Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Физика,механика | [ Добавить материал ] |
17.06.2015, 22:16 | |
Шифратор деп сандарды ондық санау жүйесінен екілік санау жүйесіне түрлендіретін комбинациялық құрылығыны айтамыз. Шифратор кірісіне тізбекті түрде ондық сандар мәндері меншіктеледі. Шифратор кірістерінің біріне активті логикалық сигнал берген кезде, оның шығысында белсенділенген кіріске (яғни ондық санға) сәйкес екілік кода қалыптасады. 2n кірісі және n шығысы бар шифратор толық шифратор деп аталады. Егер кіріс саны 2n-ден кем болса, ол толық емес шифратор деп аталады.
Сурет - 4.1. Шифратордың шартты-графикалық белгіленуі (а) және оның логикалық схемасы (ә). Кез келген пернені басқана шифратордың сәйкес кірісіне логикалық бірлік сигналы беріледі, ол шығыста екілік-ондық коданы береді. Және бұл жағдайда логикалық бірлік сигналы (6.1-кестеге қараңыз) әрбір уақыт бөлігінде белсенді болатын тек бір кіріске ғана беріледі. Мұндай бір белсенді кірісі бар шифратор екілік шифраторлар деп аталады. Екілік шифраторлардан басқа практикада приоритетті шифраторлар қолданылады. Приоритетті шифраторларда белсенді сигналдар (логикалық «1» немесе логикалық «0») бір уақытта бірнеше кіріске беріледі. Мұндай жағдайда олардың шығысында ең көп белсенді болған кірістің номеріне сәйкес екілік кода беріледі. Тек бір ғана кіріс белсенді болған жағдайда, приоритетті шифратор екілік шифратор сияқты жұмыс істейді. Приоритетті шифраторлар күрделі жұмыстарға арналған, мысалы, сұраныс көздерінен бірінші болып қызмет көрсету (қандай да бір ресурсты қолдануға) құқығын таңдау. | |
Просмотров: 5680 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |