Жады түрлері (ROM, PROM, EPROM, EEPROM)
Программаланатын, репрограммаланатын тұрақты есте сақтау құрылғылары (ROM, PROM, EPROM, EEPROM) ROM типті жадта (Read Only Memory) немесе ПЗУ (постоянно запоминающиеустроиство), мәліметтерді сақтауға ғана болады, оны өзгерте алмайсыз. Мәліметтерді оқуда осындай жад қолданылады.Кейде ROM энергия қажет етпейтін жад деп те аталынады, себебі онда жазылған кез келген мәлімет тоқ көзінен ажыратылған кезде сақталады. ROM түрлі ЖҚ-лар бағдарлану тәсіліне байланысты бірнеше түрде шығарылады:ROM(M)- түріндегі құрылымдар жинам технологиясымен өндірісте шығарылу кезінде арнайы маскалар арқылы бағдарланады да;одан кейін ондағы информация ешқашан өзгермейді.PROM(Programmable ROM)-түріндегі құрылымдарды пайдаланушының өзі бағдарлайды(яғни,оған қажетті информацияны енгізеді)одан кейін бұл құрылым ROM(М) сияқты тұрақты жады ретінде пайдаланылады.EPROM(Electrically Programmable ROM) және EEPROM(Electrically Erasable Programmable ROM) түріндегі құрылымдардағы информацияны өшіріп,одан кейін оларды қайтадан бағдарлауға болады.EPROM құрылымдарындағы информация ультракүлгін сәулесімен,ал EEPROM құрылымдарындағы информация электр сигналдарымен өшіріледі.Оларды бағдарлау зертханалық жағдайда арнайы бағдарлаушы құрылғылар арқылы жүзеге асырылады.
Жадылық құрылғылардың негізгі түрлері
Жадылық құрылғылар, өзара қайшы келетін, басты параметрлерінің (информациялық сыйымдылығы мен тезәректтілігінің) шамасына қарай, келесі түрлерге бөлінеді:
регистрлі жады, олар процессордың немесе сол сияқты үлкен құрылымдардың құрамында (яғни, олардың ішкі блогы ретінде) орналастырылады; сондықтан процессор сыртында жүзеге асырылған, баяу істейтін жады құрылымдарына байланыс саны кемиді де, жалпы құрылымның жұмыс жылдамдығының көтерілуіне жағдай жасалады;
кэш-жады, онда кезекті алмасу операцияларында пайдаланылатын информацияның көшірмесі сақталады, сондықтан олардың қайта қажет болуында шығарылуы тезірек орындалады;
негізгі жады (жұмыс жадысы, тұрақты жады), ол процессормен тікелей алмасу режимінде істейді және оның тезәрекеттілігі процессормен мүмкіндігінше, келістірілген;
сыртқы жады, олар информациялық сиымдылығы жағынан, ең көлемді құрылымдар, бірақ, олардың тезәрекеттілігі (қозғалмалы құрылғылар негізінде құрылатындықтан) басқа жады түрлерімен салыстырғанда өте төмен болады.
Жадылық құрылғылар, деректерге шығу тәсіліне қарай келесі түрлеріне бөлінеді:
сілтеу арқылы шығарылымды ЖҚ;
тізбекті шығарылымды ЖҚ;
танымалды шығарылымды ЖҚ.
Сілтеу арқылы шығарылымды ЖҚ-лар RAM (Random Access Memory) және ROM (Read Only Memory) түрлеріне бөлінеді. RAM түрлі ЖҚ-ларда кезекті бағдарламаның орындалуы кезіндегі алмасуға қатысты, кез келген уақытта өзгеретін деректер сақталады. Олардың жадылық элементтері қорек көзіне тәуелді.
RAM түрлі ЖҚ-лар статикалық (SRAM) және динамикалық (DRAM) түрлерге бөлінеді. Оның біріншісінде жады элементтері ретінде триггерлер пайдаланылады, сондықтан олардың тезәрекеттілігі жоғары болады; ал екіншісінде деректер МТШ-құрылымның элементтері арқылы құрылған конденсаторлардың зарядтары түрінде сақталады. Кондесаторлардың өздігінен зарядсыздануы деректерді жояды, сондықтан олардың қайта-қайта (әрбір миллисекунд сайын) қалпына келтіріліп отырылуы керек. Бірақ, динамикалық жады элементтерінің орналастырылу тығыздығы статикалық құрылыммен салыстырғанда бірнеше есе асып түседі.
ROM түрлі ЖҚ-лардың кейбір түріндегі информация ешқашан өзгертілмейді, ал кейбір түрінде өзгертіледі, бірақ ол құрылғының жұмыс режимінде емес, арнайы режимде жүзеге асырылады.
ROM түрлі ЖҚ-лар бағдарлану тәсіліне байланысты бірнеше түрде шығарылады:
ROM(M) түріндегі құрылымдар жинам технологиясымен өндірісте шығарылу кезінде арнайы маскалар арқылы бағдарланады да, одан кейін ондағы информация ешқашан өзгертілмейді;
PROM (Programmable ROM) түріндегі құрылымдарды пайдаланушының өзі бағдарлайды (яғни, оған қажетті информацияны енгізеді), одан кейін бұл құрылым ROM(M) сияқты тұрақты жады ретінде пайдаланылады;
EPROM (Electrically Programmable ROM) және EEPROM (Electrically Erasable Programmable ROM) түріндегі құрылымдардағы информацияны өшіріп, одан кейін оларды қайтадан бағдарлауға болады. EPROM құрылымдарындағы информация ультракүлгін сәулесімен, ал EEPROM құрылымдарындағы информация электр сигналдарымен өшіріледі. Оларды бағдарлау зертханалық жағдайда арнайы бағдарлаушы құрылғылар арқылы жүзеге асырылады.
Тізбекті шығарылымды ЖҚ-ларға жазылған деректер кезек құрады. Кезектегі сөздердің оқылуы олардың жазылым тәртібімен немесе керісінше тәртіппен жүзеге асырылады. Сөздердің тура шығарылым тәртібі FIFO (First In – First Out) буферлері мен файлды және циклді ЖҚ-ларда қолданылады. Сөздердің кері тәртіппен оқылуы LIFO (Last In – First Out) буферлері ретінде істейтін стек түріндегі ЖҚ-ларда қолданылады.
Танымалды шығарылымды ЖҚ-лардағы информацияны іздеу оның жадыдағы орналасымы арқылы емес, cөз құрамына енгізілген арнайы танымал белгісі (tag) арқылы жүзеге асырылады.
Ұнады ма? Онда достарыңмен бөліс!
|