Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 1.10.2023
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Физика,механика [ Добавить материал ]

Қосындылағыш(Сумматор) реферат


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

17.06.2015, 22:06

Қосындылағыш – үш екілік сандарды (қосылғыштар және алдыңғы разрядтан келген тасымал) қосуға және шығыста тасымал қалыптастыруға арналған ЭЕМ-ң функционалдық түйіні.  
Жіктелінуі: 
1.    Кірістер саны бойынша:
    жартылай қосындылағыштар;
    бірразрядты;
    көпразрядты:  - параллельді;
       - тізбекті.
2.    Разряд аралық тасымалды ұйымдастыру әдісі бойынша:
    тасымалдары тізбектеліп тасымалданатын қосындылағыштар;
    тасымалдары параллельді түрде тасымалданатын қосындылағыштар;
    тасымалдары тікелей тасымалданатын қосындылағыштар;
    тасымалдары топтап тасымалданатын қосындылағыштар.
3.    Логикалық құрылымы бойынша:
    комбинациялық;
    жинақтағыш.
4.    Тактілеу әдісі бойынша:
    асинхронды;
    синхронды.


5.    Санау жүйесі бойынша:
    екілік;
    ондық;
    кез келген басқа санау жүйелері.
Бір разрядты асинхронды комбинациялық екілік қосындылағыш.

 

    Сурет-7.1. Бір разрядты асинхронды комбинациялық екілік қосындылағыш.    
pi-1    xi    yi    Si    pi
0    0    0    0    0
0    0    1    1    0
0    1    0    1    0
0    1    1    0    1
1    0    0    1    0
1    0    1    0    1
1    1    0    0    1
1    1    1    1    1


 
      
мұнда                       (7.1)

Комбинациялық схемалардың артықшылығы олардың шығыс жылдамдығында. 
Кемшілігі қосынды және тасымал сигналдарының тек кіріс сигналдары бар кезде ғана болуы. 
Көпразряддты тізбектелген қосындылағыш, қосындылағыш және триггер негізінде жасалынады.
                         


Сурет-7.2. Көпразряддты тізбектелген қосындылағыш
Ақпарат С синхросигналы бар кезде х, у кірістері арқылы кіші разрядтан бастап беріледі. Келесі разрядқа тасымал рi қалыптасады, ол D триггерінде сақталынады және бірразрядты қосындылағыш кірісіне келесі синхросигналмен бірге келіп түседі. Si қосындысын шығару кіші разрядтан бастап орындалады. 
Артықшылығы: аппараттық шығындардың аз болуы;
Кемшілігі: жылдамдықтың төмендігі.
Екілік-ондық сандар қосындылағышы.

 

    Сурет-7.3. Екілік-ондық сандар қосындылағыш.    Екілік-ондық қосындылағыштар екілік сандармен жұмыста қолданылады. Мұндай қосындылағыштарды екілік қосындылағыштар сияқты жасауға болады. Бірақ, егер екілік қосындылағыш кезінде екімәнді үш айнымалы  үшін 2 функцияны іске асыру керек болса, екілік-ондық қосындылағыш жағдайында екімәнді тоғыз айнымалы  үшін 5 функцияны іске асыру керек. Бұл жағдайда 29=512 жиындардың тек 200 ғана анықталған болады. Сондықтан бұл жиындарды белгілі формальды әдістер көмегімен минимизациялауға болатын еді. 
Сонымен қатар, функциялар мәндерінің көптеген саны анықталмай қалатындықтан, оларды оптимальды түрде соңына дейін анықтап алу мәселесі қиындайды. Сондықтан 8421 салмақты екілік-ондық кодаларды қолданғанда екілік сандарды қосындылау  екі сатыдан тұрады.





Категория: Физика,механика | Добавил: Admin
Просмотров: 2085 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]