Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 30.9.2023
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » География [ Добавить материал ]

Жапониядағы монархтың рөлі


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

22.07.2014, 16:43

Жапониядағы монархтың рөлі
Жаңадан қабылданған конституция мемлекеттік құрылымда монархтың рөлін толығымен өзгертті. «Қасиетті және қолтигізбес» тұлғадан ол «мемлекеттілік және ұлт бірлігі символына» айналды. Бірақ та, конституцияда императорлық биліктің құрылуы туралы көрсетілмеген, сондықтан дәстүр бойынша императортлық билік әкеден балаға беріліп отырады.
Осыған байланысты жапондық және шетелдік мамандар арасында пікір-талас туындауда. Біреулері, жапонияны парламенттік монархия деп таниды, себебі император титулымен асыл текті монарх бар. Екіншілері, жапонияда монархия жоқ, елді монархиялық атрибуттары бар республика деп таниды.
Конституцияда нақты ел басы туралы көрсетілмеген. Соның салдарынан император мемлекет басшысы ма, жоқ па деген сұрақтар туындай бастады. Кейбір теорияларда император – мемлекет басшысы, кейбірінде император делінеді.
Кең тараған теорияға сәйкес, жапонияда парламенттік монархия және император мемлкет басшысы емес, ол монархия символы болып табылады.
Жапонияның құрылыуын алып қарасақ, онда монархиялық та, респуликалық та негіздерді көре аламыз. Конституцияға сәйкес, император «халықтың атынан» парламентті шақыра алады, кіші палатаны таратуы мүмкін (парламенттің ұсынуымен ғана); жарлықтарды, заңдарды, конституциялық заңдарды бекітеді; парламенттің ұсынуымен премьер-министрді тағайындайды; ордендармен марапаттайды, халықаралық дипломатия өкілдерін қабылдайды және салтанаттарды өткізеді, салтанатты рәміздерді орындайды. Императорды берілген құзіреттермен қамтамасыз ету формальды жүзеге асады, оның иницативасы қарастырылмайды.
Сонымен қатар, император мемлекеттік билікке қатысты құзіреттіліктерді пайдалана алмайды, мемлекет қызметіне байланысты істерге тек министрлер кабинетінің кеңесімен және келісімімен ғана жүзеге асыра алады. Себебі, министрлер кабинеті мемлекеттік істерге өздері жауап береді. Қазіргі Жапония Императоры – Акихито, Императрицасы – Митико.

 





Категория: География | Добавил: Admin
Просмотров: 1602 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]