрлі
деңгейдегі хаттамалар жиыны (стек протоколов). Мұндағы: ТСР (Transmission Control Protocol –
тасымалдауды басқару хаттамасы) – мәліметтердің жеткізілуін қамтамасыз
ететін хаттама; IP (Internet Protocol – интернет хаттамасы) – мәліметтердің
қайда баратынын анықтайтын желілік деңгейдегі адрестік хаттама Жиын (стек) – жүйелердің
өзара ұйымдасуына мүмкіндік беретін әртүрлі деңгейдегі хаттамалар жиынтығы . 5-сурет Internet желісінің құрылысы.
Желі компоненттері: · компьютерлер: ДК, ноутбуктар; · коммуникациялық жабдықтар: коммутаторлар,
маршрутизаторлар, байланыс желісі; ·операциялық жүйелер: OS/2; Novell
NetWare; Unix; Linux, Windows; ·желілік қосымшалар: желілік принтер, желілік диск, мәліметтер
қоры. Топология –
компьютерлерді желіге біріктіру тәртібі. Ethernet желісінде «шиналық» және «жұлдызша»
топологиялары қолданылады. Өз торабына
қосып және жеке адрес тағайындап берумен айналысатын мекемелер Интернет
қызметін қоюшылар, яғни сервис – провайдерлер деп аталады. Интернетке
қосылу екі түрге бөлінеді: ерекшеленген
және коммутаторлық. Ерекшеленіп
қосылу үшін жаңа байланыс тізбегі (кабельдік, радиоарналық,
спутниктік) жүргізіледі. Үлкен көлемдегі мәліметтерді жіберу қажеттілігі туып
отыратын мекемелер мен өндіріс орындары ерекшеленіп қосылуды пайдаланады. Коммутаторлық
байланыс – уақытша байланыс түрі. Ол арнайы торапты қажет
етпейді, байланыс кәдімгі телефон сымдары арқылы жүргізіледі. Интернетке
қосылу үшін арнайы модем деп
аталатын құрылғы орнату қажет. Компьютерден сандық мәліметтер модем арқылы
түрленіп, модуляцияланып торапқа түседі. Қосылу әдісі
бойынша модемдер сыртқы және ішкі болып екі түрге бөлінеді.
Сыртқы модемдер жүйелік блоктың артқы қабырғасына қосылады. Ішкі модемдер
аналық тақшаға орнатылады. Басқа құрылғылар
сияқты модемдер де программалық орнатуды қажет етеді. Windows операциялық
жүйесінде оны Іске қосу®Баптау®Басқару панелі®Құрылғына
орнату командасының көмегімен орнатады. Интернет
қызметін қоюшының компьютеріне қосылу үшін: Менің компьютерім®Желіге
қашықтан қатынау®Жаңа
байланыс программасын орнату қажет. Программаны
орнату кезінде Интернет қызметін қоюшы мынадай мәліметтерді алдын-ала енгізіп
қоюы керек: 1)байланыс
жүргізілетін телефонның нөмірі; 2)қолданушының
аты (login); 3)паролі
(password); 4)сервердің
адресі. Бүкіл әлемдік
масштабта әрбір файлдың адресі-URL адреспен (Uniform Resouree Locator
– унифицированный указатель ресурса – ресурстардың ерекшеленген
нұсқағышымен) анықталады. URL – адрес үш бөліктен тұрады: 1)берілген
қызметке сәйкес келетін қолданбалы
хаттаманың атын көрсету. Мысалы, WWW-қызметі үшін қолданбалы хаттама HTTP болып табылады. HTTP –
Hyper Text Transter Protocol (гипермәтінді жіберу хаттамасы): http:// ; Хаттаманың
атынан кейін : және // белгілері міндетті түрде қойылады. 2)компьютердің
(сервердің) домендік атын көрсету – мысалы: http://www.khabar.kz – адрес
соңындағы екі символдан тұратын кеңейтілме – сервердің географиялық аймағын білдіреді (ru – Ресейлік іздеу сервері; kz – Қазақстандық іздеу сервері; tr – Түркиялық іздеу сервері және
т.б.); 3)берілген
компьютердегі файлға баратын толық жолды
көрсету қажет (араларына "/”
символын қою арқылы), мысалы: http://www.Microsoft.com/games –
Microsoft компаниясының ойындары. Интернет
серверлерінде файлдар түрінде
сақтаулы құжаттар көп. Оларды қабылдап, экранға шақыру үшін FTP атты қызметші хаттама
пайдаланылады. FTP (File Transler Protocol) – файлды
тасымалдау хаттамасы. Файлдар барлық компьютер серверлерінің
ішінде сақтала бермейді. Оларды сақтап, FTP
арқылы қызмет көрсететін арнайы компьютерлер
(файлдарды сақтау қоймалары) бар.
Оларды FTP-серверлер деп атайды. FTP хаттамасын іске
қосу үшін Internet Explorer
терезесінің Адрес өрісіне файл серверінің адресін енгізу керек. Мысалы:
FTP:// ftp.relcom.ru командасынан
кейін экранға дербес компьютердегідей каталогтар мен файлдар көрінетін Сервер беті шығады. Шыққан каталогтан
ішкі каталогқа өтуге, файлды белгілеп, мазмұнын экранға шығаруға болады. Кейбір
серверлерде файл архив түрінде көрінеді. Оны ашу үшін архивтеуші программаны
пайдаланған дұрыс. Интернетте атау
беріліп, түрлі компьютерлерден таратылатын жаңалықтар тобы телеконференция (Usenet) деп
аталады. Usenet – бiр-бiрiмен жаңалықтар алмасып отыратын
бейкоммерциялық, бейформалдық, анархиялық жүйелер тобы. Usenet-тегi жаңалықтар тобы – дүние жүзiндегi адамдардың пiкiрлесетiн,
яғни ақпарат алмасуына арналған электрондық пiкiрталас топтары. Мұндай жаңалық
топтарында белгiлi бiр тақырыпқа арналған көптеген мақалаларды оқуға болады,
олар әртүрлi тақырыптарды талқылауға да арналады. Usenet-тегi жаңалықтар
ретiнде оқыған мақалаңызға жауап беруге және өз ойларыңызды мақала ретiнде
жариялауға болады. Бұлар құрама сөздер арқылы белгiлi бiр тақырыптарға
топтастырылады, мысалы, rec.sport.basketball.college
тобы, мұндағы rec – тақырып атауының
– recreation сөзiнiң қысқартылған
түрi, sport – аталмыш тақырыптың
спортқа арналған бөлiгiн көрсетiп тұр. Құжаттарды
тасымалдаумен шұғылданатын қазіргі Интернеттің ең көп тараған қызмет түрі World Wide Web (Web, WWW) деп аталады
және ол бүкіл дүниежүзілік өрмек
дегенді білдіреді. Интернетке тұрақты қосылып тұрған компьютерлерді Web-сервер деп атайды. WWW дегеніміз – Web-серверде сақталған Web-құжаттардан тұратын ақпараттық кеңістік. Web-беттер дегеніміз - Web-кеңістікті
құрайтын жеке құжаттар, яғни үлкен мәтіннің бір бөлігі. Web-беттерге сілтеме ретінде тақырыпқа байланысты
басқа Web-бетте жазылған сөз немесе сөз
тіркестері арнайы команда бойынша белгіленіп қойылады. Мұндай сілтемені гиперсілтеме деп, ал енгізілген мәтінді
гипермәтін деп атаймыз. Экранда
көрінген Web-бетте гиперсілтеме басқа
түске боялып, асты сызылып көрсетіледі. Гиперсілтеме бойынша Web-бетті
экранға шығару үшін сілтемеге тышқан нұсқағышын әкеліп, ол сұқ саусағы мәтінге бағытталған қол түріне айналған кезде тышқанның
сол жақ батырмасын үздіксіз екі рет шерту керек. | |
Просмотров: 7551 | Загрузок: 1792 | |
Всего комментариев: 0 | |