Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 29.5.2023
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Физика,механика [ Добавить материал ]

Шеңбер бойымен бiр қалыпты қозғалыс


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

[ Скачать с сервера (43.6 Kb) ] 10.09.2013, 21:53

Шеңбер бойымен бiр қалыпты қозғалыс

Дененiң шеңбер бойымен қозғалысын бұрыштық жылдамдықпен сипаттайды. Шеңбердiң центрiнен материялық нүктеге жүргiзiлген радиус осы уақыт iшiнде   бұрыш сызады, оны бұрыштық ығысу немесе  бұрыштық орын ауыстыру деп атайды.

Бұрыштық жылдамдық бұрыштық орын  ауыстырудың осы орын ауыстыруға кеткен уақытқа қатынасына тең. Өлшем бірлігі .

.        

Бұрыштық жылдамдықтың бағыты бұрыштық орын ауыстырудың бағытымен сәйкес келедi.

 

1-6-1

Дененiң шеңбер бойымен бiр қалыпты қозғалысын сипаттау үшiн айналу жиiлiгi және периоды енгiзiлген.

Дененiң шеңбер бойымен толық айналымға кеткен уақытын айналу периоды деп айтады. Өлшем бірлігі .

,

 мұндағы:  уақыт ішінде жасалынатын N- айналым саны.     

            Айналу жиiлiгi деп дененiң айналу центрiнiң маңында бiр секунд iшiнде жасайтын айналым санын айтады. Өлшем бірлігі .

.

Сөйтiп, период пен жиiлiктiң бiр-бiрiне керi шама екенiн байқаймыз.

   периодқа тең уақытта бұрыштық орын ауыстыру -ге тең болады. Сондықтан бұрыштық жылдамдық   немесе   ескерсек,  .       

  Шеңбер бойымен бiрқалыпты  қозғалған дененiң сызықтық жылдамдығы модулi жағынан тұрақты, ал бағыты бойынша үздiксiз өзгерiп отырады және траекторияның кез-келген нүктесiне жүргiзiлген жанаманың бойымен бағытталады. Бiрқалыпты қозғалыс кезiнде сызықтық жылдамдықтың модулi тұрақты болғандықтан, оның шамасын мына формуламен анықтауға болады:

.

Бiр айналым iшiнде (t=T) дене шеңбердiң доғасының  ұзындығына тең ара қашықтықты жүрiп өтедi:

.

Сондықтан     немесе      екенiн ескерсек, .

Сызықтық және бұрыштық жылдамдықтар арасындағы байланыс: 

Сонымен, , яғни шеңбер бойымен бiрқалыпты  қозғалыс кезiндегi сызықтық жылдамдық бұрыштық жылдамдықпен радиустың көбейтiндiсiне тең болады.                 

 





Категория: Физика,механика | Добавил: Admin
Просмотров: 13664 | Загрузок: 800 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]