ОК қасиеттері. Операциялық күшейткіштің қасиеттері мен параметрлері кері байланыстағы тізбектің параметрлерімен анықталады. Күшейту коэффиценті, жоғары кіріс және төмен шығыс кедергілерімен сипатталады
• Бір шығыс
• Екі кіріс
• Күшейту белгісі
• Егер кіріс кернеуі фаза бойынша 180° жылжытылған болса, онда кіріс инвертті деп аталады және сұлбада «-» белгіленеді
• Кіріс кернеуі фаза бойынша шығыстағы кернеу фазасымен сәйкес келсе, кіріс инвертті емес деп аталады
NC – теңдестіру шығысы; FC – жиілікті түзету шығысы; ЕП – кернеумен қоректендіру шығыстары; 0V – жалпы шығыс
Операциялық күшейткіштің сыртқы тізбектерге қосылуы
ОК кірістегі каскады дифференциалды күшейткіш түрінде орындалады, сондықтан оның екі кірісі бар. Төменгі жиілік облысында Uшығ кернеуі, кірістегі кернеулер айырмасының фазасында орналасады.
UДИФ= UНЕИНВ – UИНВ.
ОК дифференциалды кіріс кернеуін күшейту үшін және синфазды кіріс сигналын басу үшін, яғни екі кірістегі сигналдардың бірдей өзгеруі үшін тағайындалған
ОК оң, теріс кіріс сигналдарымен жұмысын қамтамасыздандыру үшін екіөрісті қоректендіру кернеуін қолданады. Әдетте стандартты интегралды орындалған ОК ±3…±18В қоректендіру кернеуімен жұмыс істейді.
Ұнады ма? Онда достарыңмен бөліс!
|